"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТАЗАЛЫҚҚА ДА ЖАУАПТЫ

16.08.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде қалалық әкімдікте шаһар басшысы Ермак Сәлімовтің қаладағы учаскелік инспекторлармен кездесуі болып өтті. Қала ішіндегі санитарлық тазалық мәселесі, қоқыс шығару және қоқыс тасымалдаушы мекемелермен келісімшартқа отырмаған тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу жиынның басты тақырыбы болды. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов учаскелік полиция инспекторларының жұмысын сынға алды.

Қала әкімі Ермак Бидахметұлы кіріспе сөзінде аталмыш мәселе бойынша қаламыздағы тәртіп сақшыларының жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Тұрғындар тарапынан да тұрғын үйлер аумағының тазалығын қадағалау жұмыстарының нашар екенін айтып шағымданушылар көп екен. Әсіресе әлеуметтік желілердегі жазбаларға сүйенетін болсақ, қаланың кейбір көшелері мен жекелеген аудандарында учаскелік инспекторлар жүргізуге тиіс жұмыстар жеткілікті екенін аңғаруға болады. Бұл ретте бірінші кезекте жауапкершілік тек тұрғындарға ғана емес, жергілікті полиция қызметкерлеріне де жүктеледі. Қазіргі күні полиция қызметкерлері қоқыс мәселесін ретке келтіру үшін республикалық тазалық акциясы аясында көп шаралар атқаруға міндетті. Жиын барысында бірінші кезекте осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу реті пысықталды.

Қала әкімі учаскелік полицейлерге қоқыс шығару үшін арнайы мекемелермен келісімшарт жасаспаған тұрғындарды анықтап, бұл келеңсіздікті жоюға күш салуды тапсырды. Сонымен қатар кейбір көп қабатты үйлердегі тұрғындар санын нақтылаудың да маңыздылығын айтты.

Семей қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері қоғам арасында ұсақ заң бұзушылықтарға деген «нөлдік төзімділік» принципін қалыптастыруға жұмыс жасап жатқандарын айтады. Жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың ішінде полиция қызметкерлері, қоғамдық орындармен бірге, тұрғын үйлер аумағындағы тазалық пен тәртіптің сақталуына ерекше көңіл аударуда. Ағымдағы жылдың басынан бері абаттандыру ережелерін бұзған көптеген жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жергілікті полиция қызметкерлері сонымен қатар жекелеген мекемелердің қоқысты уақтылы шығаруын да басты назарға алған. Әйтсе де бұл тарапта әлі де атқарылуы тиіс жұмыстар аз емес.

Семей қалалық ТҮКШ бөлімі мамандарының айтуынша, қазіргі күні қала халқының тек 30 пайызы ғана қоқыс шығаруға келісімшартқа отырған. Және де бұл келісімдерде үйдегі тұрғындар саны біршама азайтылып көрсетілген.

Мұндай мәселелер жеке кәсіп иелері арасында да бар. Кейбір бизнес өкілдері қоқыс контейнерін жай көз қылып қана орнатқан. Кейбірі келісімшартқа отырмағандықтан, тұрмыстық қалдықтарды іргелес көп қабатты үйлердің ауласындағы қоқыс контейнеріне апарып тастайды. Ал мұндай жағдай қоқыс тасымалдаушылардың жұмысын біршама күрделендіретіні белгілі. Бұл жайында қоқыс шығарумен айналысатын мекемелердің өкілдері мәлімдеді.

Өкінішке орай, мұндай жағдай қаламызда жиі орын алуда. Осы ретте қала әкімі өзге де коммуналдық қызмет өкілдерімен, сервистік орталықтар қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізуді міндеттеді. Сонымен қоса әлеуметтік желідегі тұрғындардың жазбаларын да ұдайы назарда ұстап отыруды қатаң тапсырды.

Ал келісімшарты жоқ тұрғындарға алдымен қатаң ескерту жасалынып, егер одан нәтиже шықпайтын болса, заңға сәйкес әкімшілік жауапқа тарту қарастырылуы тиіс.

Алдағы уақытта қаланың санитарлық тазалығын ретке келтіруге қатысты жиындар тағы да ұйымдастырылмақ. Бір аптадан кейін учаскелік инспекторлар қала басшысының алдында қабылданған шаралар туралы есеп береді.

Жанат ПЕРНЕБЕК, «Семей таңы» {jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

21 час бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС