"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРИХИ ҒИМАРАТ ТАҒДЫРЫ ТАЛАЙДЫ АЛАҢДАТУДА

19.11.2019
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейліктерге қала орталығындағы бұрынғы зоотехникалық малдәрігерлік  институтының ескі ғимараты жақсы таныс. Өткен ғасырда өртке орынған  ХІХ ғасырдағы сәулет өнері ескерткішінің қалпына келтірілуін қала тұрғындарының күткеніне де талай уақыт болды.

Бұл ғимаратта 1873 жылы Семейдегі төрт сыныптық әйелдер гимназиясы ашылып, оқу орнының алғашқы оқытушыларының бірі шаһардың тұңғыш кәсіпқой суретшісі,  Орыс географиялық қоғамының мүшесі В.Н.Белослюдов болған. 1909 жылы прогимназияның атауы әйелдер гимназиясы деп өзгертіліп, оқу мерзімі 7 жылға ұзартылған. Кейін бұл ғимаратта партия мектебі орналасты. Ал Ұлы Отан соғысы жылдарында аталған ғимарат көшпелі госпитальға айналды.

1952 жылы Семей қаласында   Зоотехникалық-малдәрігерлік институты ашылып, 1957 жылы республикамыздың ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін алғашқы 256 маманды  осы ғимараттан түлетті.

Қаладағы Уранхаев көшесіндегі талай тарихтың куәсі болған сәулет өнерінің ескерткіші — осы үш қабатты қызыл кірпіштен қаланған ғимарат 1986 жылы желтоқсан айында өртеніп кетті. Тағаны тізбектелген шойтас, қабырғалары мен бөлме аралықтары кірпіштен қаланған, өңделмеген, қасбеті орташа күрделілікте безендірілген, шатыры темір, еденіне тақтай, плитка және цемент сияқты құрылыс материалдары  төселген ғимараттың биіктігі 14,8 метр, ал көлемі 37208 текше метр.

Ғимарат тарихында екі рет өрт шыққан. Бір қызығы, екі апатты жағдай да акт залында дәл сол айда орын алған. Анығын айтсақ, 1917 жылы 9 желтоқсанда және 1986 жылы 11 желтоқсанда.

Алғашында, яғни 1917 жылы, гимназия шәкірттері акт залында керосин шамын еденге құлатып алып, өрт тұтанған. Өрт сөндірушілер шақырылып, жалын ауыздықталғанымен, түн ортасында, 10 желтоқсанда, қайта өршіген. Бұл жолғы жалын алғашқыдан да қатты болып, өрт едәуір қиындықпен сөндірілген екен.

Араға 69 жыл салып, сол акт залының жылу батареясын дәнекерлеу жұмысы кезінде жалын ашық едендердің арасына түсіп, апатты жағдай қайталанады. Дәнекерлеруші еденге шелектеп су құйғанымен, тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмайды. Тіпті институт басшылығының айыппұлдан қашып, жағдайды өздері реттемек болып әрекет еткендері, шамалары жетпеген соң өрт сөндірушілердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болғандары да мұрағат құжаттарында сақталған. Құтқару қызметі дереу жеткенімен, студенттерді ғимараттан шығаруға тағы жиырма минут уақыт кетеді. Бұл кезде өрт мың шаршы метрден астам аумақты қамтып үлгерген. Ал жалын биіктігі жеті метрден асты. Бұл қала тарихындағы ең үлкен өрт болған еді. Өрт сөндірушілер тәулік бойы қызыл жалынмен алысып, сөндірілгеннен кейін де үш күн бойы  күзеткен.

Алғашқы өрттен соң ғимаратты қалпына келтіруге бүкіл қала тұрғындары жұмылса, 1986 жылғы  апаттан соң семейліктер мемлекеттің қолдауын күтті. Деректерге сүйенсек, өрттен кейін жөнделмей тұрған ғимарат 1990 жылдары жекеменшікке өткен. Бірақ әлі күнге дейін мемлекеттің қорғауында. Жергілікті әкімдіктің ғимараттың қалпына келтірілетіні туралы айтқанына да талай жылдың жүзі болды.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов жуырда журналистермен өткен баспасөз мәслихатында ғимаратты 2014 жылы Семей қаласының тумасы сатып алғанын жеткізді. Бүгінде Алматы қаласында тұратын кәсіпкер нысанның тарихи сәулетін бұзбай, қалпына келтіруге сөз берген. Алайда нәтиже болмай тұр.

— Біз кәсіпкерге ескерту жолдадық. Егер осыдан кейін тиісті шараларды қолданбаса, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы тарапынан үлкен мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін екендігін де айттық. Бұған дейін кәсіпкер қала әкіміне келіп, ғимаратты сәулет өнерінің тарихи құндылығы ретінде қалпына келтіруге уәде берген,- деді Құдайберген Сейілханов.

Алайда кәсіпкер өзінің міндетін орындауға асығар емес. Қала тұрғындары әзірге ғимараттың 33 жыл бұрынғы өрттен кейінгі құр қаңқасын тамашалауда. Алдағы уақытта тарихи сәулет ескерткішінің қандай мақсатқа пайдаланылатыны да әлі белгісіз. Қалай болғанда да сүйікті қаламыздың сұрқын қашырып тұрған ғимарат жөнделсе деген көп тілегі, бәлкім, алдағы 2020 жылы орындалар деген үміт бар.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

6 дней бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

6 дней бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

7 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

7 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 недели бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 недели бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 недели бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 недели бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС