"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛАКӨЛДЕ ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ АШЫЛАДЫ

28.05.2019
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алакөлге іссапары барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов көл жағалауында атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, аудан басшылығына тапсырмалар берді.

Алакөлге келетін туристер енді, тынығумен бірге, ел тарихымен танысатын болады. Осы мақсатта өткен жылы Қабанбай ауылындағы мәдениет үйі қайта жаңғыртылып, оның ішінен музей ашылған болатын. 6 экспозициялық залдан тұратын мұражайда Шіліктіден табылған «Алтын адам» мен «Үржар ханшайымының» көшірмелері және басқа да жәдігерлер топтастырылған. Мұнда оқырман қауым үшін кітапхана да бар. Мұражаймен, кітапханамен танысу барысында Даниал Ахметов:

— Кешегі ата-бабаларымыз тұтынған тұрмыстық бұйымдар, керамикалық ыдыс-аяқтар, әшекейлер, жалпы, көне дәуірдегі көптеген құнды заттарды біз ерекше бағалауымыз керек. Мәселен, ағаштан жасалған кеселер мен басқа да ыдыс-аяқтар қазіргі күні экологиялық тұрғыдан ең таза, зиянсыз болып табылады,-дей келе, кітапхананы кеңейтуді және «Виртуалды шындық» залын, келушілер мен тұрғындар үшін компьютер кабинетін ашуды тапсырды.

Балалар үшін жағдай жасау қай уақытта болсын маңызды. Алакөл жағалауында орналасқан Ішкі істер министрлігінің иелігіндегі бос тұрған шипажай ғимаратын жөндеуден өткізіп, бүлдіршіндерге арналған емдеу-сауықтыру орталығын ашу бағытындағы тапсырмаларды облыстық білім басқармасы басшысы Сайрангүл Жұмәділоваға жүктеген Даниал Ахметов:

— Ағымдағы жылы ғимаратты жөндеуді бастауымыз керек. Жері кең. Жанынан тағы бір нысан тұрғызамыз. Балалар — біздің болашамыз. Балаларға арналған тамаша орындар қажет. Мұнда көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балалары демалып, емдік процедуралар қабылдайтын болады,- деді.

Айта кетсек, бұл нысанды қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамалары бір ай ішінде дайын болуы қажет.

Алакөлдің  жағасынан салынатын лагерь бір ауысымда 220 баланы қабылдай алады екен. Қазіргі таңда аталмыш бағытта біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыстық білім беру басқармасының басшысы  Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, сауықтыру лагерінде ерекше күтімге зәру балалар денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, бос уақыттарын ойын-сауықпен, түрлі спорттық шаралармен әрі танымдық бағдарламалармен тиімді өткізуге мүмкіндік алатын болады.

Жұмыс сапары барысында Даниал Кенжетайұлы бірқатар демалыс үйлері жағалауға тым жақын салынғанын айтып, сынға алды. Арнайы комиссия құрып, бұл мәселені тез арада шешуді тапсырды. Келесі кезекте Даниал Кенжетайұлы көлдің сол жақ жағалауында орналасқан саябаққа ат басын бұрды. Жасыл желекке оранған демалыс орнында субұрқақ, «Street Workout»пен шағын футбол алаңдары бар. Аймақ басшысы аудан әкімі Серік Зайнулдинге саябақты одан әрі көгалдандыруды және кеңейтуді тапсырды. Саябақ көркейтіліп, екі жағынан да жиырма метрге дейін кеңейтіліп, абаттандырылатын болады.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты негізінде әзірленді.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 часа бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

3 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС