"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САБАНТОЙ — ЕҢБЕК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ

25.06.2019
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сауықшыл Семей халқы өткен жексенбі күні, жылдағы дәстүрге сай, татар халқының сабантой мейрамын атап өтті. Ертістің оң жағалауы мен Бейбітшілік аралындағы  думанды шараға қалалықтар бұл жолы да көп жиналды.

Көктемнің, көтеріңкі көңіл-күйдің мейрамы саналатын сабантой — татар халқының егін бітік шықсын деген тілекпен тойлайтын айрықша мерекесі. Бүгінде қаламызда 15 мыңның үстінде татар ұлтының өкілдері тұрады десек, оны мерекелеудің мәні айшықтала түседі. Жалпы, аталмыш мейрам соңғы жылдарда түбі бір халықтардың достығын, береке-бірлігін, ұлтаралық келісімді паш ететін ортақ мерекеге айналып келеді. Бұл жолғы думанды шарадан да осыны аңғардық.

Семей төрінде тойланған татар халқының ұлттық мерекесіне облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Достық үйі, Қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков арнайы келіп қатысып, мерекелеуші қауымға құттықтау тілектерін білдірді.

Аталмыш шараға толық құраммен келген қалалық Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктер мүшелері халықтар достығының жарқын үлгісін паш етіп тұрғандай еді. Мерекеде татар қоғамдық орталығы мүшелері де айрықша белсенділік таныта білді.

Жалпы, татар халқының ұлттық мерекесі биыл кең ауқымда, облыстық деңгейде өткізілді десек қателеспейміз. Себебі осы жылғы сабантойға іргелес орналасқан Бесқарағай, Бородулиха аудандарымен қатар, Ресейдің Қазан қаласынан да татар ағайындар келіп қатысты.

Сабантой — өте көңілді әрі қызықты өтетін көпшілік мерекесі. Осы күнгі мерекелік шаралар барысында татар халқының ұлттық ән-жырлары шырқалып, ұлттық ойындарынан түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Мұндай жарыстардан балалар да шет қолған жоқ.

Татарстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, даңқты спортшы Ром Ильматовтың, еңбек ардагері Рашида Ашрафқызының айтуынша, «Татарча курәс» бабадан балаға мұра болып келе жатқан ойындар саналады.

— Осындай ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің алтын ұясына айналған қазақ елінде өмір сүріп жатқанымыз біз үшін зор қуаныш. Қазіргі таңда біздің тіліміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді дамытуға да үлкен көңіл бөлінуде. Облыс орталығында Мұса Жәлелге ескерткіш қойылса, Семей қаласында Ғабдолла Тоқайдың ескерткіші бар. Татар өнер мектебі мен татар мәдениеті музейі де жүйелі жұмыс істеп тұр. Мұның барлығы да біз үшін өте қымбат әрі бағалы, — деді өз сөзінде татар қоғамдық орталығының мүшесі, еңбек ардагері жерлесіміз Рашида Ашрафқызы.

Сонымен қатар ұлттық ойындар — бағанға өрмелеп, оның басындағы сый-сияпатты алу сынды көптеген халықтарға ортақ ойындар да ұйымдастырылды.

Қонақжай татар халқының мол дастарқанынсыз сабантой мейрамын елестету мүмкін емес. Бұл ретте мереке демеушісі Рафаил Хазиповтың ұйымдастыруымен татар палауы фестивалі ұйымдастырылып, думанды шараға жиналған семейліктердің барлығы да ортақ дастарқан басынан дәм татты. Сол тәрізді мерекелеуші қонақтар мен мәртебелі меймандарға татар халқының ұлттық тағамы чак-чак дәмі ұсынылды. Бір бұл емес, сан алуандығымен, қайталанбас дәмімен ерекшеленетін татар тағамдарын дайындаудан сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.

Сондай-ақ жұртшылықты 1990 жылы құрылған, татар өнері мен мәдениетін паш етіп жүрген «Илһам» ансамблінің өнері де тамсандырды.

Түрлі спорттық шаралар орын алып, ән мен жыр әуелеген еңбек пен достықтың мерекесі тек татар халқының бай рухани мұраларын жаңғыртып, жұртшылық назарына ұсынып қана қойған жоқ, барша қалалықтарға жексенбілік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

4 дня бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

4 дня бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

4 дня бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

4 дня бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

4 дня бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

4 дня бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

4 дня бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

5 дней бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

5 дней бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС