"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰШАҚТАР КЕНТІНЕ СУ МЕН ЖАРЫҚ ЖЕЛІЛЕРІ ТАРТЫЛАДЫ

18.06.2019
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жексенбі, 16 маусым күні қала әкімі Ермак Сәлімов Ұшақтар кентінің тұрғындарымен кездесіп, аталған ауданды жарықпен және сумен қамту мәселесі биылғы жылы шешілетінін айтты.

Ұшақтар ауданының тұрғындары 10 жылдан астам уақыт бойы жарық пен су тапшылығын көріп келеді. Қала әкімі Ермак Сәлімовтің араласуымен биылғы жылдың қараша айына дейін ауданда 12 жыл болмаған су және жарық желілері тартылмақ.

 

Қазіргі күні Ұшақтар ауданында 762 жер телімі тіркелген. Оның ішінде 300-ден астам уақытша салынған баспаналар мен құрылысы аяқталған үйлер бар. 393 үйдің тіркеу құжаттары реттелуде.

— Ұшақтар ауданында, су, жарық желілерінің жоқтығына қарамастан, осыған дейін әкімдікте жер телімдері сатылған. Шындығында, жер берілмеуі тиіс болатын. Дегенмен бұл мәселені әрі қарай қозғамаймын, — деді Е.Сәлімов.

Қалалық әкімдік мердігер мекемелермен келісімшартқа отырған. Қазір керекті құрал-жабдықтарды сатылып алынуда.

— Ұшақтар кенті тұрғындары үшін басты мәселе – электр энергиясының жоқтығы. Ауданда жаңадан салынған үш қабатты жабдықталған мектеп болғанымен, балаларымыз қараңғыда сабақ оқиды. Ғаламторға, компьютерге де қосыла алмаймыз. Сондықтан жарық бізге ауадай қажет. Мұнда 10 жылдан артық уақыт тұрамын, жарық болған емес. Біраз бұрын тұрғындар өз күшімізбен «Семей Водоканал» МКК арқылы бірнеше үйге су кіргіздік. Орталық су колонкалары Юность ауданына қарай орналасқан, бізден алыста, — дейді Ұшақтар кентінің тұрғыны Селиха Қалиева.

— Қазір біз үшін маңыздысы — ауданға жарық пен су тарту. 13 маусым күні электр энергиясын тартумен айналысатын мекемемен келісімшартқа отырдық. Қазір аталмыш компания Комсомол кентіне электр желілерін тартумен айналысуда. Қараша айында Ұшақтар кентіндегі әр үйде су мен жарық болады. Ал жол жөндеуді кейінге қалдырамыз. Дегенмен сіздер ұсынған орталық көшелердің біріне грейдер жүргізіледі. Семейдің 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес, жолдардың 90 пайызы жаңарады. Бұл бағытта жылына 1,5 млрд. теңге бөлінеді, — деді қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Сонымен қатар тұрғындар Ұшақтар кентіне қатынайтын қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесін сақтамайтынын айтты.

— Қаладағы қоғамдық көліктер таңертең және халық жұмыстан қайтатын уақыттарда ғана жақсы жүреді. Демалыс күндері және түскі үзіліс кезінде автобустарды сағаттап күтеміз. Оның үстіне Ұшақтар кентіне қатынайтын автобустар кейде аялдамаға келмей, айналып өтіп кетеді. Балалар кешке қарай қосымша сабақтардан қайта алмай қалады, — дейді тұрғындар.

Қала әкімі тамыз айында жолаушылар тасымалдайтын мекемелерге конкурс жарияланатынын және қыркүйекте 170 жаңа автобустың жолға шығатынын айтып, сабыр сақтауларын өтінді.

Тұрғындар көтерген өзге де мәселерге қатысты қала әкімі тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

59 минут бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

2 часа бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

3 часа бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

3 часа бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

4 часа бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

4 часа бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС