"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«SUMMERFEST» ФЕСТИВАЛІ

02.07.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

28-30 маусым аралығында Семей қаласында тұңғыш рет І Халықаралық «SemeySummerFest» атты жастар мен жас-өспірімдердің жазғы фестивалі болып өтті. Фестиваль 12 түрлі бағыттарды қамтыды. Ұйымдастырушылардың бірі Арман Мәшімов 28 маусым күні жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәжілісін ұйымдастырып, шараның өту барысымен, мақсатымен таныстырды.

— Фестивальды ұйымдастырудағы мақсатымыз қаладағы балалар спортын дамыту үшін қайырымдылық қорына қаржы жинау болатын. Бірақ биыл Арыс қаласында орын алған апатты оқиғаға байланысты түскен қаржыны зардап шеккендерге аудармақпыз. Айта кетейін, біз шараны кейінге қалдыра алмадық. Халықаралық сипаттағы фестиваль болғандықтан, жарты жыл бұрын дайындалдық. Әлемнің өзге елдерінен де жастар келіп қатысуда,- дейді Арман Мәшімов.

Халықаралық жазғы фестиваль аясындағы алғашқы шара 28 маусым күні Бейбітшілік аралында 30-дан аса спортшының басын қосқан «Forest Bike» атты экстремалдық веложарыстан бастау алды. Велосипедшілер 3 км қашықтыққа жарысып, үздіктер марапатталды.

Сонымен қатар дәл осы күні Назарбаев Зияткерлік мектебінде Рубиктің кубигін тез жинаудан «Cubing Semey Open — 2019» атты халықаралық жарыс ұйымдастырылып, қазақстандықтармен қоса, Ресей, Беларусь Республикасы және Украинадан келген спидкуберлер бақ сынады. Чемпионатқа қатысушылар Дүниежүзілік Кубик Ассоциациясы (WCA) бекіткен 16 бағыт бойынша сынға түсті. Яғни қатысушылар текшені бәрінен бұрын жинауды 16 рет қайталауы керек. Жұмулы көзбен, бір қолмен, тіпті аяқпен текшені орнына қою, әрине, оңай емес. Бірақ спорттың бұл түрін меңгерген үздіктер бұл сынақтардан да сүрінбей өтті.

— Чемпионат үш күнге созылады. Көпшілігі биыл бірінші рет қатысып отыр. Айта кету керек, спидкуберлердің жасына шектеу жоқ. Биыл ең жас қатысушы 6–да болса, ең үлкені 51-де. Жыл сайын Рубик текшесін жинауға қызығушылар саны өсіп келеді. Бұл тұрғыда Семей қаласы елімізде көш бастап тұр,– дейді Арман Мәшімов.

Жалпы «бас қатырғыштар бәсекесі» шаһарымызда дәл осындай ауқымды түрде 4–ші мәрте өтуде. Соның екеуі халықаралық дәрежеге дейін жетті. Жастар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау мен халықтың Рубик текшесіне деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен жарысқа Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі үнемі қолдау білдіріп келеді.

— Жарыстың дәл осылай жоғары деңгейде ұйымдастырылатынына сенбеп едім. Керемет әсердемін. Рубик текшесін құрастырудың жас ерекшелігіне кедергісі жоқ. Керісінше, пайдалы жақтары мол деп санаймын. Бүгін алғаш рет қатыса отырып, болашақта да жиі бағымды сынап тұрамын деген шешімге келдім,- дейді жарысқа алғаш рет қатысушылардың бірі 51 жастағы спидкубер Гүлсара Ағаділова.

Фестиваль 29 маусым, сенбі күні одан әрі жалғасып, Қарағайлы шағын ауданынан Әулие бұлаққа дейінгі аралықтағы Павлодар тас жолының бойында қайырымдылық веложарысы өтті. Қайырымдылық веложарысына кәсіби велосипедшілермен бірге әуесқойлар да қатысты. Айта кету керек, мұнда жеңімпаздар анықталмады. Басты мақсат – қайырымдылыққа үлес қосу. Жиналған қаржы Арыс қаласындағы апаттан зардап шегушілерге жіберіледі.

— Фестиваль аясында бүгін қайырымдылық веложарысын өткізудеміз. Жарысқа ниет білдірген барлық азаматтар қатыса алады. Дегенмен аздаған дене дайындығы керек. Себебі жүріп өтетін жол қысқа емес. Жалпы, қалада соңғы жылдары веложарыс дамып келеді. Спорттың бұл түріне қызығушылық танытушыларды жолдардан жиі байқауға болады. Біз достарымызбен веложарысты 2015 жылы бастадық, қазір біздің тобымызда сексенге жуық адам бар,- дейді веложарысты ұйымдастырушылардың бірі Иван Бабухин.

Жексенбі, 30 маусым күні Бейбітшілік аралындағы Биологиялық орталықтың алдына, негізінен, спортпен шұғылданатын, салауаттылықты ту еткен жастар қауымы жиналған болатын. Көпшілік осынау аралықтан Орталық алаңға дейін жүгіріс ұйымдастырды. Бұл шара еркін түрде болғандықтан, қатысушылардың кейбірі велосипед жолымен, енді бірі кросс тәсілі арқылы жасыл орман ішімен жүгіріп өтті. Бір ерекшелігі, бұл жүгіріс уақытпен шектелмеді. Сондай-ақ жеңілгендер мен жеңгендер де болған жоқ. Мақсат біреу ғана — жастарды қозғалыссыз өмірден бас тартуға шақыру, ал қарапайым философияға салатын болсақ, қозғалыс дегеніміз — өмірдің өзі.

Әйтсе де салтанатты түрде бастау алған шара барысында қажет болған жағдайда көмек беру үшін жедел жәрдем көлігі мен тәртіп сақшылары да жастардың жанынан табылды.

Ал «Summerfest» фестивалінің өзі Орталық алаңда түс әлетінде бастау алды. Онда қазіргі жастар өмірінде орын алатын барлық жағдайлар көрініс тапты. Атап айтсақ, көше музыканттары мен кітапханашылар келушілерді жинап, қызықты іс-шаралар қатарын ұйымдастырды, фестивальға келген жастар көше ойындарына қатысып, қазіргі билерді билеп, көңілдерін көтерді, олардың өнерін тамашалаушылар аса мол болды.

Сонымен қатар үстел ойындарына арналып павильондар ұйымдастырылды. Шахмат пен қазақ халқының ұлттық ойыны, қойшы математикасы атанған тоғызқұмалақтан сайыстар ұйымдастырылды. Осылайша, Орталық алаңдағы фестиваль нағыз мерекелік шараға айналып, жастар мен жасөспірімдер қауымы бұл күні өз уақыттарын тиімді, қызықты өткізуге мүмкіндік алды.

— Жаздың аптабында смартфон ұстап үйде жатқаннан гөрі, осындай фестивальға келіп, спорттық ойындар ойнап, достарыңмен бірге көңіл көтергенге ештеңе жетпейді. Мейлінше белсенді өмір сүру керек,- дейді аталмыш іс-шараға қатысушы жастар.

Ал кешкілік мезгілде қала жастары түрлі жанрдан тұратын мерекелік гала-концертті тамашалады.

«SemeySummerFest» фестивалі қалалық әкімдіктің қолдауымен Семейде биыл бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

22 часа бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС