"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

12.05.2020
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында облыс көлемінде бірқатар шаралар өткізілді. Соның ішінде бірінші кезекте «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Birgemiz Shygys» қоғамдық қоры арқылы 2982 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедегіне және тыл еңбеккерлеріне азық-түлік себеттері тапсырылды. Көптеген мекемелердің басшылары мен өкілдері де соғыс және тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, мейраммен құттықтады.

Сонымен қатар облыс көлемінде тұратын барлық соғыс ардагерлеріне «Nur Otan» партиясынан мерекелік қол сағаттар және ҚР Президенті мен ШҚО әкімінің құттықтау хаттары да табыс етілді.

— Аталмыш акция екі күн бойы өткізілді. Сыйлық Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне табысталды. Тізімдерді әлеуметтік қорғау органдары әзірледі. Біз тиісті мекенжайларға барып, сыйлықты тараттық, — дейді бұл ретте аталмыш шаралар жайында түсінік берген «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Арғынбекова.

Айта кетерлігі, бұл естелік сыйлықтар мен азық-түліктер қоржынын облыстық, қалалық мәслихат депутаттарымен қатар, партияның сайлау органдарының және партиялық кадрлық резерв мүшелері де мереке қарсаңында жеткізіп берді.

Жалпы, бүгінгі таңда облысымыз бойынша Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар уақытша ғана тоқтатылғаны белгілі. Осыған дейін «Мәңгілік полк» шеруінің орнына онлайн-акция өткізу ұсынылған болатын.

— Облыс әкімі Даниал Ахметов осыдан бес ай бұрын Жеңістің 75 жылдығына дайындықты бастауды тапсырған еді. Бірақ іс-шараларды уақытша тоқтатуға тура келді. Еліміз бойынша енгізілген шектеулер  аяқталған соң, барлық іс-шаралар қайтадан жалғасады, — дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев.

Аймақтық ардагерлер кеңесі төрағасының айтуынша, облыс көлеміндегі ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне облыстық бюджеттен 900 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Олардың 80 пайызы Жеңіс күніне дейін белгіленген төлемдерді алып та үлгерді.

Осыған дейін айтып өткеніміздей, Жеңістің 75 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге 600 000 теңге; марапатталған тыл еңбеккерлеріне – 100 000 теңге, марапатталмағандарға 42 500 теңге көлемінде төлемақы беру туралы шешім қабылданған еді. Аталмыш бағыттағы шаралар облыс әкімінің қадағалауында болды.

Ал 9 мамыр күні шектеу салдарынан «Мәңгілік полк» шеруі өткізілген жоқ. Оның орнына облыс тұрғындары майданда болған ата-әжелерінің фотосуреттерін терезеге қойып, сағат 21.00-де шам жағып, сол бір сұрапыл күндерді еске алды.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

9 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС