"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-ДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

04.06.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аймақ басшысы Даниал Ахметов өткізген облыстық әкімдіктегі кеңес барысында қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесін енгізу туралы тарулы мәселелер талқыланды.

Аталмыш жобаның болжамды сомасы миллиард теңгеден асады. Шығынның 70 пайызы жеке инвесторлар есебінен төленсе, қалған 30 пайызы облыстық бюджеттен өтелінбек. Билеттендірудің жаңа жүйесі бойынша бірінші кезекте Өскемен қаласындағы 28 трамвайды қамтамасыз ету қарастырылуда. Одан кейін 558 автобус пен микроавтобус қарастырылмақ. Бұл қоғамдық көліктердің барлығы да диспетчерлер үшін GPS навигаторлармен қамтылмақ.

Мамандардың айтуынша, жол ақысын төлеу арнайы картаны пайдалану бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде 200 мың дана карта шығарылмақ. Ал содан кейін аталмыш карталар қажетіне қарай тағы да алынатын болады. Мұндай магнитті карталар арнайы орындарда толтырылады, сонымен қатар жеке құрылғылар арқылы да төлемақыны толтыру мүмкіндігі бар болғандықтан мейлінше ыңғайлы.

Осы мақсатта ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы байқау жарияламақ. Ал оның қорытындысын құрамында жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар арнайы комиссия анықтайтын болады.

— 31 мамырда байқау жариялаймыз. 15 күн бойы оған қатысатындар анықталады,- дейді «ШҚО аймақтық мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік орталығы» АҚ-ның төрағасы Шәкәрім Бұқтығұтов. – Даярлық жұмыстары барысында Қазақстан, Ресей, Беларусьтің бес компаниясы байқау құжаттамаларымен танысып, өз ұсыныстарын енгізді.

Ш.Бұқтығұтовтың сөзіне сүйенсек, жаңашылдықтың енгізілуіне байланысты қоғамдық көліктердегі тариф құны жоғарыламайды. Сонымен қатар ол кондукторлардың да жұмыссыз қалмайтынын, олардың бақылаушы-контролер қызметіне ауысатынын жеткізді.

— Билеттендіру ісін сандық жүйеге ауыстыру – жетістік кілті,- деп түсіндірді Даниал Ахметов. — Алматы тәжірибесі бұл мәселеде жолаушы тасымалдаушылардың табысы төрт есеге дейін артатынын толығымен дәлелдеді. Бізді де осындай жетістік күтіп тұр.

Облыс әкімі жаңа жобаны алдымен Өскемен қаласында, содан кейін Семей қаласында енгізуді тапсырды.

ШҚО әкімінің баспасөз  қызметі ақпараты негізінде әзірленді.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

23 часа бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС