"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨЛДІ ДЕУГЕ БОЛА МА…

28.08.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлы Абайдың туған күніне орай, шаһардың зиялы қауымы Абай ескерткіші алдында ақын рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Шара аясында Шәкәрім университеті мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық музейінің ұйымдастыруымен «Абай жылы – оқу жылының» ашылу салтанаты өтті.

Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, данышпан ақын, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 174 жыл толып отыр. Абай ескерткіші маңына жиналған қауым хакім өлеңдерімен сусындап, Абай театры мен Әміре Қашаубаев атындағы филармония өнерпаздарының өнерін тамашалады. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Аннимациялық киносы ассоциациясының президенті Сәлімғали Мырзашев, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сазгер, әнші Естай Әлікеев де осы жиынға қатысты.

— Ардақты ағайын, қымбатты жерлестер! Ұлы Абайды ұлықтаған мәртебелі әлеумет. Бүгін біз дәстүр бойынша ұлы бабамызға тағзым жасау үшін арнайы жиналып отырмыз. Хакім сөзін қазақтың бойтұмарына балаған Елбасының сенімді серігі, сарабдал саясаткер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен алдымыздағы жыл Ұлы Абайдың мерейтойлы жылы болмақ. «Тас түскен жеріне ауыр» дейді дана халқымыз. Семей жері, Абай елі – қазақ руханиятының меккесі. Осы орайда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Семей десе, Абай деп қарайды адам» деген ұлағатты сөзі еріксіз ойға оралады. Олай болса, Абай есімі жүрегіне берік орнаған әр қазақстандық өзінің алдындағы зор жауапкершілікті сезініп, ерлік, өрлік, ар-ұят, аманатқа адалдық сыналар шақта өзінің азаматтығын танытады деп ойлаймын. Абай жылы жаңа оқу жылының басталуымен тұспа-тұс келіп отыр. «Абай жылы – оқу жылы» идеясының авторы — хакімнің немере інісі Шәкәрім бабамыздың есімін абыроймен алып жүрген университет ұжымы. Кейінгі толқын інілердің атынан университет ұжымына, университет ректоры Мейір Ғариполлаұлына зор ризашылығымыз бен шынайы алғысымызды білдіреміз. Абай тойы, халық тойы құтты, берекелі болсын! — деді қала әкімінің орынбасары А.Садырбаев.

Айта кетейік, жуырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнан-байұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Қазір дайындық жұмыстары басталып кетті. Абай шығармаларының халық-аралық тілдердегі сапалы аудармасын баспадан шығарып, хакім мерейтойын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында тойлау мәселесі пысықталуда.

— Абайдың 175 жылдығы — шын мәнінде мемлекеттік дәрежедегі үлкен той. Осы тойдың салмағы әсіресе Семей қаласына, Шәкәрім университетіне, Абай мұражайына, Абай ауданына түсетінін барлығымыз жақсы түсінеміз. Абайды құрметтеу қазақты, руханиятты, өркениетті құрметтеу деп білеміз,- деді филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов. — Біздің университет көптеген тың бастамаларды қолға алып жүр. Бұл ретте университет ректоры Мейір Ғариполлаұлының еңбегі ұлан-ғайыр. Соның бірі — биыл «Абай жылы – оқу жылы» ұранымен жаңа оқу жылымызды бастағалы тұрмыз. Оқу ісі де, ғылыми зерттеуіміз де, тәрбие жұмысы да Абай ілімі, Абай тағылымы мен мұрасы төңірегінде өрбімек. Бұрын ғалымдар таласып келген Абайдың туған күні ескіше 10 тамыз бүгінгі 23 тамыз екені дәлелденді. Осы даталы күнге орай, қазір университет ректоры Мейір Ғариполлаұлы және оқытушылар құрамы мен студенттер Жидебай басына аттанбақ. Сәт сапар тілейміз,- деді Арап Сіләмұлы.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен соң Шәкәрім университеті ұжымы мен ниет білдірген жандар Жидебайға аттанды.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

20 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС