"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ІЗІМЕН…

20.08.2019
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар» тақырыбымен ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырылған болатын. Экспедиция аясында ел астанасы — Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан топ Қарқаралыда, Абыралы мен Қайнарда және Қарауылда болды. Ақшоқы мен Бөріліге де аялдап, өткен жексенбіде Семей қаласына келіп жетті.

Шаһарымызға ат басын тіреген мәртебелі меймандар ең алдымен Абай ескерткішіне барды, ақын рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Осыдан соң Абай атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған ғылыми-танымдық конференцияға қатысып, дөңгелек үстел басында келелі әңгіме қозғады.

Айта кетсек,экспедиция құрамында есімдері елге танымал азаматтар — Омар Жалел,  Марат Әбсемет, Сұлтан-Хан Аққұлұлы, Алмахан Мұхаметқалиқызы сынды 20-ға жуық абайтанушы-ғалымдар бар екен. Сонымен қатар ынталы топтың құрамында астаналық суретшілер мен танымал блогерлер, ақындар мен журналистер қауымы да болды.

Кітапхана фойесінде қонақтар құрметіне және қала жұртшылығына арналып кітап көрмесі ұйымдастырылыпты. Оған, негізінен, заманында Абай оқыған тарихи кітаптар қойылған екен. Меймандар ең алдымен көрмедегі кітаптармен танысты.

Дөңгелек үстелге қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, жергілікті зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, абайтанушы ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Конференция барысында қонақтар ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған экспедицияның мақсаты туралы айтып өтті. Аталмыш шара аясында арнайы бейнефильм әзірленбек. Сонымен қатар Абайдың ізі қалған жерлер бейнеленген туындылар да жинақталатын болады. Бұл ретте топ құрамындағы дарынды суретші Алмас Сырғабай экспедиция мүшелері жүріп өткен жерлердің барлығын дерлік өз туындыларына арқау етіпті.

Меймандар сонымен қатар Абай шығармашылығын насихаттау, оның 175 жылдық мерейтойын өз мәнінде атап өту туралы ойларын ортаға салды.

Кездесу соңында делегация мүшелері Абай атындағы облыстық кітапхана қорына Әлихан Бөкейхановтың 15 томдық шығармалар жинағын естелік ретінде сыйға тартты. Үлкен ризашылықтарын білдірген кітапхана қызметкерлері бұл жаңа кітаптар кітапхана қорында сақталып, алдағы уақыттарда міндетті түрде өз оқырманын табатынын айтты.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

20 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС