"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСТАМАШЫЛ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА

29.11.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жастар жылы аясында сейсенбі, 26 қараша күні Семейде қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Шығыс жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ауыл жастарының форумы өтті. Форум Абай кітапханасында өткен семинар-тренигтен басталды. Оған Семей қаласына қарасты он төрт ауылдық округтен сексенге жуық жас қатысты.

Жастар форумының ашылу салтанаты Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада өтті. Форум жұмысына жастар ұйымдары өкілдері, қалалар мен аудандардағы жастар ресурстық орталықтары директорлары мен SMM бөлімі мамандары, жастар мәслихаты депутаттары мен хатшылары, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардағы жастар ісі комитеті жетекшілері, жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттері, жас отбасылар, еріктілер мен белсенді жастар қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» тақырыбындағы Елбасының шығар-малары қойылған суретті кітап көрмесін тамашалады. Осыдан соң арнайы төрт жұмыс тобы құрылып, тренерлердің көмегімен семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Мәселен, ҚазИГЗУ-де «Жастар ресурстық орталықтарының тиімділігін арттыру» тақырыбы бойынша, қалалық ақпараттық орталықта SMM, копирайтинг бойынша семинар-тренинг болып өтті.

Ал Абай кітапханасындағы оқыту семинары «Мемлекеттік және халықаралық гранттар конкурстарына жастардың үкіметтік емес ұйымдардың атынан қатысуы» деп аталса, аталмыш кітапхана жанынан ашылған «Білім орталығы» коворкинг-орталығындағы семинар-тренинг «Жастармен жұмысты ұйымдастыру: әдістері, формалары» тақырыбына арналды.

Барлық жұмыс топтары бойынша жастардың қатысу белсенділігі анағұрлым жоғары болғанын айта кету ләзім. Мәселен, тренер Айдын Қайырбекұлы өткізген жиында арнайы гранттар конкурсына жастардың үкіметтік емес ұйымдар атынан қатысуы мәселелері қозғалды. Бұл ретте тәжірибелі тренер гранттар конкурсына қатысу үшін қандай іс-шаралар жүргізу керектігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар жоспар құру, жоба әзірлеуде көзделетін негізгі мақсат және оны қорытындылау туралы мағлұматтар берді.

Өз сөзінде жоспар құруда шетелдік әдіс-тәжірибелерге сүйену де артықтық етпейтінін айтқан Айдын Қайырбекұлы қазіргі кезеңде қазақ жастарына әлі де болса сауаттылық жетіспейтіндігін атап өтті. Сонымен қатар грантты ұтып алу үшін конкурс шарттарын дұрыс орындау мәселесі жайында да айтылып, әлеуметтік жобаларды әзірлеу мен мемлекеттік тапсырыстарды орындау үшін еліміздің қолданыстағы заңнамасын білудің маңызына да тоқталды.

Семинар-тренингте сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар үшін берілетін гранттарға қол жеткізудегі қиындықтар мен оны жеңудің жолдары туралы да айтылды.

Ауыл жастарына кәсіпкер-ліктің қыр-сырын үйрету мақсатында «Шығыс жастары» қоғамдық қорының ұйым-дастыруымен өткен семинар-тренингте сөз алған «Шығыс жастары» қоғамдық қорының директоры Айдос Төлеуханов:

— «Шығыс жастары» қоғамдық қоры Жастар жылы аясында Семей қаласына қарасты он төрт ауылдық округте түрлі тақырыпта шеберлік-сыныптарын, спорттық ойындар өткізіп келеді. Жыл соңында белсенділік танытқан ауыл жастарының үздіктерін Семей қаласына шақырып отырмыз. Олар бүгін кәсіпкерлік негіздерін үйрететін семинар-тренингке қатысатын болады. Сонымен қатар «240 сағат ауылда» жобасы негізінде қала жастарын ауылға апарып, тыныс-тіршілігімен таныстырдық. Олар қой бағу, сиыр сауу, малға шөп салу сынды күнделікті тірлікпен танысып, ауыл жастарымен етене араласып кетті,- дейді.

Бүгінде ауылдағы жастардың саны аз болғанымен, олар да өз кәсіптерін бастай алады. Бұл үшін «Жас кәсіпкер», «Бастау бизнес» жобалары жүзеге асуда.

— Ауылда да бизнесті дамытуға болады. Мәселен, тіл үйрететін орталықтар, компьютер орталықтары, шаштараз сұранысқа ие. Ауыл жастарына осындай семинар-тренингтер мен шеберлік сыныптары өте қажет деп ойлаймын, — дейді Шақаман ауылан келген қатысушы Әлия Рахымғалиева.

Семинар-тренингті қаламыз-дағы «Intellectuall» білім беру орталығының директоры Еркебұлан Тұрсын жүргізіп, тәжірибесімен бөлісті. Жас кәсіпкердің айтуынша, кәсіп бастайтын адамға ең алдымен сенімділік қажет. «Сен өз кәсібіңе күмәнмен қарасаң, өзгелерді де сендіре алмайсың»,- дейді Еркебұлан Тұрсын.

Семинар-трениг соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Алла Пугачеваның жиені Никита Пресняков ғашық болған қазақ қызы Аида мен Никитаның бүгінгі тағдыры қалай?

15.09.2025
Алла Пугачеваның жиені Никита Пресняков ғашық болған қазақ қызы Аида мен Никитаның бүгінгі тағдыры қалай?

Осыдан біраз уақыт бұрын Алла Пугачеваның жиені Никита мен қазақ қызы Аиданың арасындағы махаббат көпшілік назарын аударып, көп кешікпей олардың...

Толығырақ...Details

Қала мен аудандарда көгалдандыру қарқыны күшейеді: ағаштың жерсінуі бақылауда

15.09.2025
Қала мен аудандарда көгалдандыру қарқыны күшейеді: ағаштың жерсінуі бақылауда

Semeytany.kz – Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Таза Қазақстан» аясындағы тапсырмалардың орындалуы, сондай-ақ автомобиль жолдары мен...

Толығырақ...Details

«Сәби болғым келеді»

15.09.2025
«Сәби болғым келеді»

Бұл Тұрсынғазы Рахимовтың алғашқы әні. Сазгердің сазгерлік әлеміндегі сәтті сапарына жол ашқан ағжолтай ән. Бар қазақтың көңілін баураған бөлек дүние...

Толығырақ...Details

Түркістанда әлемдік стандарттағы есу арнасы ашылды

15.09.2025
Түркістанда әлемдік стандарттағы есу арнасы ашылды

Semeytany.kz - Түркістан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықаралық талаптарға сай салынған бірегей есу арнасы пайдалануға берілді. Нысан Халықаралық каноэ федерациясы...

Толығырақ...Details

Суықбұлақта 100 орындық жаңа мектеп құрылысы қарқын алды

15.09.2025
Суықбұлақта 100 орындық жаңа мектеп құрылысы қарқын алды

Semeitany.kz – Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында 100 орындық жаңа мектептің құрылысы белсенді жүріп жатыр. 1964 жылы балабақша ретінде салынған ескі...

Толығырақ...Details

Қазақстан АӨК саласындағы импортқа тәуелділікті азайту үшін 202 инвестициялық жобаны іске қосады

15.09.2025
Қазақстан АӨК саласындағы импортқа тәуелділікті азайту үшін 202 инвестициялық жобаны іске қосады

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды кең ауқымда тарату және...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Алла Пугачеваның жиені Никита Пресняков ғашық болған қазақ қызы Аида мен Никитаның бүгінгі тағдыры қалай?

2 часа бұрын

Қала мен аудандарда көгалдандыру қарқыны күшейеді: ағаштың жерсінуі бақылауда

5 часов бұрын

Абай облысында қысқы маусымға жолдар мен жылыту бекеттері дайындалып жатыр

5 часов бұрын

«Сәби болғым келеді»

5 часов бұрын

Түркістанда әлемдік стандарттағы есу арнасы ашылды

6 часов бұрын

Суықбұлақта 100 орындық жаңа мектеп құрылысы қарқын алды

6 часов бұрын

Қазақстан АӨК саласындағы импортқа тәуелділікті азайту үшін 202 инвестициялық жобаны іске қосады

7 часов бұрын

Қазақстан мен Гонконгтың авиациялық билігі арасында келіссөздер өтті

7 часов бұрын

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті

7 часов бұрын

«Жұмысшы мамандықтар жылы»: Жаңа реалити-шоу көрерменге жол тартады

7 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС