"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ӘКІМІ ТАРБАҒАТАЙДА

18.06.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ырғызбай Досқанаұлы атын-дағы әлемдік Гран-при жарысына дайындық қарсаңында Тарбағатай ауданына жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ах-метов келді. Өңір басшысы шығыстағы киелі жерлер картасына енген Ырғызбай кесенесінде болып, баба рухына тағзым етті.

Кесене басындағы кітапхана мен «Атамұра» мұражайын аралап көрген аймақ басшысы кешеннің абаттандырылуына көңілі толатынын айтты. Даниал Кенжетайұлы сонымен қатар әлемдік Гран-при додасының ұйымдастырушыларымен кездесу өткізіп, облыстық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысына қатысты. Облыс әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тағы бір жемісі болып табылатын игі бастама — бүкіл әлем көз тігіп отырған Ақсуатта өтетін дүбірлі жарыстың деңгейін көтеруге байланысты ой-пікірін ортаға салды. Облыстың, ауданның атын әйгілейтін, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге ықпал ететін спорт додасына отыздан астам елдің балуандары келіп қатысатын болса, алдағы уақытта оны дүниежүзілік ойындар, мысалы, Қырғызстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан кем түспейтін дәрежеге жеткізу керектігін айтты. Ол үшін жобаны қаржыландыру мәселесінің шешілетінін де жеткізді. Келесі жылдан бастап облыста түркі елдерінің кинофестивалін өткізу жобасы қарастырылып жатқанын тілге тиек еткен облыс басшысы Ырғызбай Досқанаұлы атындағы халықаралық жарысты да сонымен байланыстырып ұйымдастыруға мүмкіндік бар екенін мәлімдеді.

«Тұғыры биік Тарбағатай» атты мәдени-спорттық фестиваль бағдарламасында қазақ күресінен белдесулер, «Туған жерге туыңды тік» тақырыбымен халықаралық ақындар айтысы, «Ұлы дала қазанаты» атты 140 шақырымдық аламан бәйге, атақты боксшы Қанат Исламның қатысуымен кәсіпқой боксшылар сайысы өтетіні осы кездесуде сөз болды. Журналистер сауалына жауап бере келе облыс басшысы кесенеге апаратын жолдың жөнделетінін де жеткізді.

Қоңыр әулие сияқты киелі, мінажат орындарының бірі Ырғызбай кесенесіндегі кездесуге аймақ басшысының орынбасары Шалқар Байбеков, Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Садуақасов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Қасболатұлы Мұқатай қажы, Шығыс Қазақстан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Манарбек Мұхамеджанов, Тар-бағатай ауданы соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұхан Сахариев, қазақ күресінің бүгінгідей дәрежеге жетуіне сүбелі үлес қосып жүрген спорт жанашыры, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті Бәделхан Камалханұлы, «TasGroup» компаниялар тобының басшысы Дулат Тұрсынұлы қатысты.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

23 часа бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС