"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САҒЫНБАСҚА НЕ ШАРА…

24.05.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бұл апта алаштың отаны Семейде ерекше жаңалығымен басталды. Қарт Семейдің талантты қос перзентінің құрметіне шаһар орталығындағы қос бірдей көшенің атауы өзгерді. Бұрын Крупская және Строительная аталып келген көшелер енді жерлестеріміз, әйгілі қазақ қаламгері, махаббат жаршысы атанған ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықов пен танымал әнші, сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың есімдерімен аталатын болды.

21 мамыр — мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орайластырылып, жаңа атау берілген көшелер бойында салтанатты шаралар ұйымдастырылды. Оған қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты. Сондай-ақ мәдениет саласының қызметкерлері, жастар мен оқушылар, атқарушы билік өкілдері, ардагерлер мен қаланың зиялы қауым өкілдері де көп жиналды.

Жаңа атауға байланысты жиын алдымен бұрынғы Крупская, енді Әзілхан Нұршайықовтың есімін алған көшенің бойында өтті. Ұлт ұлағатының ұлы көшінің тізбегінде Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романының алар орны ерекше екені белгілі. Заманында бестселлерге айналған шығарма жастардың бірнеше буынын адамгершілік, махаббат, отаншылдық рухта тәрбиелеуге ерекше үлес қосқанымен де құнды .

Ерекше шара барысында Әзілхан Нұршайықовтың есімі жазылған ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылды. Лента қию құрметі жерлестеріміз, танымал жазушы, ғалым Медеу Сәрсеке мен еңбек ардагері Нәсен Сембаевқа және осы шараның мейманы, Жарма ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Есполовқа берілді.

Салтанатты шараға жиналған көпшілік алдында қала әкімі Ермак Сәлімов сөз алып, құттықтау лебіз білдірді.

— Бүгін қаламызда халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың көшесі пайда болды. Әз аға өзінің туындыларымен бірнеше буынды тәрбиеледі. Ең танымал шығармаларының бірі «Махаббат, қызық мол жылдар» романында халқымыздың асыл қасиеттерін насихаттап, жастарға жарасымды өмір үлгісін ұсынды. Бүгінгі шара батыр бабамызды ұлықтаудың жарқын көрінісі екендігі анық. Осы игі бастаманы қолдап, көше атауын беруге мұрындық болған барша жанашыр жерлестерге зор ризашылығымды білдіремін,- деді өз сөзінде шаһар басшысы.

Жиын барысында даңқты жазушының жерлестері атынан Жарма ауданы әкімінің орынбасары Айдар Ибраев та сөз алды.

— Әзілхан Нұршайықов біздің төл мәдениетіміз бен әдебиетімізге, жалпы қоғамға қомақты үлес қосты. Бұл дәлелдеуді қажет етпейді. Нұршайықовтың есімімен аталатын көше біздің ауданымыздың орталығы Қалбатау ауылында да, туған ауылы Бірлікте де бар. Биылғы жылы ономастикалық комиссияның шешімімен атақты жерлесіміздің есімін ауданымыздағы ең үлгілі мектептердің біріне беру ұсынылып отыр. Бұл туралы облысқа ұсыныс жасалынды,- деді өз сөзінде Айдар Ибраев.
Көшенің ашылу салтанатында Ә.Нұршайықовтың романынан үзінді сахналанып, көркемөнерпаздар ұжымдары соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

Айтып өткеніміздей, осы күні әнші, композитор, актер Тұрсынғазы Рахимов көшесінің де салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жерлесіміздің есімі бұрынғы Строительная көшесіне берілді.

Тұрсынғазы Рахимов «Қазағым – ай» деп ұлтын сүйіп, қазақ өнерінің жанашыры болған.

Аягөз деген аядай бұлақ деседі,

Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді?-

деп жырлаған Мұқағали өлеңдерін әнге айналдырған, туған жерін жанымен сүйген талантты тұлға болатын. Тұрсынғазы ағамыздың «Сәби болғым келеді» әнінсіз қазақтың тойы өтпейтін.

Іс-шараға жиналған зиялы қауым өкілдері танымал өнер иесінің жастарды тәрбиелеу ісіне, мәдени мұра — халық әндерін сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге және ұлттық мәдениетімізді дамытуға баға жетпес үлес қосқаны жайлы айтты.

Тұрсынғазы Рахимов 1951 жылы Аягөз қаласында дүниеге келген.  Еңбек жолын Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияда вокалист ретінде бастап, кейіннен Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияда қызмет етті.  «Сәби болғым келеді», «Нені аңсаймын» атты әндер жинағы жарық көрген. Ұзақ жылдар бойы Семей өңірінің мәдениет саласының дамуына зор еңбек сіңірді.

Сонымен, бұл апта Семей халқының қос талантты перзентінің рухына құрмет көрсеткен апта болды. Игілікті іске қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған зиялылардың қосқан үлесін ерекше айтып кеткен орынды деп ойлаймыз. Топырағында талай талантты дүниеге әкелген қарт Семей бұл күні толқып тұрды. Табиғат-ана да нөсерлетпей, борандатпай, жай ғана себелеп, «Сағынбасқа не шара» деп күрсінгендей болды. Иә, сағынбасқа не шара…

Осыған дейін мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары қала көшелерінің атауларын ауыстыруға байланысты қала бюджетінен қаражат бөлінетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда бұрынғы Крупская көшесінің бойында 137 нысан тіркелген. Олардың маңдайшаларындағы жазуларды ауыстыру үшін 375 мың теңге қарастырылып отыр. Ал Строительная көшесінің бойында 38 нысан бар екен. Олардың атауларын жаңалап жазуға 106 мың теңге қажет екен. Мекенжай атауларын құжаттама бойынша ауыстыру Халыққа қызмет көрсету орталығында автоматты түрде жүзеге асырылатын болады. Сондықтан екі көшенің де тұрғындары ешқандай әуре-сарсаңға түспейтінін айта кету керек.

Семей қаласы бойынша атаулары ауысқан те косы екі көше ғана емес. Өткен жылы республикалық ономастикалық комиссия отырысында 7 ұсыныс бойынша — Комсомол көшесін Жібек жолы, Кутузов көшесін Ардагерлер, Колхозная көшесін Берел, Социалистическая көшесін Самал, Декабристер көшесін Нұрсая, Строительная көшесін Тұрсынғазы Рахимов және Крупская көшесін Әзілхан Нұршайықов есімімен атау туралы шешім қабылданған болатын. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарының сөзіне сүйенсек, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ауыстыру бойынша Семей қаласы республикамызда көш бастап тұр.

Айта кету керек, Ермак Бидахметұлы Сәлімов қала әкімі қызметіне келгелі бері Семейдегі көшелер мен нысандар атауына байланысты сең қозғалып, біршама жұмыстар жүргізілді. Шаһарда біртіндеп ұлттық реңк, қазақы рух қалыптасып келеді. Атауы жаңарған көшелер соның бір айғағы болса керек…

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі белгілі суретші Қоңыртай Мұхамедиевпен кездесті

14.05.2026
Облыс әкімі белгілі суретші Қоңыртай Мұхамедиевпен кездесті

Аймақ басшысы Берік Уәли Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, «Қазақ өнері» 5 томдық...

Толығырақ...Details

Семейде «Daryn Robotics Cup – 2026» республикалық турнирі бастау алды

14.05.2026
Семейде «Daryn Robotics Cup – 2026» республикалық турнирі бастау алды

Семей қаласында «Daryn Robotics Cup – 2026» республикалық турнирі бастау алды. Ауқымды білім додасы №50 ІТ-мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Шара Абай облысының...

Толығырақ...Details

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

14.05.2026
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Мәртебелі мейманды елорда әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия Президентінің бортына...

Толығырақ...Details

Көлеңкелі экономикамен күрес – заң үстемдігінің кепілі

14.05.2026
Көлеңкелі экономикамен күрес – заң үстемдігінің кепілі

Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы Абай облысы бойынша Экономикалық...

Толығырақ...Details

 Студент жетістігіне жол ашатын интеллектуалды көмекші

14.05.2026
 Студент жетістігіне жол ашатын интеллектуалды көмекші

Қазіргі таңда әлемдік білім беру кеңістігі қарқынды цифрлық трансформация кезеңін бастан өткеруде. Әсіресе, жасанды интеллект технологиялары жоғары білім беру жүйесіне...

Толығырақ...Details

«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

12.05.2026
«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Семей қаласындағы Водный кентінде «Таза қала – таза орта» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Тазалық шарасына...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Облыс әкімі белгілі суретші Қоңыртай Мұхамедиевпен кездесті

21 час бұрын

Семейде «Daryn Robotics Cup – 2026» республикалық турнирі бастау алды

21 час бұрын

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

21 час бұрын

Көлеңкелі экономикамен күрес – заң үстемдігінің кепілі

21 час бұрын

 Студент жетістігіне жол ашатын интеллектуалды көмекші

22 часа бұрын

«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

3 дня бұрын

Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

3 дня бұрын

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

3 дня бұрын

Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

3 дня бұрын

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС