"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨКЕНТАУДЫҢ БҮГІНГІ ТЫНЫСЫ

25.06.2019
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 21 мау-сым күні баспасөз орталығында Көкентау ауылдық округінің әкімі Әбусана Бақдәулетұлы Қарсақбаев жергілікті БАҚ өкілдері алдында есеп берді.

2012 жылдан бері Көкентау ауылдық округінің әкімі болып қызмет етіп келе жатқан Әбусана Бақдәулетұлының айтуынша, 1900 жылы Ресейден, Украинадан қоныс аударғандар Знаменка атап кеткен ауыл ономастикалық комиссия шешімімен жуырда ғана Көкентау деп аталған.

Көкентау ауылдық округі тұрғындарының негізгі айналысатын кәсібі — мал шаруашылығы. Мұнда қазір 88 шаруа қожалығы бар. Семей өңірі бойынша мал басы саны жөнінен алдыңғы орында. Округте қазіргі күні 13 мың 886 бас ірі қара, 8140 бас жылқы, 4142 бас қой өсіріліп, асылдандыру жұмыстары жүргізілуде. Малды асылдандыру мақсатында 55 бас асыл тұқымды бұқа және 20 қошқар сатылып алынған. Бұл бағытта өткен жылы жергілікті бюджеттен 40 млн. 168 мың теңге қаржы бөлінген.

— Бұл тұрғындардың әрі қарай селекция жұмыстарымен айналысулары үшін берілген қаражат болатын. 2018-2019 жылдары селекциялық жұмыстар жүргізілді. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы төрт тұрғын 4 пайыздық мөлшерлемемен 6 жылға арзандатылған несие алып, мал басын көбейтуге үлес қосуда. Шаруа қожалықтарын есептемегенде, ауыл тұрғындары жалпы саны 2000-нан астам ірі қара өсіріп отыр. Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасына енген өзгерістерге байланысты осы бағдарлама аясында «Тәңірберген» шаруа қожалығы Ресейдің Алтай өлкесінен 60 бас асыл тұқымды мал сатып алды. Мемлекет тарапынан мал жайылымдары үшін де көмек көрсетілуде. Осымен төртінші жыл қатарынан ауылдағы жайылымдық жерлерге су тартылып жатыр. Өткен жылы 12 млн. теңгеге15 құдық қазылды, — деді Ә.Қарсақбаев.

2017 жылы Елбасы тапсырмасымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде кооперативтер құру мәселесі көтерілген болатын. Көкентау ауылдық округінде қазіргі күні «Қарасу» кооперативі жұмыс істеуде.

— Кооперативтің артықшылығы сол — тұрғындар малын біріктіріп, тіркеп, табынға бөліп бақтырады. Асыл тұқымды бұқа қосылады. Ауылда мал бұрын иесіз бағылса, қазір субсидия есебінен бақташыға жалақы төленеді. Халыққа да жеңіл, мал бағу үшін қалтасынан шығын шықпайды. «Қонысбек» атты шаруа қожалығы да кооператив құрып, өз жұмысын бастауда. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы несие беру көлемін ұлғайтып, мал басын арттыру бағытында жұмыс істеудеміз. Биыл «Еңбек», «Сыбаға» бағдарламалары арқылы шет мемлекеттерден асыл тұқымды мал сатып алуға 5 шаруа қожалығы тапсырыс беріп қойды,- дейді округ әкімі.

Қазір Көкентау ауылдық округінде мектеп, дәрігерлік амбулатория, әкімшілік, шағын су мекемесі жұмыс істеп тұр. Өткен жылы 10 млн. теңге қаржыға футбол алаңы жасалып, орталық саябақ абаттандырылған.

Айта кетсек, Көкентау ауылы тарихи елді мекен болып саналады. Мұнда тасқа қашалған жазулар өте көп. Қазір Нұр-Сұлтан қаласынан келген мамандар қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кездесу соңында округ әкімі алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Ә.Қарсақбаевтың айтуынша, осы жылдың екінші жартысында 6 ұңғыманы бұру, клуб ғимаратын жөндеу, балалар ойын алаңын орнату жұмыстары жүргізілмек, сондай-ақ музыкалық аспаптар сатып алу көзделуде.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

1 день бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

1 день бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

1 день бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

1 день бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

2 дня бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

3 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

3 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

3 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС