"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРМАК СӘЛІМОВ БОБРОВКА КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

06.08.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

Семей қаласының іргесінде орын тепкен Бобровка кентіндегі әлеуметтік мәселелер біртіндеп шешімін табуда. Жергілікті атқарушы биліктің күш салуымен осыған дейін аталмыш аумақтағы мектеп, жол қатынасы реттеліп, бір қалыпқа келтірілген болатын. Дегенмен жергілікті тұрғындар санының жыл санап артуына байланысты мұндағы бірқатар мәселелер әлі де болса өзекті болып отыр. Соның ішінде Бобровка кентін ауыз сумен қамтамасыз ету ісі күн тәртібінде тұр.

 

Осыдан біраз уақыт бұрын Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің әлеуметтік желідегі парақшасына Бобровка кентінің тұрғындары өздерін толғандыратын мәселелер туралы жазып, арнайы өтініш қалдырған болатын. Міне, аталған мәселелер қатарын басты назарға алған Ермак Бидахметұлы өткен сенбі күні Бобровка кентінің тұрғындарымен арнайы кез-десті.

Жиын барысында кент тұрғындары шаһар басшысына өз өтініштерін жеткізді. Соның ішіндегі аса өзектісі ауыз су мәселесі екен. Бірнеше жылдан бері таза судың тапшылығын көріп келе жатқан тұрғындар қала әкіміне осы мәселені қолға алуын өтінді.

Тұрғындар тілегін толық тыңдап шыққан қала әкімі:

— Қазіргі күні жалпы Семей қаласы бойынша бір емес, бірнеше елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Алайда бүгінде бұл бағытта жұмыстарды қолға алудың нәтижесінде қалаға қарасты көптеген аудандар сумен де, жарықпен де толық қамтылып отыр. Енді, міне, кезек Бобровка кентіне де келді. Кенттің жағдайымен толық таныспын. Мәселелер қатары толықтай менің бақылауымда. Ауыз су бойынша жобалық-сметалық құжаттарды жасап, арнайы қаражат қарастырып, келесі жылы толық ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз. Арнайы су құбырлары үйлеріңіздің алдына дейін тартылатын болады. Мәселе шешілгенше көше бойындағы су колонкалары қосылып тұрады. Ал жарық мәселесіне келсек, мамандар әр үйдің жарығының қуаттылығын тексеріп, қосымша жарық трансформаторлары қойылады, — деді өз сөзінде қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Кездесу еркін форматта өрбігендіктен, кент тұрғындары көкейлерінде жүрген ой-пікірлерімен де бөлісті. Бұл ретте кент тұрғындарын толғандыратын тағы бір мәселе қоғамдық көліктің әсіресе демалыс күндері және кешкі мезгілде тым сирек қатынауы екен.

— Алдағы уақытта жаңа автобустар жүре бастайды. Халыққа қолайлы болуы үшін бұл автобустар қысқы, жазғы ауысым деп бөлінбей, жұмыс кестесіне сәйкес, таңертеңнен кешке дейін жүретін болады, — деді бұл сауалға жауап қайырған қала әкімі.

Қазіргі күні қаланың аталмыш ауданына №№ 40, 9, 48 және қысқы мезгілде №18 бағытты автобустар тұрақты түрде қатынайды. Ал мектеп оқушылары үшін арнайы көлік бөлінген. Балалардың мектепке баруы қалалық білім бөлімінің ұдайы қадағалауында. Бұл тарапта айтарлықтай мәселе жоқ.

Мұнымен қоса Ермак Сәлімов осынау сапары барысында кенттегі тазалық жұмыстарымен де танысты. Бүгінде көптеген тұрғындар тазалық жұмыстарын бірлесіп өткізуге, келісімшарт жасауға асықпайтын көрінеді. Осы ретте қала әкімі қызмет көрсету мекемесіне және учаскелік полиция қызметкерлеріне айналаны қоқыстан тазарту жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алу жөнінде арнайы тапсырма берді.

Өз тілшіміз, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

2 дня бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

2 дня бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

2 дня бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

2 дня бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

3 дня бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

3 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

4 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

4 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС