"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СИРИЯҒА КЕТПЕК БОЛҒАН “СӘЛӘФИТТІҢ” ЖАН СЫРЫ

06.06.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Діни экстремизм мен терроризм бабы бойынша сотталып, Өскемен қаласындағы түзету колонияларының бірінде жазасын өтеп жатқан бір сотталушымен кездестім. Бала кезіңде қандай оқушы болып едің?- деп сұрасам: «Қиын бала» болғанмын,- деп күледі,- жасөспірім кезімде «көше заңымен» жүрдім. Өйткені ауылдағы «старшактардың» да «өз заңдары» болатын. Соларды арқаланып сыныптастарыма әлімжеттік жасап, ақша бопсалау менің сүйікті «жұмысым» еді.

Осы экстремизм дегеннің жасөспірімдік шақтағы қоғамдағы қалыптасқан жалпы тәртіп пен адамгершілік қағидаларына бағынбаудан бастау алатынын кеш түсіндік. Балалық шағымда бала болып ойнап, ешбір қызық көрмедім десем де болады. Әкем ішімдікке тым үйір болып, үйде анама жиі қол жұмсайтын. Бір түні үйге полицейлер келіп әкемді бөлімшеге алып кетті. Әкемді ең соңғы рет көруім де сол болды. Кейіннен ұзынқұлақтан естіп білуім-ше, әкемді қыз зорлау қылмысына қатыстылығы үшін соттапты. Ал әкемді полицияның алып кеткені менің көз алдымда қалып қойғандықтан, полиция қызметкерлеріне деген жек көрушілік сезімім сол уақыттан бастап пайда болған сыңайлы.

Кейіннен әкем түрмеде өзіне қол жұмсап көз жұмды. Ал мен әкемнің өліміне де полиция қызметкерлерін кінәлайтынмын. Мектепте сабақтан қашуды жиі әдетке айналдырып, жасөспірімдер жөніндегі инспектордың бақылауында болдым. Содан не керек, сегізінші сыныпты аяқтар жылдың көктемінде ауылдағы азық-түлік дүкенін тонап, екі жарым жыл мерзімге жасөспірімдер колониясына сотталып кете бардым. Ал мені сол қылмысқа жұмсаған «старшактарым» тасада қалды. Өйткені оларды сатып кету біздің «көше заңымызға» қайшы, сатқындық болып табылатын. Ал жасөспірімдер колониясындағы «балалар заңы» тіпті қатал еді. Әрбір сөзің мен қимыл-әрекетіңе басыңмен жауап беруің керек болатын. Жазамды өтеп біткен соң ауылыма қайтып оралып, біраз уақытқа анамның жанында болдым. Ауылдағы әкімшілік қызметкерлері мен ағайындардың ұсынған жұмыстарынан бас тарттым. Өйткені мен «мемлекетке және байларға жалданып жұмыс істеуге болмайды, оларды тек тонауға болады» деген түсінікті миыма тоқыған едім.

Ақиқатында, мен осындай қатал және қыңыр-қисық қағидамен өмір сүрдім десе де болады. Бір күні балалар колониясында танысқан Алмаз есімді досым қоңырау шалып, Алматыға жұмысқа шақырды. Базарда ұялы телефондарды жөндеумен айналысып, намаз оқып, дінге бет бұрыпты. Жалпы, «салафиттер» дегенді естігенім болмаса, ондайлармен жақын араласып көрмегенмін. Өйткені мен «о дүние», «тозақ пен жұмақ» деген әңгімелерді ойдан шығарылған ертегі деп қабылдайтынмын. Ал Алмаз болса маған өзінің дін ұстанатын нағыз «сәләфи» екендігін, Алланың заңының барлық заңдардан жоғары тұратынын, Құдай жайлы, «ислам халифаты» жайлы түсіндірді. Алғашында оның сөздерін ішімнен сандырақ деп қабылдасам да, қасында бірге жүріп ақша табу үшін уағыздарына сенгендей кейіп танытып жүре бердім.

Кейіннен расында да дінге қызығушылығым оянып, арасында солармен бірге намазға жығылып, Құран оқып үйрендім. Уақыт өте келе менің Жаратушыға қатысты ұстанымым да біртіндеп өзгеріп, «салафилердің» ортасына жақын тартыла түскенімді байқадым.

Бір қызығы, олар арақ-шарап ішуді харам деп санағанмен, жұмыстан кейін жиналып анаша шегуді құп көретін. Интернет желісі арқылы дінге бет бұрған қыздармен жылдам танысып, Абдулхаким братқа некемізді қидырушы едік. Біздің құрығымызға намазға енді бет бұрған жас қыздар мен ажырасқан келіншектер жиі түсетін. Оларды, қызығы таусылған соң-ақ, әртүрлі сылтаумен талақ айтып, тастап кете беруші едік. Осылайша, 3 жылдың ішінде 7 рет үйленіп үлгеріппін. Бір жолы Әсия есімді Балқаштың қызымен интернет арқылы таныстым. Алматыға келгеніне көп уақыт болмапты, бөлесінің үйінде уақытша тұрып жатқандығын айтты. Екеуіміз кездесіп, некемізді қидырдық. Әсияның өзінің айтуынша, ол осыған дейін бір мұғалім жігітке тұрмысқа шығыпты. Бірақ күйеуі мен қайын жұрты Әсияның хиджаб киіп, жұмыссыз үйде отыруына қарсы болған екен. Ата-енесі үйге имамды шақырып, Әсияның діни түсінігінің қате екендігін айтып, ұстанымын өзгертуге үгіттеген екен. Сондықтан күйеуімен ажырасып, Алматыға қашып кетуге мәжбүр болыпты. Некемізді қиғаннан кейін екі-үш апта өткенде Әсияның әкесі мен екі ағасы бізді тұрып жатқан жерімізден іздеп тауып алып, мені жабылып ұрып-соғып, Әсияны қарсыласқанына қарамастан өздерімен бірге Балқашқа алып кетті. Осыған ұқсас оқиғалар біздің арамыздағы жігіттердің де басынан жиі өтіп жататын. Біздің ұстазымыз Абдулхаким браттың айтуымен, арамызда кейбір жігіттер жезөкшелермен де бір түнге некесін қидырып жататын. Осының барлығын «Алланың рұқсат берген заңы» деп түсіндік.

Абдулхаким брат мешіт имамдарын нағыз адасушылар деп санап, олармен сөз таластырып, жамағатының алдында беделін түсіруге тырысып жүрді. Жалпы, адам баласы қоғамда ешқандай заң ережелерінсіз өмір сүре алмайды. Бала кезімнен бері өзімнің мемлекеттің ешбір заң-қағидаларын мойындамай өскендіктен, ал түрмедегі қылмыс әлемі заңдарының Абдулхаким браттың үйреткен «Алланың заңымен» үйлесетіні маған ұнайтын еді және нағыз ақиқаттың жолындай көрінетін (осы жерде ол бір сәтке үнсіз қалып, ауыр күрсініп алды).

Қалалық мешіт имамы мен Абдулхакимнің арасында болған кезекті бір даудың соңы төбелеске ұласып, кейіннен Абдулхаким бізге мешітке баруға мүлдем тыйым салды. Өйткені мешіттің маңайында полиция қызметкерлері бізді жиі бақылап жүретін. Кездескен жерде құжаттарымызды сұрап мазалайтын. Бізбен әңгімелесіп, «ақидамызды» өзгерту үшін теолог-имамдар жұмыс орнымызға жиі келе бастады. Олардың барлығын «мемлекеттің имамдары» деп санайтындықтан, уағыздарын тыңдаудан қашатынбыз. Учаскелік инспекторлар тұрғын жайымызға жиі келіп тексеріп, ал басқа қалаға сапарға шықсақ, алдын ала ескертуімізді талап ететін. Абдулхаким брат бұл жағдайлардың бәрін мұсылмандарға көрсетіліп жатқан қысым деп түсіндіретін. Сол үшін қатарымызды көбейту арқылы күшейіп, уақыты келгенде хижра жасауға дайын болуымыз керектігін ескертетін еді. Арасында Сирия жерінде құрылғалы жатқан халифатқа көмектесу туралы да жасырын уағыздар тыңдайтынбыз.

Біз осылайша мына зайырлы мемлекетке келтірілген әрбір залалымызды өзімізге сауап деп түсініп, Ислам жолында кез келген тәуекелге баруға, барлығына да дайын болатынбыз. Өйткені әрқайсымыздың қиялымызда «Алланың заңына» ғана бағынған әділетті халифат құру мақсаты тұратын. Біз өз қатарымызға өмірде жолы болмай, оқудан немесе жұмыстан айырылған, балалар үйінде тәрбиеленген, түрмеден жаңа босап шыққан, мемлекетке өкпелі болып жүрген адамдарды тартуға тырысатын едік. Өз мақсатымызға жету үшін бізге өте көп қаражат қажет болатын. Сондықтан да Абдулхакимнің берген пәтуасы бойынша үш жігіт сөз байласып, букмекерлер кеңсесі мен арақ-шарап дүкенін тонап, қомақты қаражатқа қол жеткіздік. Біздің бұл қылмысымыздан тек Абдулхаким ғана хабардар болды. Алайда осы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан бізге бақылау тым күшейіп кетті. Сөйтіп жүргенімізде өз ішімізден Абдулхакимнің көзқарастарымен келіспейтіндер пайда болды. Олар Абдулхакимнің соңынан ергендерді «хауариждер» деп айыптап қарсы шығып, ал, сәйкесінше, біз оларды иманы әлсіз, сатқын-адасушылар деп кіналадық.

Ал бұл уақытта Абдулхаким мен Алмаз жиналған ақшаның қомақты бөлігін алып, Сирияға аттанып кетті. Ал Абдулхакимнің жоспары бойынша олар Сирияға жетіп алған соң ғана, артынан біздің шығуымыз қажет болатын. Абдулхаким Сирия шекарасына өтіп кетіп, ал Алмаз Түркияға келгенде өкпесі қабынып ауырып, ауруханада көз жұмыпты. Алмаз жасөспірімдер колониясында жүрген кезде өкпесіне суық тиіп, көп уақытын ауруханада өткізетін еді. Сол созылмалы ауруы климат ауыстырған кезде бірден сыр берген көрінеді. Абдулхаким мен Алмаз кеткен соң біздің өз арамызда да жиі келіспеушіліктер басталып кетті. Ақыры, өзімді жапан далада жалғыз қалғандай сезіндім. Абдулхаким интернет арқылы байланысқа шығып, бұл жерде барлығы да жақсы екендігін айтып, қалған ақшамен Сирияға келуімді бұйырды. Біздің әрбір қадамымыз мемлекеттің қауіпсіздік қызметі тарапынан үнемі бақылауда болғандықтан, оларға мені ұстау көп қиындық тудырмапты. Күдік тудырмас үшін сақалымды қырып тастап, Стамбулға Ресей арқылы кетуді жоспарлап, жолай кезіккен көлікпен Ресей шекарасына өтпек болғанда тұтқынға түстім.

Міне, содан бері төрт жыл уақытым осы түзету мекемесінде өтіп келеді. Әлі 10 жыл отыруым керек. Мерзімімнен ертерек босата ма деген үмітім жоқ емес.  Түрмеде өзіме ұқсас қаншама тағдырларды кездестірдім, өмір есігін енді ғана ашқан көптеген жастардың тағдырымен таныстым. Осы төрт жыл ішінде тек анам ғана азық-түлігін арқалап бірнеше рет келіп кетті. Жасым 31-ге келгенде ғана өмірде шын жаны ашитын бір ғана адамның бар екенін, ол менің анам екенін кеш те болса түсінгеніме қуанамын.

Менің жан дүниеме терең үңіліп, ой-көзқарастарымның өзгеруіне Мысырдан көп жылдар білім алып келген Мұхтарбек деген теолог ағамыз көмектесті. Ол кісі тек теолог қана емес, адам жанын терең түсінетін нағыз ұстаз екенін мойындадым. Мүмкін, менің алдымнан дәл осындай ұстаз ертерек кездескенде өмірім басқа арнаға бұрылар ма еді, кім білсін. Шынайы исламмен танысқан кезде барып өзімнің осыған дейін сауатсыз және қатал жүректі болғанымды, өзіміздің теріс ниетімізге қарай «Алланың заңы» мен «Адамның заңы» деп бұрмалап, еш мақсатсыз адасушылықпен өмір сүргенімізді түсіндім. Енді аман-есен босап шықсам, ауылға, шешемнің жанына барып, ел-жұрттың ортасында, қалған өмірімде анамның ризашылығын алып өмір сүргім келеді. Алла мені кешірсін….» — деп әңгімесін аяқтады.

Дәл осындай діни адасушылыққа ұшырап, тағдыры темір торға таңылған әрбір сотталушының басынан кешкен оқиғалары жеке әңгімеге арқау болады.  Ол әңгімелерді келесі жолы жалғастыратын боламыз.

Сұхбаттасқан Ақжарқын ТӨЛЕУБЕК. {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Қоғам –  күлкіге үйреніп алды

28.01.2026
Қоғам –  күлкіге үйреніп алды

Көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, сатира сардары Темірбек Қожакеевтің 100 жылдық мерей тойына орай «Қожакеев...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллектінің күнделікті өмір мен заңнамаға әсері: Абай облысында студенттермен ақпараттық кездесу өтті

28.01.2026
Жасанды интеллектінің күнделікті өмір мен заңнамаға әсері: Абай облысында студенттермен ақпараттық кездесу өтті

Абай облысында Шәкәрім атындағы университетте «Digital Law: Заң мен жасанды интеллект диалогы» атты кездесу өтті. Іс-шара барысында облыс әкімдігінің өкілдері,...

Толығырақ...Details

ЮНИСЕФ «Қазақстан балалары» (2026–2030) ұлттық бағдарламасының қабылданғанын құптайды

27.01.2026
ЮНИСЕФ «Қазақстан балалары» (2026–2030) ұлттық бағдарламасының қабылданғанын құптайды

ЮНИСЕФ ел халқының шамамен 34 пайызын құрайтын 6,9 миллион баланың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Қазақстан балалары» (2026–2030) кешенді ұлттық стратегиясының қабылданғанын...

Толығырақ...Details

Абай облысында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды

27.01.2026
Абай облысында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды

Өңірде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік өтті. Дәстүрлі ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған жарысқа Аягөз, Көкпекті, Жарма, Бесқарағай, Абай...

Толығырақ...Details

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды

27.01.2026
Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты. Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен салынған нысан...

Толығырақ...Details

Туризмге жаңа талап: Бектенов ұлттық парктерге кіру тетігін қайта қарауды тапсырды

27.01.2026
Туризмге жаңа талап: Бектенов ұлттық парктерге кіру тетігін қайта қарауды тапсырды

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, туристік инфрақұрылымды орнықты дамыту және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру — Олжас Бектенов...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қоғам –  күлкіге үйреніп алды

11 часов бұрын

Жасанды интеллектінің күнделікті өмір мен заңнамаға әсері: Абай облысында студенттермен ақпараттық кездесу өтті

12 часов бұрын

ЮНИСЕФ «Қазақстан балалары» (2026–2030) ұлттық бағдарламасының қабылданғанын құптайды

24 часа бұрын

Абай облысында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды

1 день бұрын

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды

1 день бұрын

Туризмге жаңа талап: Бектенов ұлттық парктерге кіру тетігін қайта қарауды тапсырды

1 день бұрын

Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады

1 день бұрын

ҚҚС әкімшілендіру: 2026 жылдан бастап негізгі өзгерістер

1 день бұрын

Мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидаты — тиімділік пен әділдіктің негізі

2 дня бұрын

Өмір сүру құқығы мен әділ сот жаңартылған Конституцияның іргетасына айналады – Ластаев

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС