"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫСЫМЫЗДА АЛҒАШ РЕТ САҚ ҚОНЫСЫ ТАБЫЛДЫ

11.06.2019
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

9 маусымда белгілі қазақстандық  археолог  Зейнолла  Самашев  облыс  әкімі  Д.Ахметовті Ұлан ауданы  Бестерек ауылынан  солтүстікке  қарай  3  шақырым  жерде  орналасқан  Ақбауыр тауындағы  археологиялық  ескерткіштерден  табылған кезекті  сенсациялық  жаңалықпен  таныстырды.

Бұл  жерде  жартас  суреттері  мен  петроглифтері  бар  алаптарымен  атақты  Ақбауыр  шатқалының  бірегей  табиғи ландшафтары  аясында  Зейнолла  Самашев  соңғы  қола  дәуіріндегі  және  ерте  темір  дәуіріндегі  қоныс  қалдықтарын  тапты. Соңғы  факт  ерекше  қызығушылық  тудырады, өйткені  Қазақстан  аумағындағы  сақтардың  отырықшы  қоныстары  өте аз зерттелген,  ал  елдің  шығысында  бұл алғаш рет  ашылып  отыр. Бұл  жағдай  ежелгі  сақ  халықтарының  экономикасы  мен қоғамдық құрылымын  жаңаша  зерделеу  тәсілдерін  ашады, өйткені  Дала  кеңістігінің ертедегі көшпенділерінің  тек  көшпенді салт-ғұрпы  жайындағы  пікір  әрдайым  басым  болатын.  Ақбауыр – 1  аталған  елді  мекендегі  дән үккіштердің,  ою-өрнексіз  керамикалардың, қайрақ  тастардың, жылқы, қой,  ешкі  сүйектерінің  көп мөлшерде  табылуы осы ескерткішті қалдырған  адамдар  шаруашылығының  кешенді  сипатын  айқын  дәлелдейді. Жұмыс жетекшісі  профессор Зейнолла  Самашев атқандай,  бұл  ескерткіштің уақыты  шамамен  б.з.д. XI — IX ғғ.

З.С. Самашевтың тұжырымдарымен  Ресей  Ғылым  академиясының  Материалдық  мәдениет  тарихы  мемлекеттік институтының  археология  бөлімінің  аға  ғылыми  қызметкері  (Санкт-Петербург қ.)  Николай  Анатольевич  Боковенко келіседі. Ол Ақбауыр-1  елді  мекенінде  өте  маңызды ғылыми  жаңалық  жасалғанын  атап  өтті.  Шығыс  Қазақстан  аумағында  алғаш  рет  ерте  сақ қонысы  ашылды, бұны  қазба жұмыстары  кезінде  табылған  көптеген  артефактілер  растайды. Әсіресе  ерте  сақтардың  көшпенді  шаруашылығын көрсететін  қайрақты  тастарды  атап  өткен  жөн. Қола  және  ерте  темір  дәуірінің қабаттарын  бөлу  үшін  керамика сипаттамаларын  мұқият  қарау  керек.  Бұл  З.Самашев  ұсынған  кезеңді  тағы  бір  растайды  —  б.з.д. XI-IX ғғ. Сондай-ақ  Шығыс  Қазақстан  аумағында  бірнеше  жыл ғана жұмыс  істеп  келе  жатқан  Н. А.Боковенко экспедицияның  тамаша  ұйымдастырылғанын, әлемдік  археологиядағы  бірегей  жаңалықтар  ашатын  әртүрлі  археологиялық ескерткіштерді  зерттеуге  ғылыми  көзқарастың жоғары   екенін атап өтті.

Барлық  жұмыстар  облыс  әкімі  жетекшілік ететін облыстық  археологиялық  зерттеулер  бағдарламасы  аясында  өтуде.

Табылған  заттар  аймақтың  ерте  дәуір  сақтары  отырықшы  өмір салтын  жүргізгенін,  оларда  егіншілік, мал шаруашылығы,  металлургия, қолөнер  өндірісі қатар  дамығанын  білдіреді. С.Аманжолов атындағы  ШҚМУ студенттері мен  оқытушыларының  белсенді  қатысуымен  мыңнан  астам  керамика  сынықтарының  фрагменттері  мен  басқа да  материалдар  камералдық  жағдайда  өңделеді. Барлық артефактілер  облыстық  этнографиялық  мұражай  қорына беріледі, ал университет  студенттері  Қазақстанның  ежелгі  тарихының  шешілмеген  көптеген  сұрақтарына  жауап  табатын  осы көрнекті  артефактілерді  алдын ала өңдеуге, зерделеуге  үйренетін  болады.

Ғалымдардың пікірінше, өте  перспективалы  болғандықтан,  ескерткішті  қазу  жұмыстары келесі жылы жалғасады. Ғылым  алдында  осы  шағын  аудан  аумағында  орналасқан  ескерткіштердің әртүрлі  түрлерінің  мәні  мен  мағынасын  анықтау, типология,  классификация,  оның  ішінде  оларды  синхрондау  міндеттері  тұр. Өткен  жылдардағыдай,  аймақ  ескерткіштерін зерттеу халықаралық  сипатқа  ие,  оған  Ресей  Федерациясы,  Түркия, Әзірбайжан  археологтері  қатысады.  Ал  мұнда  М.Кариевтің  жетекшілігімен  жұмыстар  атқарып  жатқан  ШҚМУ  студенттері  жақсы  ғылыми  тәжірибе  алатындары  сөзсіз, болашақта  олардың  арасынан  өлке  және  жалпы ел тарихының  зерттеушілері  шығуы  әбден  мүмкін.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

2 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

3 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

1 неделя бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС