"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

8 КӨШЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

06.06.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

8 КӨШЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Сәрсенбі, 5 маусым күні Ақпараттық орталықта Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Серікқали Жұманов пен сектор меңгерушісі Назым Жанболатованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында жол жөндеу, қоғамдық көлік мәселелері қарастырылды.

Бөлім басшысы мәлімдегендей, биылғы жылы орташа жол жөндеу жұмыстарымен 8 көше қамтылады. Ағымдағы және орташа жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен 894 млн. теңге, жолдарды тегістеуге 80 млн. теңге, күтіп ұстауға, абаттандыруға, тазалауға 980 млн. теңге қаржы бөлінген. Жолдарды күтіп ұстаумен мердігер мекеме «Семей» көгалдандыру мен абаттандыру мемлекеттік мекемесі айналысады.

— Бүгінгі күні «Семей» көгалдандыру мен абаттандыру мекемесінде 125 адам жұмыс істеуде. Мекеме өткен жылы жаңа техникаларға қол жеткізді. Сондықтан аббаттандыру, көгалдандыру, тазалау жұмыстарымен айналысуға мүмкіндігі жеткілікті деп айтуға негіз бар. Айта кету керек, саябақ аумақтары мекеме қарауына кірмейді. Оған ТҮКШ бөлімі жауапты,- дейді С.Жұманов.

Бөлім басшысының айтуынша, Семейде жол жөндеу жұмыстары басталған. Қазір Бозтаев, Қаржаубайұлы көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

— Қаржаубайұлы көшесін жөндеуден өткізу бұрыннан жоспарланып келгенімен, сәті биыл түсті. Осы аптаның соңында екі көшенің де жөндеу жұмыстары тамамдалады,- дейді бөлім басшысы.

Айта кетейік, орташа жол жөндеу жұмыстарымен сол жағалаудағы айналмалы жолайрықтан Селевин көшесіне дейінгі аралықтағы Бозтаев, айналмалы жолдан Рысқұлова көшесіне дейінгі аралықтағы Глинка көшелері, ал оң жағалауда айналмалы жол, Мичурин көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне дейінгі аралықтағы Параллельная көшесі, Қабылбаев көшесінен Трусов көшесіне дейінгі Дәстенов және Засядко мен Чехов көшелері аралығындағы Найманбаев көшелері қамтылмақ. Сонымен қатар Қ.Мұхамедханов көшесінен Морозов көшесіне дейінгі аралықтағы Найманбаев, Жангелдин көшесінен Мичурин көшесіне дейінгі аралықтағы Қаржаубайұлы көшелерінің жөндеу жұмыстары аяқталады. Глинка көшесі мен Параллельная көшесін жөндеуден өткізетін мердігер мекемеге конкурс жарияланған.

— Орталық көшелердің бірі саналатын Глинка көшесіне осыған дейін ағымдағы жөндеу жұмыстары ғана жүргізіліп келсе, биыл орташа жөндеуден өтеді. Сондай-ақ бұл көшеге

нөсер-дренаж жүйесін орнатамыз. Өздеріңізге белгілі, Спартак пен Глинка, Докучаев пен Глинка көшелері қиылысында нөсер-дренаж жүйесі бар. Ал халық көп жүретін «Рассвет», «Березка» дүкендерінің алды жаңбыр жауғанда суға толып, тұрғындарға қиындық туғызып келеді. Сондықтан алдымен Глинка көшесіне дренаж жүйесі орнатылып, содан кейін жол жөнделеді,- дейді С.Самарқанұлы.

Дәстенов көшесіндегі №8 мектеп маңында бірнеше жылдан бері жол жоқ. Биыл аталған көшеге қаржы бөлу қалалық мәслихатта шешімін тапқан.

— №8 мектеп маңында соңғы 20 жыл көлемінде жол салынбады. Оқушылар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биыл қаржы бөлінді. Халық көп шағымданып келген «Жансая» базары аумағындағы Найманбаев көшесіне жөндеу жүргізу мәселесі де осы жылы шешімін тапты. Сонымен қатар Қаржаубайұлы көшесінен АвтоХҚКО-ға дейінгі аралыққа кірме жол салынды. Биыл тротуарларды қалыпқа келтіруге 40 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Жеңіс саябағы алдындағы тротуар да жөндеуден өтеді,- деді Серікқали Жұманов.

Жиын барысында 1—ықшам аудандағы демалыс аймағын қалыпқа келтіру туралы да айтылды. Серікқали Самарқанұлы аталған аймаққа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қажеттігін жеткізді.

— ТҮКШ бөлімімен бірге демалыс аймағын қалыпқа келтіруге қаржы бөлуді қарастырып жатырмыз. Алаңға кішігірім архитектуралық жоба қажет. Бұрындары онда концерттік бағдарламалар өтетін жазғы алаң болатын. Соның бәрі жобада көрсетілуі керек. Көпшілікті жұмылдырып, 1 тамызға дейін қаржы қарастыру мәселесін шешеміз,- деді С.Жұманов.

Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Назым Жанболатова жыл соңына дейін қаладағы қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізілетінін және әуежайға, №33 автобуспен қоса, №10 бағыттағы автобустың да қатынайтынын жеткізді.

— Нұр-Сұлтан, Алматы және еліміздің өзге де қалаларында электронды билет жүйесі енгізілген. Бұл жүйе тасымалдаушыларға да, тұрғындарға да және қалалық әкімдікке де тиімді,- деді Н.Жанболатова.

Бөлім басшысы журналистердің қаланы абаттандыру, жол жөндеу, қоғамдық көлік төңірегіндегі өзге де сұрақтарына нақты жауап берді.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

11 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

11 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

11 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

11 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

11 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

11 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

11 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС