"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

19.06.2020
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде кешкілік мезгілде Аягөз қаласында қатты дауыл тұрып, құйын жүріп өткен болатын. Нақтырақ айтсақ, ауданда жылдамдығы секундына 28 метрге жеткен екпінді жел соғып өтті.

Аталмыш жағдайға орай, ауданда төтенше жағдай жарияланды. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің шұғыл тапсырмасымен аймақ басшысының орынбасары Ба-қытжан Баяхметов бастаған арнайы комиссия құрылып, бүгінде қалада жұмыс жүргізуде.

Оқиға орын алысымен барлық коммуналдық және апаттық қызметтер дауылдың салдарын жоюға кірісті. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қажетті қаражат бөлінеді. Қалпына келтіру шаралары бір апта ішінде аяқталуы тиіс.

ШҚО Төтенше жағдайлар басқармасының берген мәлі-метіне сүйенсек, Аягөз қала-сындағы орын алған табиғат апаты салдарынан 72 жеке тұрғын үй және 19 көп қабатты үйлер, сондай-ақ 8 әкімшілік ғимараты зардап шеккен. Ағаштар мен бұтақтардың құлауы салдарынан электр желілері үзілген.  ШҚ ӨЭК-ның 5 апаттық бригадасының шұғыл әрекет етуінің арқасында жарықсыз қалған 3679 абонентке көп ұзамай кезең-кезеңімен электр энергиясы берілді.

Қалалық ауруханаға түрлі дәрежедегі жарақаттармен 7 адам жүгінген. Қазір жағдайлары тұрақты, стационарда бір науқас жатыр.

Қазіргі уақытта Аягөз қаласында қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жойқын дауылдан кейін төтенше және коммуналдық қызметтердің барлық күштері қала көшелеріне шығарылды. «Коммуналдық шаруашылық қызметкерлері, электр мамандары, еріктілер жолдарды құлаған ағаштардан, бағаналардан, құрылыс материалдарының қалдықтарынан, сымдар мен кабельдерден тазартуда. Кейбір аумақтарда тұрғындар өз күштерімен үйлерінің айналасын қалпына келтіруде. Жұмыс қызу қарқынмен жүріп жатыр.

Аягөз аудандық әкімдігі жағдайдың толықтай бақылауда екенін, шығындар есептеліп жатқанын жеткізді. Алапат дауылдан зардап шеккен көп қабатты және жер үйлердің тұрғындарына көмек көрсету жөнінде аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлы Оразбаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берген болатын. Маусымның 17-нен бастап аудан әкімдігі ғимаратында тұрғындардан өтініштер қабылданып жатыр. Комиссия мүшелері зардаптың мөлшерін анықтаған соң көмек көрсетілетін болады.

— Апат айтып келмейді. Тосыннан болған дауылдан бәріміз де тосырқап қалдық. Десе де сабыр түбі сары алтын екендігін ұмытпайық. Қаланы қалпына келтіру үшін жұмыстар жүргізілуде. Бастысы, сын сәтте сергелдеңге түспей, байсалдылық танытайық, — деп жазды Аягөз ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Қазіргі күні аудандық әкімдік қызметкерлері төтенше жағдайға байланысты жергілікті халыққа түсінік беру мақсатында да жұмыс жүргізуде. Қатты дауылдан зардап шеккен азаматтар аудан әкімдігіне келіп өтініш беруде.

«СТ» — ақпарат{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

8 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС