"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ТАРБАҒАТАЙ ӨҢІРІНДЕ

12.07.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданында болып, Елеке сазы қорымындағы археологиялық жұмыстардың барысымен танысты.

Ақсуат ауылында жергілікті жұртшылық өкілдерімен, жастармен кездесуде облыс басшысы осы жолғы сапарынан алған әсерімен бөлісті. Елеке сазы қорымынан белгілі археолог Зейнолла Самашевтың жетекшілігімен ғалымдар тапқан «Алтын адам», басқа да жәдігерлер біздің дәуірімізге дейінгі сегізінші, жетінші ғасырлардағы ерте сақ кезеңінде адам қолымен жасалған дүниелер екенін атап айтты.

-Киелі Тарбағатай жерінде біздің ата-бабаларымыз жердің қасиетін, кен байыту ісін біліп, алтынды бөліп алуда соншалықты шеберлік көрсеткен. Қазір онда ғалымдарымыз ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Елеке сазына барып тағы бір қуанғаным, мыңғырған көп малымыз бар. Қазақстанның байлығы  — малы. Ол еңбекпен келеді. Тек қана еңбек, білім жетістікке жеткізеді. Балаларымызды соған үйретуіміз керек. Тек біздің облысымызда ғана барлық мектептерде балаларға арналған тегін IT-сыныптар ашылған. Балаларымыз үш тілді білуі тиіс. Елбасымыз айтып жүргендей, бәсекеге қабілетті халық болуымыз керек.

Көпбалалы аналар – елдің мақтанышы, балалар – елдің болашағы екенін айтқан аймақ басшысы Елбасы Н.Назарбаевтың, Президентіміз Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көп балалы аналарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынғанын, біздің облысымызда қазірдің өзінде 230 көп балалы анаға тұрғын үй берілгенін мәлімдеді. Облысымызда көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды колледждерде тегін оқыту, балабақшаға тегін қабылдауға мүмкіндік жасалып отырғанын, сонымен қатар оларға тегін түрде мектеп формасын беру қарастырылып жатқанын айтты.

Кездесудің соңында облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы аналар Балжан Сейлханова, Айман Мархабаева, Әсел Рахметова, Әсел Кәдірбекқызы, Мейрамгүл Шайзадина, Мейрамгүл Көшқалиева, Гүлжанат Қалабаева және Базаргүл Тохтарханға  тұрғын үйдің кілтін тапсырды.

Жиыннан соң Даниал Ахметов Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Садуақасов, аудандық мәслихаттың хатшысы Сәумен Жақаевпен ауданның бірқатар орындарында болды. Аудандық аурухананы аралап, бас дәрігер Алмагүл Әштаевамен, дәрігерлермен әңгімелесті. Емдеу мекемесіне қойылған жаңа қондырғылардың жұмысымен танысты. Облыс басшысы сонымен қатар Ырғызбай Досханаұлы атындағы орталық стадионда болып, бұқаралық спорттың ауылды жердегі даму көрсеткіштері жайлы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сержан Омарғазинмен әңгімелесті.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы».{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

22 часа бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС