"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

04.03.2014
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала тұрғындары мен заңды тұлғалар мәселелерінің оңды шешімін табуына көмектесу мақсатында сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Семей қаласының прокуроры Тәжиден Найманов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.

Қабылдау барысында азаматтар прокурор алдында түрлі мәселелерін ортаға салды. ІІІ топ мүгедегі Юрий Герасимов өзі қызмет атқарған кәсіпорын 6 мың теңге моральдық шығынын өтемей жүргенін айтып шағымданса, Раиса Үйсімбаева өзі басқарып отырған балалар шағын орталығының «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс жасап отырғандығын, жалпы, мекеменің тыныс-тіршілігі жайлы айта келіп, шағын орталық былтырғы жылы ғана толықтай тексерістен өтсе де қалалық прокуратура тарапынан тоқтаусыз тексерістердің әлі де жүргізіліп келе жат-қандығын сөз етті. Мекеме басшысы шағын орталық ұжымы бұл тексеріс-терге қарсылық танытып отырғандығын жеткізіп, прокурордан алдағы уақытта осындай тексерістерге тосқауыл қоюын сұрады. Мән-жайды тыңдаған соң Тәжиден Жүкенұлы бұл істі өз назарына алатындығын айтты.

Тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау барысында жалақысын уақытылы ала алмаған еңбек адамдарының да мәселесі сөз болды. Тыныштықбай Махмұтов есімді азамат біраз жыл бұрын қаладағы бір кәсіпорында күзетшілердің бастығы болып еңбек еткен. Оның айтуынша, кәсіпорынның бұрынғы басшысы өмірден өткен уақытта мекемеде қысқарту жүргізіліп, біршама жұмысшылармен бірге өзі де босатылған. Алайда, сол кездегі соңғы айлардың еңбекақысы қолына тимеген көрінеді. Ал, кәсіпорынға жаңадан келген басшы бұл іске өзінің қатысы жоқ екенін айтқан. Содан бері жалақының дауымен талай құзырлы мекеменің табалдырығын тоздырғанын айтқан Т.Махмұтов прокурордан осы мәселені шешіп беруді сұрады. Одан кейін қабылдауда болған Сейсенғазы Саханов та біршама уақыттан бері жалақы мәселесін шеше алмай жүргенін айтады. С.Саханов «Эскор» ЖШС-де күзетші болып жұмыс істеген. Айтуынша, бұл кәсіпорын қызыл кірпіш шығарумен айналысқан. Қазіргі уақытта жұмысы тоқтап тұрған көрінеді.

 

{jcomments on}- Алты ай жалақымды сол күйі бермеді. Есептесем, 300 мың теңгені құрап отыр. Онымен қоса, зейнетақыға аудару үшін жалақымнан ақша ұстап отырғанымен, зейнетақы қорына қаржы соңғы төрт жыл бойы мүлдем аударылмаған, — деп мұңын айтқан С.Саханов Тәжиден Наймановтан осы мәселені бір жақты етіп беруін өтінді.

 

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан құқық қорғау органдарының жұмысына көңілдері толмайтындар да болды. Мысалы, 240 мың теңгені құрайтын несиеге сатып алынған планшет пен ноутбуктың қолды болғанын айтқан Гүлжан Шаналиева заттарды ұрлаған адамның кім екені белгілі болса да тәртіп сақшыларының ешқандай әрекетсіз, бей-қам отырғандығын айтып шағымданды. Ал, жұбайы қайтыс болған уақытта мәйітханада оның киімдерін заң саласының қызметкерлері өртеп жібергендігін айтқан Оразбибі Қайгелдинова: «Марқұм жұбайым қаңғыбас емес, отбасы бар адам. Оның киімін өртеп жіберуге ешкімнің қақысы жоқ еді», — дей келе, киімді өртеген адамның Заң алдында жауап беруге тиіс екендігін жеткізді.

Семей қаласының прокуроры Тәжиден Найманов жеке сұрақтары бойынша қабылдауында болған жиыны 15-ке жуық азаматтың әрқайсысының өтініш-тілектері жауапсыз қалмайтындығын, аталған мәселелер бойынша жүйелі тексерістер жүргізіліп, Заң шеңберінде тиісті шаралардың қолданылатындығын жеткізді. Тұрғындардың көпшілігі өтініш-арыздарын прокурордың өз қолына табыс етті. Олардың кейбірін өзінің жұмыс орынында қай күні, қай уақытта қабылдайтынына дейін келісіп, барлық істі өз назарында ұстайтынын айтып, әр азаматтың сұрақтарына байыппен жауап берген прокурорға тұрғындар ризашылықтарын  білдіріп жатты.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

26.12.2025
Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

Semeytany.kz - «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңына сәйкес 2025 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев Көкпекті ауданының әкімі қызметіне...

Толығырақ...Details

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

26.12.2025
Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру және азаматтардың мерзімді...

Толығырақ...Details

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

26.12.2025
Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

Ел Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде туризм және спорт салалары бойынша 2025 жылды қорытындылады. Сонымен қатар спорт саласының...

Толығырақ...Details

Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

26.12.2025
Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

2025 жылы еліміздегі 8 негізгі курорттық аймаққа инвентаризация жүргізілді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау...

Толығырақ...Details

Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

26.12.2025
Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

2025 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған қонақ үйлерді классификациялау жүйесін жаңарту жұмыстарын жүргізуде....

Толығырақ...Details

2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді

26.12.2025
2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді

2025 жылы Қазақстан ірі халықаралық спорттық жарыстар өтетін алаңға айналды. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

6 часов бұрын

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

7 часов бұрын

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

7 часов бұрын

Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

7 часов бұрын

Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

7 часов бұрын

2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді

7 часов бұрын

Қазақстан халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейтуде

7 часов бұрын

2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді

8 часов бұрын

2 метр 10 сантиметр: Қазақстандағы алып сарбаз – бойдың ұзындығы қызметке кедергі емес екенін дәлелдеді

9 часов бұрын

МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ

9 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС