"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тарбағатайға Түркиядан көмек келді

21.07.2020
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Түркиядағы қазақ диаспорасы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы дүниежүзі қазақтарын біріктіретін  «Отандастар» қорының атынан Тарбағатай ауданына гуманитарлық көмек келді. Денсаулық қоғау саласына арналған көмекті Қазақ-Түрік білім және зерттеу қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары, дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі Серқан Динчтүрк Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуаттағы ауруханаға әкеліп тапсырды.

Түркиядан келген гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Садуақасов, аудандық мәслихаттың хатшысы Сәумен Жақаев және аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алмагүл Әштаева, аудан әкімінің орынбасарлары Қайрат Мауадинов, пен Ержан Сабырбаев, Ақсуат ауылы ардагерлер алқасының төрағасы Болат Оразғалиев қатысты.

19 қорапқа салынған құны 5 миллион теңге болатын гуманитарлық көмекте тыныс алу аппараты, маска, халат және медициналық қорғаныс құрал-жабдықтары бар. Түркиядағы қазақтардың атынан келген көмек Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сияқты ірі мегополистерге жіберілген екен. Сол көмектің бір бөлігі Тарбағатай ауданының үлесіне тиіпті.

-Сіздерге Түркия халқының сәлемін жеткізіп тұрмын. Біздің әкелген көмегіміз коронавирус инфекциясын жеңуге көмектеседі деп үміттенеміз. Осы кеселден қайтыс болған марқұмдарға Алла иман байлығын берсін. Емделіп жатқан қандастарымызға шипасы тисін деп тілеймін,-деді дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі Серкан Динчтүрк.

Түркиядан келген бұл көмекті коронавирус індетімен күрестегі жаһандық ынтымақтастықтың айқын көрінісі деп бағалаған Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Құсайынұлы Түркиядағы қандастарымыздың сәлемін жеткізген Серкан Динчтүркке алғыс сезімін білдіріп, құрметпен иығына шапан жапты.

Тарбағатай ауданының әкімі Серікқазы Сәдуақасовтың үндеуіне үн қосқан Екпіннің тумасы, жерлесіміз, меценат Дулат Тастекеев Ақсуаттағы аудандық орталық ауруханаға «ИВЛ-РО 6» жасанды тыныс алу аппаратын, 2 (Прикроватные мониторы) төсектің қасында тұрып науқастың тыныс алуы және қанның оттегімен көректенгендігі мен қан қысымын өлшеп тұратын монитор, 10 дана (Плуьсоксиметр) өкпенің оттегімен қанды көректендіріп тұрған қабілетін көрсететін, 10 дана (термометр)  жүрек қағысын көрсететін аппараттарды тапсырған еді.

Сонымен қатар Сәтбаев ауылының азаматы, атақты спортшв, әлем чемпионы Ықыбаев Дастан мен кәсіпкер Ықыбаев Рүстем Ақсуат ауруханасына он төрт оттегі аппаратын жеткізіп берген болатын. Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының тарапынан «Ана мен бала» орталығынан 1 тыныс алу аппараты, 2 төсектің қасында тұратын манитор  көмекке беріген екен.

-Қиындықты береке-бірлік жеңеді. Бүгінгі тірлігіміз ел өмірінжегі сол береке-бірліктің көрінісі. Аудан халқына көмектерін жасап жатқан азаматтардың қатары көбеюде. Біз оған да қуанамыз. Көптеген мекеме, бөлім қызметкерлері, жеке азаматтарымыз емделіп жатқан науқастарға азық-түлік әкеліп, көмектесіп жатыр. Мақсатымыз аудан халқын осы кеселден аман алып шығу. Қиын кезеңде халыққа көмек қолын ұмынған азаматтардың барлығына, атап айтқанда Дулат Тастекеевке, ағайынды Дастан мен Рүстем Ықыбаевтарға, Қайнар Дүйсенов, Дархан Шотабаев, Болат Қойбағаров, Саян Садықов, Дастан Рахымбаев, Қайырлы Қасенов, Саят Садуанов, Кенжеюек Шыныбаев, Әділғазы Садықов, Айнұр Тұрсынбаева, Жандос Оразғалиев және «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының жақтастарына халық атынан алғыс айтамын. Ауданымызға келген дүниені тиісінше Ақсуат пен Ақжарға бөліп бердік,-деді аудан  әкімі Серікқазы Құсайынұлы.

-Негізі біздің аурухана 40 төсектік, бірақ қазіргі таңда 105 орын жабдықтап отырмыз. Сонымен қоса,  45 дәрігерлерге арнап төсектер салынған. Сонда 150  төсек салынып тұр. 45 дәрігер күндіз-түні халыққа қызмет етуде. Бүгінгі таңда 78 науқас емделуде. Медицина қызметкерлерінің де денсаулықтарын сақтауымыз керек. Арамызда ауырып жатқан қызметкеріміз де бар. Солардың бәрін емдеп шығу үшін қолдан келген  шараларды іске асырып жатырмыз. Күніне 45 адам рентгенге түсіріліп жатыр. Рентген лаборанттарымыздың түсіргендерін жалғыз дәрігер оқып отыр. Ол да оңай жұмыс емес. Осында оқылған рентгендер қаладаға компьютерлік томографиялармен бірдей шығып жатыр. Бұл да біздің дәрігеріміздің біліктігінің дәрежесін көрсетсе керек. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ильяс Тұңғышханұлының ауданымызға көңіл бөліп, жасап отырған қамқорлығына алғысымыз шексіз,- дейді Алмагүл Әштаева.

Х.СӘТИЕВ.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

26.05.2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу...

Толығырақ...Details

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар

26.05.2026
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар

Ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) қайта қарау және жаңа мөлшерлерін қабылдаудың мақсаты қандай? ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың негізгі мақсаты...

Толығырақ...Details

ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған

26.05.2026
ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған

Қоғамның белсенді қызығушылығына және көптеген сауалдардың туындауына байланысты ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) есептеу әдістемесіндегі жоспарланған өзгерістерді түсіндіреміз. ТЖШ есептеу...

Толығырақ...Details

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қаражат қалай пайдаланылды

26.05.2026
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қаражат қалай пайдаланылды

2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 297 895 өтініш орындалып, жалпы...

Толығырақ...Details

Облыс түлектеріне Шәкәрім білім гранты табысталды

26.05.2026
Облыс түлектеріне Шәкәрім білім гранты табысталды

Биыл Шәкәрім университетінде үшінші жыл кезекті рет «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты шарасы өтті. Балалық шақпен қоштасып, болашаққа қадам басқан Shakarim...

Толығырақ...Details

AI арқылы түсірілген фильмдерге халықаралық байқау жарияланды

25.05.2026
AI арқылы түсірілген фильмдерге халықаралық байқау жарияланды

Semeytany.kz – Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен өтінім қабылдау басталды. Фестивальдің ресми сайты – Astana AI...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

10 часов бұрын

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар

10 часов бұрын

ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған

10 часов бұрын

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қаражат қалай пайдаланылды

10 часов бұрын

Облыс түлектеріне Шәкәрім білім гранты табысталды

10 часов бұрын

AI арқылы түсірілген фильмдерге халықаралық байқау жарияланды

1 день бұрын

Мемлекеттік тіл тақырыбындағы үздік материалдарға байқау жарияланды

1 день бұрын

Семей маңында ірі ет комбинаты салынып жатыр

1 день бұрын

Бөкенші ауылында өрт сөндіру пункті іске қосылды

1 день бұрын

Талица ауылында таза ауыз су мәселесі шешілді

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС