"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ЕЛТАНУ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ СЕМЕЙДЕ

15.10.2019
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейге Қарағандыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» республикалық ту-ристік-өлкетану экспедициясы келді. «Өз еліңді таны» жобасы аясында ұйымдастырылған экспедиция ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Экспедиция құрамында этномәдени бірлестіктер жетекшілері, ғалымдар, ақындар, журналистер, блогерлер, ұстаздар және озат оқушылар — барлығы 23 адам бар. Тағылымы мол экспедицияға Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сараптамалық тобының мүшесі Нұрсахан Бейсенбекова жетекшілік етуде.

Бұған дейін Павлодар облысындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Мұса Шорманұлының кесенесін, Қаныш Сәтбаев мұражайын және тағы да басқа бірқатар тарихи орындарды аралаған экспедиция мүшелері 10 қазан күні Семейге келіп, Абай кітапханасында қаладағы этномәдени бірлестік мүшелерімен, қаланың зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Шығыс Қазақстанға сапарын қонақтар Жидебайда жалғастырып, Абай Құнанбайұлының Жидебай-Бөрілідегі мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби қорық-мұражайына, Құнанбай құдығына, Зере мен Ұлжан зираты сынды қастерлі орындарға ат басын тіреді.

— Облысаралық байланысты нығайту, туған жердің тарихын танып білу мақсатында биылғы жылы экспедицияны Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарына бағыттап отырмыз. Семей — Алаштың астанасы, тарихы ықылым заманға кететін қасиетті өңір, тарихи қала. Данышпан Абайды, мұхиттай терең ойлы Мұхтарды, ақын, философ Шәкәрімді сыйлаған қала, — деді Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын.

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үлкен жобаларды жүзеге асырып келеді. Елбасына ҚХА сессиясында таныстырылған «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы, «Елтану» мәдени-танымдық экспедициясы да осы бағдарламаның аясында жүзеге асырылып жатыр.

— Біз өткен жылы облыстық Ассамблея тарапынан үш жүздің басын қосқан қасиетті Ұлытауда «Ұлы дала елі» мәдени экспедициясын ұйымдастырдық. Балқашты, Алаштың үш бірдей алыбы шыққан Ақтоғай ауданын, ел арасында Көмекей әулие атанған, Абылай ханның ақылшысы болған Бұқар жырау атын иеленген ауданды, Арқаны, Қарқаралыны аралап, өлкенің тарихымен таныстық. Экспедицияның мақсаты — әуле-әнбиелердің басын аралау ғана емес, жастарды туған жердің тарихымен таныстырып, отансүйгіштік сезімдерін жетілдіру. Экспедиция құрамында әр ұлт өкілдерінен құралған жастар көп. Олар қазақ тілін жетік меңгерген Абай, Шәкәрім оқуларының жеңімпаздары,- дейді Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын.

Іссапар соңында экспедиция жайлы жинақ пен фотоальбом шығарылып, телевизиялық бағдарлама түсірілмек.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

10 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

10 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

10 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

10 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

10 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

10 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

10 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС