"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢАШЫЛ ЖОБАЛАР

13.08.2019
42
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен апта, 9 тамыз күні Семей қаласының ақпараттық орта-лығында Жастар жылына арналған жобаларды таныстыру мақсатында баспасөз мәслихаты болып өтті. Жиынға ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының үйлестірушісі Ерғазы Айтқазин, «Qorgau» жобасының заңгері Қуат Исажанов, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Баспасөз мәслихатын Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай ашып, сөз кезегін Арайлым Есімбековаға берді. Орта-лық директоры бірінші кезекте Жастар жылында қолға алынған іргелі шаралар қатарына тоқталып өтті. Алдымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ 18 бен 29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасын іске қосқанын жеткізген Арайлым Есімбекова аталған жобаның «Бастау» жобасына ұқсас екендігін, онда оқытудың құрамдас бөліктері қамтылып, әр стартапты танымал бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуі қарастырылғанын айтып өтті.

Кеңірек тоқталар болсақ, осынау айрықша жоба арқылы жастар іскерлікке қатысты жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алады. Жобаға қатысқан жастар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грант немесе жеңілдікпен қаржыландырылуға мүмкіндік алады. Бұл кәсіпкерлікке жаңа келген жастар үшін бизнес әлеміне бастайтын алғашқы баспалдақ екендігі белгілі.

Арайлым Есімбекова бұл орайда семейлік жастардың өте белсенді екендіктерін атап өтті. Мәселен, Семей қаласында 71 адам «Жас кәсіпкер» жобасына өтінім білдіріп, бүгінгі күні 55 жас осы жоба аясында арнайы оқыту курсынан өтіп жатыр. Әрбір қатысушы 19 мың теңге көлемінде бір реттік шәкіртақы алады және оқыту аяқталғаннан кейін арнайы сертификатка ие болады. Сондай-ақ 505 мың теңге көлемінде бизнес бастауға қайтарымсыз грант беріледі. Дегенмен бұл қаражаттың орынды игерілуі қадағаланады екен.

Баспасөз мәслихатына қатысушыларға сонымен қатар жастар игілігіне арналған өзге де шаралар туралы мағлұмат берілді. Мәселен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грант бойынша 2019 жылдың мамыр айы мен қараша айының аралығында «JasА» жобасын қолға алды. Нақтырақ айтсақ, өмір сүретін ортаны жақсартуға (урбанистика) және жергілікті қоғамдастықтарды (қалалар мен ауылдар деңгейі) дамытуға бағытталған жастар бастамаларын қолдауға байланысты жаңа жобаны жүзеге асырады.

Жобаның басты мақсаты — жастар бастамаларын қолдау үшін олардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру. Бұл бағыттағы шаралар 14 пен 28 жас аралығындағы жастарды қамтиды екен.

Жобаның негізгі міндеттері — жастардың өмірлік маңызды дағдыларын (командалық жұмыс, коммуникация және көшбасшылық) және әлеуметтік жобалау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқыту мен әлеуметтік шаралар арқылы жастардың осал санаттарын қоғамдық процестерге әлеуметтік ықпалдастыру, жастардың өмір сүру ортасын жақсартуға бағытталған нақты әлеуметтік іс-әрекеттер арқылы жергілікті қоғамдастық өміріне жастар мен жастар ұйымдарының қатысуын арттыру.

Семей қаласы көлемінде «JasA» жобасын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық жұ-мыстар жүргізіліп, жоба үйлестірушісімен кездесу өткізілген болатын. Ақпараттық-насихаттық жұ-мыстардың нәтижесінде байқауға Семей қаласы бойынша 76 жоба ұсынылып, 42 жоба іріктеуден өтіпті. Жобаны жүзеге асыруға жалпы көлемі 25 млн (әр жобаға 600 мың теңгеден) қаражат бөлініп, әр жоба бойынша 5-7 адамнан тұратын топтар құрылмақ. Жоба қорытындысына сәйкес шағын грант игерілгеннен кейін, 10 күн ішінде есеп беру және грантты жабу жұмыстары жүргізіліп, осы шағын топтар республикалық деңгейде өтетін фестивальға қатысатын болады.

Жиында сонымен қатар «Qorgau» жобасы туралы да айтылды. Елімізде азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қолжетімді және тегін инфрақұрылымды жасауға жағдай жасалуда. Бұл туралы осы жобаның заңгері Қуат Исажанов мәлімет берді.

«Qorgau» жобасын «Eurasian Expert Council» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, «Бірыңғай Call-орталық құру арқылы Құқық қорғаушы кешенді жобаның іске асырылу» гранты шеңберінде «Азаматтық бастамалар орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен іске асырғалы отыр.

Негізгі мақсаты — қиын жағдайға түскен тұрғындардың құқықтық сауатын көтеру, консультациялық қолдау көрсету.

— Жобаны жүзеге асыру шеңберінде осы жылдың 1 тамызынан бастап Қазақ-станның бүкіл қала және аудандарында 210 заңгерлік кеңес беру бөлімдері ашылды, бұл бөлімде әр адам азаматтардың құқығын қорғаудың негізгі бағыттары бойынша тегін құқықтық көмек алады, — деді бұл ретте кеңінен түсінік берген Қуат Исажанов.

Жалпы, Шығыс Қазақ-стан облысында осындай орталықтар Жастар ре-сурстық орталықтарында ашылыпты, олар үшін арнайы жұмыс орындары дай-ындалған. Жоба шеңберінде заң факультетінің студенттері үшін іс-тәжірибесін ұйымдастыру, «әлеуметтік» заңгерлер қауымдастығын құру, «Сөйле!» әлеуметтік акциясы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүр-гізу және жастар арасында некенің бұзылуының алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар қарас-тырылған. Қазіргі таңда Семей қаласының Жастар ресурстық орталығында осы жоба аясында заңгер Қуат Исажанов өз жұмысын бастады. Кез келген жастың тегін түрде ақыл-кеңес алуына болады.

Жастар жылы аясында алға қойылған жобаларды жүзеге асыру барысы басшылық тарапынан толық бақылауға алынып, нақты нәтижелері туралы ақпараттар БАҚ-та жарияланатын болады.

Жиын барысында сонымен қатар журналистер тарапынан осы аталған үш жобаға байланысты сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

09.05.2026
Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өңір тұрғындарына тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтары туралы еске салды. Абай...

Толығырақ...Details

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

09.05.2026
Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Өңірде шомылу маусымында су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық және ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Абай облысы...

Толығырақ...Details

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

09.05.2026
Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Берік Уәли Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагері, мереке күндеріне орай Мәскеуге барған Григорий Маларовқа байланысқа шығып, мерекемен құттықтады....

Толығырақ...Details

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

09.05.2026
Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

9 мамыр – Жеңіс күні Абай облысында кең көлемде атап өтілуде. Атаулы күнге орай Семей қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. 🔼Облыс...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

09.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз майдан даласында Отан үшін от кешіп, ерлік жасаған жауынгерлерге және...

Толығырақ...Details

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

07.05.2026
Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

Semeytany.kz – Семейде БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, көрнекті спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

3 часа бұрын

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

3 часа бұрын

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

3 часа бұрын

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілуде

3 часа бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

3 часа бұрын

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

2 дня бұрын

Абай облысында жазғы сауықтыру лагерлері қатаң санитариялық бақылауда

3 дня бұрын

«Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

3 дня бұрын

Қазақстан армиясын заман талабына сай нығайту шаралары қолға алынды – Тоқаев

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы: Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС