"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

04.02.2020
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаңа жылдан бастап Семейдегі қоғамдық көліктерде элек-трондық билет жүйесі енгізілді. Енді жолаушылар жол ақысын үшін көлік картасымен немесе «Автобус» қосымшасымен 80 теңге, қолма-қол ақшамен 140 теңге төлейді. Қалалықтардың көпшілігі электронды билет жүйесін қолдануды тиімді санайды. Сонымен, жаңа жүйе енгізілді, валидаторлар орнатылды.

Бірақ жолаушылар тасымалдау аясында мәселе азаймай тұр. Күн сайын әлеуметтік желілерде қалалықтардың көлік карталарынан ақшаны «өздігінен» шешіп алады деген шағымдары жарияланып жүр. «Картамды 1000 теңгеге толтырып, көлікпен бір бағытта ғана жүрсем де, кешкілік картамда ақша қалмай қалады» деген сыңайда жазба қалдырушылар да баршылық.

Осыған орай электрондық билет жүйесін енгізген «SmartConcept» компаниясы жолаушылардың шағымына жауап берді. Компания өкілдерінің айтуы бойынша, жолаушылардың көлік картасынан заңсыз ақша шешіп алу фактісі болған емес.

— 2020 жылдың 28 қаңтарында «Avtobys» қызметі жоғарыдағы мәселе бойынша 400 сұрақты қарастырып шықты. «Картадан ақша жоғалды» деген бірде-бір факт нақтыланбады. Мәселені түбегейлі зерттеу барысында шешілген ақшаның барлығы нақты жол жүру бойынша ғана алынып отырғаны анықталды.

«Avtobys» платформасында жолаушылардың электрондық әмияны мен электронды ақшасы пайдаланылады. Сонымен бірге ақша картада емес, банктің электронды әмиянында сақталады. «Avtobys-тің» электронды ақшамен жүргізілетін кейбір операциялары банкпен өзара байланыста болады, осыған байланысты мұндай операцияларға біршама уақыт кетеді, көтеріліп отырған мәселе осыған орай туындап отыр.

Сондықтан компания өкілдері жолаушылардың карта теңгерімін емес, жүрген жолының санын білгендері абзал екенін айтады.

Жол жүру санын Telegram ботта @AvtobysPassengerBot немесе + 7 7222 44 55 48 немесе WhatsApp: +7 705 391 8554 номері арқылы тексеруге болады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

18 часов бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

19 часов бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

19 часов бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

24 часа бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

24 часа бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

24 часа бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

2 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

2 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

2 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС