"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

02.08.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһардағы Докучаев көшесінің бойында орналасқан жалдамалы жатақхана тұрғындарымен кездесу өткізді. Қала әкімімен бірге әкімдіктің бөлім басшылары, коммуналдық қызмет және БАҚ өкілдері де болды.

Бұл — қала басшысының аталмыш нысанға осымен екінші мәрте ат басын тіреуі. Осыған дейін бұл жатақхана тұрғындарына жылдам аралықта бөлмелерін босату туралы шұғыл хабарлама келген кезде, ол шешімнің негізсіз екенін айтып, сабырға шақырған болатын. Ол туралы БАҚ-та айтылды да.

Ал бұл жолғы кездесудің мақсаты өзгерек болды. Жиын барысында жатақханаға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Соның ішінде бірінші кезекте тұрғындардың қарызы жайлы талқылау өтті. Атап айтсақ, кейбір азаматтар жылу және қоқыс шығару үшін төленетін төлемдерді өтемеген екен.

— Сіздердің коммуналдық қызмет үшін жиналып қалған қарыздарыңыз бар. Алдағы жылу маусымына даярлық аясында бұл берешекті толық өтеу қажет,- деп атап өткен қала әкімі «Теплокоммунэнерго» МКК өкілі ұсынған борышкерлердің тізіміне де тоқталды.

Дәл осындай жағдай қоқыс тасымалдауда да орын алған екен. Алайда мойнында қарызы барлар бұл кездесуге келмепті.

Келесі кезекте қаралған мәселе жатақхана маңын абаттандыруға қатысты болды. Бұл ретте пәтер иелері кооперативінің жұмысына сын айтқан жатақхана тұрғындары шаһар басшысынан осы мәселені реттеп беруді өтінді. Себебі жатақхана дәлізі күрделі жөндеуден өтпеген, аула көгалдандырылмаған. Сондай-ақ, аулада балалар ойнайтын арнайы орын болғанымен, қажетті жағдай жасалмаған.

Бұл жайтты мұқият тыңдаған Ермак Бидахметұлы ПИК басшыларымен бірге арнайы кездесу өткізу керектігін, күрмеулі мәселелерді бүкпесіз ортаға салу қажеттігін айтып, тағы да арнайы жиын өткізуді ұсынды. Себебі бұл кездесуге жатақхана қарайтын ПИК басшысы мен өкілдерінен ешкім де келмепті.

Сонымен қатар кездесу барысында тұрғындардың баспана мәселесі де кеңінен сөз болды. Бұл жатақхана ұзақ мерзімге, анығырақ айтқанда, шектеусіз мерзімге жалға берілген. Бір бөлмелі небары 34 шаршы метрден тұратын пәтерлер, әлбетте, отбасының саны өскен сайын тарлық ете бастайтыны белгілі. Осы орайда қала әкімі тұрғындарға алдағы уақытта кеңірек пәтер иесі болу үшін қажетті алғышарттарды жасау керектігін еске салып өтіп, бірқатар ұсыныстар айтты.

— Бұл жатақхана сіздерге мемлекет тарапынан шектеусіз мерзімге жалға берілген. Әйтсе де оның да өзіндік шегі бар. Аядай бөлмеде қашанғы тұрасыздар? Қазіргі күні баспана иесі болу үшін түрлі бағдарламалар қолға алынып жатыр. Соның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшысы болу арқылы аз уақыт ішінде пәтер иеленуге болады. Сіздердің мұнда қоныстанғандарыңызға бес жыл өтіпті. Осы уақыт аралығында аталған банк арқылы бастапқы соманы жинауға мүмкіндік болды, — деді өз сөзінде қала әкімі.

Шаһар басшысы бұл жиынға аталмыш банк өкілдерін де ала келген екен. Кездесу барысында сөз алған банк өкілдері салымшы болу тәртібін кеңінен түсіндіріп өтті. Бастапқы 20 пайыз қаражатты жинау арқылы банктің аз пайызды несиесін пайдалануға болады. Бұл — пәтерлі болудың ең қолайлы жолы.

Тұрғындар арасында осынау банктің салымшысы ретінде тіркелгендері де бар екен. Олар банк қызметкерлеріне бірқатар сауалдар қойып, тұшымды жауап ала алды.

Шаһар басшысы жиын соңында банк өкілдеріне әр тұрғынмен жекелей жұмыс жүргізуді тапсырды.

Кездесу барысында сондай-ақ жатақхана өміріне қатысты бірқатар сауалдар көтерілді. Атап айтсақ, аулада сенбілік өткізу, ыстық су беру, қысқы маусымға даярлық жасау сынды мәселелер ортақ талқылауға салынды. Бұл ретте жатақхана тұрғындарымен жүздесуге әлі де келетінін айтқан Ермак Бидахметұлы орын алған мәселелердің барлығы алдағы уақыттарда біртіндеп шешімін табатынын жеткізді.

Азамат ЕРСАЙЫН, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

24.06.2026
Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

«Дін, жастар және қазіргі заманның сын-қатерлері» тақырыбында подкаст ұйымдастырылды. Бұл туралы Талдау және ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Дарын Садыков пен «SOCKZ»...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

5 минут бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

7 минут бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

14 минут бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

16 минут бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

29 минут бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

31 минута бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС