"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БОЛМАСАҢ ДА ҰҚСАП БАҚ, БІР ҒАЛЫМДЫ КӨРСЕҢІЗ…

06.09.2019
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

(Профессор Асылхан Сүлейменұлы Құрманбаевтың 90 жылдығына орай)

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Семейдегі қара шаңырақ оқу орындары – ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институты, зоотехникалық — мал дәрігерлік институты, педагогикалық институт — сол кездегі жастарға сапалы да іргелі білім, саналы тәрбие беретін оқу орындары еді. Ауылдан мектеп бітірген жастардың арманы осы оқу орындарының біріне түсу болатын. Мен де солардың қатарында технологиялық институтқа түсіп, бес жыл студенттік өмірдің қызығын Семейде өткіздім.

Глинка көшесінің бойында бас оқу ғимараты, жатақхана орналасқан. Басқа оқу ғимараттары да осы маңайда. Оқу кезінде ұстаздармен жақын таныса бастадық. Ол кезде қазақ топтары жоқ. Лекциялар орыс тілінде өтеді. Біртіндеп конспектілер жазуға төселе бастадық. Қоғамдық пәндерден лекция барлық топтарға бірге лек бойынша оқылады. КПСС тарихынан дәріс оқитын тарих ғылымдарының докторы, профессор Асылхан Сүлейменұлы Құрманбаев ағамызбен сол кезде танысқанбыз. Ол кісінің ораторлық шеберлігі өте жоғары еді, аудиторияны өзіне баурап алатын. Лекция барысында қазақша мәліметтерді, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдаланатын. Ара-арасында, тақы-рыптан бөлек, қызықты жайттарды айтып, бізді біраз демалдырып алатын, өйткені екпінмен оқылған лекцияны жазып алуға үлгере бермейтінбіз.

Қиындық сол жылы қысқы сессияны тапсырар кезде пайда болды. Орысшаны толық меңгермеген ауыл балаларына орыс тілінде емтихан тапсыру өте қиын тиді. Бір топ студент кафедра меңгерушісі Елемес Төлеуұлына барып, мәселені айттық. Математика, химия пәндерінен гөрі КПСС тарихы қиындау болатыны белгілі. Ол кісі: «Жақсы, кафедра меңгерушісі — профессор Асылхан Сүлейменұлымен сөйлесейін»,- деді.

Сонымен, осы ағаларымыз қолдап, қысқы бірінші сессияны қазақ тілінде тапсыруға рұқсат алып едік. Бұдан басқа да студенттік өмірде кездесетін қиындықтардың бәрінде Асылхан Сүлейменұлы әр уақытта жастарды қолдап, бағыт-бағдар беріп отыратын. Ол кісімен көп жыл кафедрада әріптес болған Манарбек Төкешевпен құрылыс отрядтарында бірге жұмыс істедік. Ол кісі Асылхан ағамыздың бауырмалдығы мен қарапайымдылығы, жастарға берген тәлім-тәрбиесі туралы айтудан жалықпайтын.

Сол кезде дүркіреп тұрған Одақтың басты қалалары — Ленинград мемлекеттік университетінде аспирантураны, Москва мемлекеттік университетінде докторантураны бітіріп, кандидаттық және докторлық диссертацияны қорғау екінің бірінің қолынан келе бермейтін. Бұл — алған білімнің, төгілген тер мен тынымсыз еңбектің нәтижесі.

Профессор А.С.Құрманбаев Жамбыл технологиялық инсти-тутының Семейдегі филиалында, ашылған жылынан бастап жеке шаңырақ көтергеніне дейін, КПСС тарихы кафедрасының меңгерушісі болды. Өзіне де, өзгеге де талапты күшейту арқылы кафедраны жоғары деңгейде ұстауға күш салды. Студенттер мен жас мамандардың білімі мен біліктілігін көтеруге аса мән бере білді. Әсіресе ауылдан келген қазақ балаларының қалада туындаған әртүрлі мәселерін шешуге үнемі баса назар аударатын. Осының бәрі профессор ағамыздың мәртебесін көтеріп, іскер басшы атандырды.

Асылхан Сүлейменұлының ұсынысымен бірталай жас қазақ мамандары жұмысқа шақырылды, оқуға аспирантураға жіберілді. Асекең Мәскеуге келіп, сонда оқитын Семейдің аспиранттарын «Россия» қонақ үйіне жинап, әңгімелесіп, қонақ еткені есімізде. Сонда қасында Мәскеудің қолданбалы биотехнологиялық университетінің ректоры, академик, техника ғылымдарының докторы И.А.Рогов және кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор А.В.Горбатов бар еді. Қазіргі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің ғалымдары — жоғарыда көрсетілген атақты профессорлардың шә-кірттері… Міне, Асылхан Сүлей-менұлының болашақ ғалымдарға демеушілік көрсеткені Семей технологиялық институтының дамуына қосқан зор үлесі болатын.

Филиал директоры В.Д.Тала- лаевпен бірге Мәскеу және Ленинград қалаларынан жетекші ғалымдарды шақырудың жоспарын жасады. Олар Семейге келіп, студенттерге лекция оқып, оқытушыларға оқу-әдістемелік семинар-кеңестер өткізді. Мемлекеттік емтихан комиссияларына жетекшілік етіп, мамандар дайындаудың сапасын көтеруге өз үлестерін қосты.

Алғашқы рет ғылыми іс-тәжірибеден өтуге, аспирантураға жас оқытушылар Мәскеуге, Ленинградқа жіберіле бастады. Студенттер практикаға орталықтағы ғылыми ұйымдарға, аса ірі кәсіпорындарға 10-15 адамдық топтармен жіберілді.

Бұл, сөз жоқ, институттың болашақта ғылыми-педагогикалық кадрлармен толық қамтамасыз етілуіне жағдай жасады.

Сол кездерде Москва, Ленинград қалаларында Қазақ-станнан келген көптеген жастар білім алып, өзге елдердің өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орната білді. Соның арқасында әлі күнге дейін шетелдік әріптестермен байланыс үзілген жоқ. Ресейлік ғалымдардың қатысуымен 1993 жылы ашылған Диссертациялық кеңес жұмысын жалғастыруда. Оннан аса ғылым докторлары, 70-тен аса ғылым кандидаттары, жаңа бағыт бойынша 6 PhD дайындалды. Институт түлектері Қазақстанның барлық аймақтарында білім, ғылым,өндіріс салаларында еңбек етуде. Асылхан Сүлейменұлы бастаған аға буын өкілдерінің салған ғылыми сара жолын жас ұрпақ ары қалай жалғастыруда.

Мәскеу, Ленинград, Алматы қалаларында оқып, білім алған, ұзақ жылдар Алматының белді университеттерінде қызмет атқарған Асылхан Сүлейменұлы талай белгілі ғалымдармен, атақты тұлғалармен кездесіп, араласып, сыйластықта болған. Ағаның естеліктерінен алғаш рет академик Қаныш Сәтбаевпен қалай кездескені, батыр Рақымжан Қошқарбаевпен сыйластығы, сол кездегі Қазақ ССР Жоғары білім министрі Қ.Б.Беляловтың ағалық қамқорлығы жайлы, т.б. жайттардан көп мағлұмат алуға болады.

Ардагер ұстаз, ғалым, Семей қаласының Құрметті азаматы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Асылхан Сүлейменұлы Құрманбаевтың 80 жылдық мерейтойын Семейдің зиялы қауым өкілдері 2009 жылы Қазақ қаржы-экономикалық академиясында «Бәсекеге қабілетті кадрлар дайындаудың өзекті мәселелері: тәжірибе, қазіргі жағдай және даму болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның аясында салтанатты түрде атап өткені баршамызға мәлім. Жиынға асыл ағамыздың шәкірттері, әріптестері, белгілі ғалымдар мен қоғам өкілдері қатысып, естеліктер айтқан болатын.

Уақыт жылдам, міне, ғалым ағамыздың 90 жылдық мерейтойы да келіп қалыпты.

Асылхан Сүлейменұлы жоға-ры білім саласында 40 жылдан астам уақыт ұстаздық етті, оның ішінде 25 жыл кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғайтын кеңестің, жоғары оқу орындарындағы ғылыми кеңестердің мүшесі болды, 3 ғылым докторын, 30 ғылым кандидатын дайындап, жүздеген диссертацияларға оппонент болды. 10 монография, барлығы 160-тан аса ғылыми еңбек жариялады. Ұстаз ағамыздың шәкірттерін тек Қазақстанда ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украинада да кездестіруге болады.

Ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегінің нәтижесінде «Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін», «ҰОС Жеңістің 20 жылдығы», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», Ы.Алтынсарин атындағы медальдармен, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Асылхан Сүлейменұлы — Семей қаласының Құрметті азаматы.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген аталы сөз осы ағамызға арналған секілді: жақсы ісімен, шәкірттерімен және ұрпағымен өзіне өшпес ескерткіш қойып кетті.

Асекеңнің аты ұмытылмайды. Оның жарқын бейнесі алыстаған сайын жарқырап, нұрын төге бермек.

Университет ғалымдары мен студенттердің Семей өңіріне зор еңбек сіңірген ғалым, ұстаз ағамыздың атына қаламыздың бір көшесін беру туралы ұсынысын жеткізе отырып, зиялы қауым мен қала жұртшылығы қолдайды деп сенеміз.

Қ.Ж.АМИРХАНОВ, т.ғ.д., профессор,

А.Е.ЕРЕНҒАЛИЕВ, т.ғ.к., профессор, профессор А.С.Құрманбаевтың шәкірттері{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

58 секунд бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

24 часа бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

24 часа бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС