"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗЕЙНЕТАҚЫҢЫЗДЫ ДЕР КЕЗІНДЕ РӘСІМДЕҢІЗ!

19.11.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңмен ұлғайтыла бастады. Осылайша, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2027 жылға дейін 63 жасқа жеткенше жылына 6 айға ұзартылып отырады. Яғни, бұл 10 жыл уақытты қамтиды деген сөз. Дей тұрғанмен Қордан берілетін зейнетақы төлемдеріне қатысты болашақ зейнеткерлер арасында әлі де болса түсініспеушіліктер бар.

Мемлекеттік бюджеттен берілетін базалық және ортақ зейнетақы мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 59 жасқа толғанда) төленеді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер зейнеткерлікке 59,5 жаста шығатын болады. Зейнетақы төлемдері алушы өтініш берген күннен бастап тағайындалады. Өтінішті туған күнге 10 күн қалғанда беруге болады.

2018 жылдың қазан айына дейін зейнет жасына толған азаматтар мемлекеттік бюджеттен берілетін базалық және ортақ зейнетақыны рәсімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінетін. Ал зейнетақы жинақтарын алу үшін Қордың жергілікті бөлімшесіне баратын. Бұл жасы келген адамдарға ыңғайсыздық тудырып келді. Міне, осы жайттар ескеріліп, өткен жылдың қазан айынан бастап «Бір терезе» қағидаты бойынша Композиттік қызмет іске қосылды. Мақсат – зейнетақы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және зейнетақы рәсімдеу шарасын жеңілдету.

Енді екі жерге барудың қажеті жоқ. Зейнет жасына толған азаматтар жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен БЖЗҚ төлемдерін рәсімдеу үшін бірыңғай өтініш пен құжаттар топтамасын бір жерге – Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырады. Бұл ретте алушы жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын, сондай-ақ банк шоты туралы мәлімет ұсынады. Әрі қарай жиынтық зейнетақы төлемдері бекітілген кесте бойынша ай сайын алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына бір мезгілде аударылып отырады.

Атап өту керек, егер биыл зейнеткерлік жасқа толған әйел (59 жас) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін осы жылдың 31 желтоқсанына дейін рәсімдеп үлгермей, 2020 жылдың қаңтарында келіп өтініш жасайтын болса, онда ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, ол алдағы жылы зейнетақы төлемдерін тек 59,5 жасқа толғанда ғана рәсімдей алады. Сондықтан, егер Сіз зейнеткерлік жасқа биылғы жылдың 31 желтоқсанында толатын болсаңыз, онда 10 күн қалғанда, яғни 21-31 желтоқсан аралығында Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш беріп үлгеруіңіз қажет. Өйтпеген жағдайда, зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін тағы 6 ай күтуге тура келеді. Себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады.

Әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толғанда;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толғанда;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толғанда;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толғанда;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

Жадыра ТӨЛГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы» {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

27.03.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Ақордада әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Мемлекет...

Толығырақ...Details

Абай облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейтуде

27.03.2026
Абай облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейтуде

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Абай облысының прокуратурасы мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарымен, әлеуметтік қорғау департаментімен, сондай-ақ облыстық кәсіподақтар...

Толығырақ...Details

Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

27.03.2026
Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

Semeytany.kz - Абай облысында Алакөл жағалауын дамыту және 2026 жылдың жазғы маусымына дайындық мәселелері арнайы жиында қаралды. Облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Абай облысында 2022 жылдан бері 645 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

27.03.2026
Абай облысында 2022 жылдан бері 645 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Абай облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды экономикалық айналымға тарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 2022...

Толығырақ...Details

Электрмен жабдықтау: не білу қажет?

27.03.2026
Электрмен жабдықтау: не білу қажет?

Қазақстанда электр энергетикасы саласы стратегиялық маңызға ие. Оның тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі ел экономикасының дамуына тікелей әсер етеді. Осыған...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

23.03.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

Қымбатты отандастар! Бүгін «Тазару күніне» орай еліміздің әр түкпірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын ауқымды экологиялық акция...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2 дня бұрын

Абай облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейтуде

2 дня бұрын

Ақсуатта туған блогер әлемдік марапаттан кейін облыс әкімімен кездесті

2 дня бұрын

Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

2 дня бұрын

Абай облысында 2022 жылдан бері 645 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

2 дня бұрын

Электрмен жабдықтау: не білу қажет?

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

6 дней бұрын

Абай жастары Тазару күнінде игі бастамаларды іске асырды

6 дней бұрын

Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

7 дней бұрын

Семейде елдің таңдаулы дзюдошылары «ABAI OPEN» турнирінде күш сынасып жатыр

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС