"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал АХМЕТОВ: АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНДА ОҢ ДИНАМИКА БАР

23.11.2020
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 20 қараша күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауындағы міндеттерді іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, облыстың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

Келер жылы алты ірі жоба аяқталады

Даниал Кенжетайұлы атап өткендей, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы ШҚО-да дағдарысқа қарсы сәтті жүзеге асырылған маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады.

Карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты биыл еңбек нарығында еңбекке қабілетті халықтың, әсіресе жастардың саны басым.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірде ЖҚЖК бойынша 77,4 млрд теңге қаржыға 819 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба әзірленіп, 21 мың жұмыс орны ашылғанын атап өтті.

– Бүгінгі таңда 479 әлеуметтік нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда білім беру саласында 266, денсаулық сақтау саласында 30, мәдениет саласында 76, спортты дамытуға 43 жоба және 66 жоба әлеуметтік қамтамасыз ету саласы бойынша жүзеге асырылды. 87 шақырым су құбыры желісі, 238 шақырым жол мен көше жөнделді, 79 аула абаттандырылды, – деді аймақ басшысы.

Соның ішінде Семейдегі Перинаталдық орталықта, Аягөз, Глубокое, Жарма және Ұлан аудандарындағы аудандық ауруханаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Шемонайха қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Семейдегі онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығының, сондай-ақ екі пәтерлі 37 үйдің құрылысы аяқталуда.

Өскемен қаласы мен Үржар ауданының әуежайларын қайта жаңарту, Онкология және хирургия орталығының операциялық блогын жаңғырту, Семей мен Өскеменде тұрғын үй құрылысы жүргізілетін аудандарда инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған ауқымды жобалар келер жылы аяқталады деп жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Алакөлдегі туристік демалыс орындарын дамыту жайында да айтып берді.

— Таяу жылдарда туризмді дамытуға ерекше екпін қойылып отыр. 4 жылда Алакөл бассейні аумағына 24 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі кезде 11 млрд теңге игеріліп, инфрақұрылым салынды. Сонымен қатар туристік кешендердің құрылысына арналған жер учаскелері дайындалды. Осылайша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр, — деді әкім. Облыс басшысының сөзіне қарағанда, Алакөлге келетін туристер саны да бұрынғыдан арта түспек.

— Биылғы қиындықтарға қарамастан, 600 мың турист келсе, алдағы екі жылда 1 млн адам демалуға келеді деп айта аламын, — деді ШҚО әкімі.

Медициналық қызмет сапасы артты

Облыс әкімі Шығыс Қазақстан облысындағы медициналық қызмет сапасына да тоқталды. Аймақ басшысы айтып өткендей, қазіргі таңда өңір бойынша 40 инфекциялық стационар дайындалып, толық жабдықталған 6 мыңнан астам төсек-орын ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта 3,7 мың төсек-орын бар. Сонымен қатар облыс әкімі ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап науқастарға арналған төсек-орын саны 12 есеге, реанимациялық төсек-орын саны 10 есеге артқанын мәлім етті.

— Бұл өз кезегінде орын тапшылығына жол бермей, пациенттерді жайғастыру алгоритмін ескере отырып, инфекциялық стационарлардағы төсек-орын санын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тәулік бойы және демалыссыз 15 компьютерлік томограф жұмыс істейді. 1 желтоқсаннан бастап қосымша үш жаңа КТ аппараты пациенттерді диагностикалауды бастайды. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын уақтылы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған 6 жылжымалы медициналық кешенге 10 жаңа кешен қосылды, — деді Даниал Кенжетайұлы.

Сол тәрізді алдағы уақыттарда медициналық жабдықтармен толық жарақтандырылған жедел медициналық жәрдем көлігінің паркі 216 автокөлікпен толығады. Оның 88-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр, қалған 128-і 10 желтоқсанға дейін жеткізілмек. Жалпы, өңірдегі жедел жәрдем көліктерінің саны 2,5 есеге көбейген.

Сонымен қатар облыста дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының тұрақтандыру қоры құрылған. Емдеудің тиімділігі үшін аймақ басшысының бастамасымен коронавирус инфекциясының жеңіл және орташа ауырлығы бар 6200 науқасты осы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету есебінен фавипиравир препараты сатылып алынды.

— Жағдайды бақылау үшін және жедел шаралар қабылдау үшін КВИ ошақтарын оқшаулау орталығы құрылды, ол бес цифрлық модульді біріктіріп, медэпидбригадалардың жұмысын үйлестіреді. Мұндай жүйе инфекцияның таралуына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдауды жеделдетуге, жұқтырған және байланыста болған адамдар туралы маңызды ақпараттарды алуға, емдеу барысын және карантиндік шектеулердің сақталуын қадағалауға мүмкіндік береді, — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы шектеу мен карантин шараларының білім беру жүйесіне әсер еткенін де айтты. Мұғалімдер қысқа мерзім ішінде жаңа форматта жұмыс істеуге дағдыланып, қашықтан оқытуға көшуге мәжбүр болды. Облыс көлемінде компьютерлері жоқ оқушылардың білім беру бағдарламаларынан артта қалмауы үшін және ҰБТ мен емтихандарды сәтті тапсыруы үшін, ал ЖОО түлектері дипломдарын ойдағыдай қорғауы үшін барлық мүмкіндік жасалды. Облыс мектептері үшін 33 мыңнан астам компьютерлік техника сатылып алынды. Оқушылардың 90 пайыздан астамы интернет желісіне қосылып, 6 пайызы роутермен қамтамасыз етілген.

Тиімді шаралар нәтижесінде коронавирус індетін жұқтыру төмендеп келеді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мектеп оқушыларының коронавирусты көбіне үй жағдайында жұқтырғанын айтты.

— Аймақта коронавирус инфекциясының таралуына байланысты күрделі жағдай сақталып отыр. COVID-19-дың алғашқы оқиғасы тіркелген сәттен бастап 14 402 жұқтыру жағдайы тіркелді. Облыс ауруханаларында бүгін 659 адам жатыр. Аптасына орташа өсу қарқыны 1,7 пайызды құрайды, — деді әкім.

Облыс басшысы сонымен қатар оқушылардың індетке шалдығу жағдайына да тоқталды.

— Өкінішке қарай, оқу жылы басталғаннан бері облыста оқушылар арасында коронавирустың 410 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 291 оқушы қашықтан, 119 оқушы 93 мектепте штаттық режимде оқыды. Инфекция тіркелгеннен кейін барлық мектептер жабылып, оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды. Вирус көбінесе үй жағдайында жұққан. Бүгінгі таңда облыс ауруханаларында оқушылар жоқ, — деді Даниал Ахметов.

Даниал Ахметов індет жұқтырудың тәуліктік деңгейі төмендеп келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, қазіргі кезде Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қажетті шаралар атқарылып жатыр. Күніне бірнеше мәрте штаб жиыны ұйымдастырылып отыр. Қазіргі таңда аурухана орындарын пайдалану деңгейі 17 пайыз шамасында.

Баспасөз мәслихатында облыс әкіміне екі апта ішінде коронавирус бойынша ахуалды тұрақтандыру туралы берілген тапсырма жөнінде сұрақ қойылды.

— Бұл тұрғыда қойылған мақсат орындалатынына сенімдімін. Біз тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Осы орайда келтірілген деректер біздің дәрігерлер іс-қимылының нәтижелеріне және аудандық әкімдіктер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға сүйене отырып анықталды, — деді Д.Кенжетайұлы.

Еске сала кетейік, қараша айының басында Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа кірді. 17 қараша күні өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылданды. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне он күндік мерзімде «қызыл» аймақтан шығу үшін түбегейлі шаралар қабылдау тапсырылған болатын.

Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын қорғау және қолдау

Аймақ басшысы айтып өткендей, ШҚО-да көп балалы отбасылардың тұрғын үй кезегі 2022 жылға дейін жойылмақ.

Шығыс Қазақстанда көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамту қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов кеңінен таратып айтып берді. Аймақ басшысының айтуынша, өткен жылдың басында баспана кезегінде 906 отбасы тұрған, оның ішінде ауылдық жерде тұратын 563 отбасы бүгінгі таңда баспанаға қол жеткізген.

– Ағымдағы жылдың соңына дейін облыста 1038 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. Кезекте тұрғандардың саны жыл сайын артып келеді. 2017 жылдан бастап тұрғын үй кезегі 4 есеге өсті. Көп балалы отбасылардың тұрғын кезегін 2022 жылға дейін жоюды жоспарлап отырмыз, – деді Даниал Ахметов.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 48 мың балаға жаңа оқу жылында 1,2 млрд теңгеге мектеп формасы мен аяқ киім сатылып алынған, сондай-ақ оларға қоғамдық көліктерді жеңілдіктер негізінде пайдалану мүмкіндігі берілді.

Балабақшалардағы 4 мың тәрбиеленушінің ата-аналары төлемнен босатылды. ЖОО мен колледждердің 1,5 мыңнан астам студенті грант бойынша білім алады, стипендия, тегін жол жүру және тамақтану мүмкіндігі қарастырылған.

Бизнес-жобаларды іске асыру үшін 567 млн теңгеге 146 кредит бөлініп, 4,1 млрд  теңге бағытталған.

Қазіргі күндері бір қабатты үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы, халықтың барлық топтарын сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалпы көлемі 588 мың шаршы метр 122 көп пәтерлі және 217 бір қабатты үйлер бой көтеріп жатыр.

Жыл қорытындысы бойынша, 74 көп пәтерлі және 204 бір қабатты үйлерді (немесе 4 900 пәтер) тапсыру жоспарланған.

Жалпы, тұрғын үй құрылысына 30 млрд теңге инвестиция тартылыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша ірі жобалар бар

Аймақ басшысы облыстағы өсімдік шаруашылығының дамуына да тоқталды. Бұл салада да қазіргі таңда оң динамика байқалады. Облыста майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша үш ірі жоба іске асырылуда.

— Жобаларды іске қосу өңдеу көлемін арттырып, жылына 700 мың тоннаға дейін май өндіруге мүмкіндік береді, бұл егіс алқаптарының кеңеюіне және шикізат базасының нығаюына ықпал етеді. Жобаларға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 30 млрд теңгеден асады.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда әзірленген өсімдік шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес, тиімділігі жоғары дақылдардың, атап айтқанда жүгері, соя, рапс алқаптарын ұлғайта отырып егістіктерді әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде, — деп атап өтті облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы.

Қытаймен шекаралас 5 ауданды дамытуға қомақты қаржы бөлінеді

Облыс әкімі Даниал Ахметов шекара маңындағы аудандарды дамыту туралы да айтты.

Облыс орталығынан шамамен 400 шақырымдай қашықтықта Қытай Халық Республикасымен шекаралас орналасқан бес ауданның даму қарқыны баяу. Бүгінгі таңда бұл аудандарда 194 мың адам тұрады. Соңғы жылдары көші-қонға байланысты тұрғындар саны 17 мыңға азайған. Жалпы, халықтың ауылдық жерден кетуі облыстың барлық өңіріне тән. Осы ретте орталық пен шалғай аймақтардың арасындағы жағдайды теңестіру үшін барлық дамыту жолдары мен проблемалар терең пысықталып, Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай, Зайсан, Үржар аудандары халқының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша кешенді жоспарлар қабылданды.

– Барлық жоспарланған іс-шараларды орындау үшін қолда бар бюджеттік және бюджеттен тыс ресурстар жұмылдырылды, мемлекеттік қолдау құралдары іске қосылды.

Бастапқыда жоспарларды 5 жыл ішінде іске асыруға 209 млрд теңге бағыттау көзделді. Бүгінде бұл сома «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобалары есебінен 9 млрд теңгеге артып, 218 млрд-қа жетті. Оның ішінде 44 млрд теңге ағымдағы жылға қарастырылған, – деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының айтуынша, 2024 жылға дейінгі жоспарларды іске асыру барысында 21 мыңнан астам, оның ішінде 8,6 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Айта кету керек, карантиндік шектеулердің қиын кезеңінде қолға алынған биылғы жылғы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысында 5,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. 170 адам сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына тегін қысқа мерзімдік курстарда оқыды. «Еңбек» бағдарламасы аясында 1648 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды. Шекара маңындағы ауылдарда жұмыс істеуге ниетті жастарға мүмкіндік мол. Бұл аудандарда мал шаруашылығы да жақсы дамып келеді. «Еңбек» бағдарламасы арқылы етті мал шаруашылығын дамыту қолға алынып, бес ауданда 452 жоба іске асырылды. Бір ғана Тарбағатай ауданының өзінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары  632 млн теңгеге 12 мың бас асыл тұқымды ұсақ мал сатып алды. Зайсан ауданында тұқымды түрлендіру үшін 10 мың бас ұсақ мал бар. Ал ірі жобаларды іске асыру үшін «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» салалық бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Мәселен, Үржар ауданындағы «Алғабас» шаруашылығында жеңілдетілген шарттар бойынша бордақылау мақсатында 450 млн теңгеге мал сатылып алынған.

Естеріңізге сала кетейік, кешенді жоспарларға инфрақұрылымды жақсарту, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті, білім және денсаулық сақтау салаларын дамыту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру шаралары енгізілген.

– Біздің шекаралық аумақтарда орасан зор қорлар мен бәсекелестік жағынан артықшылықтар бар. Оны тиімді пайдалану халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігінің шекаралық аудандарға келуіне септігін тигізеді, – деп түйіндеді облыс басшысы.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, Абылай МАҚСҰТБЕК, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семей тұрғыны қысы-жазы өзі салған сақ шатырында тұрады

24.03.2023
Семей тұрғыны қысы-жазы өзі салған сақ шатырында тұрады

Семей тұрғыны Серәлі Мұхамедсалықов қысы-жазы өз қолымен салған сақ шатырында тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы. Өзі әнші, өзі этнограф,...

Толығырақ...

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады

24.03.2023
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өз тағын Ким Чжу Э есімді қызына береді. Бұл туралы аталмыш елден қашып шыққан...

Толығырақ...

Путинді тұтқындауды бірнеше мемлекет қолдап отыр – халықаралық сот

24.03.2023
Путинді тұтқындауды бірнеше мемлекет қолдап отыр – халықаралық сот

Халықаралық қылмыстық сот РФ президенті Владимир Путинді қамауға алуға берген ордеріне байланысты Ресейдің жауабына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі....

Толығырақ...

Наурыз мейрамы қарсанында Жетісуда Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды

24.03.2023
Наурыз мейрамы қарсанында Жетісуда Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды

Наурыз мейрамы қарсанында Жетісуда Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды деп хабарлайды Семей таңы Абай облысы әкімдігіне сілтеме беріп. Шараға Абай облысынан...

Толығырақ...

Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

24.03.2023
Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады. Еріктілердің Instagram-да жариялаған мәліметінше, 1982...

Толығырақ...

Тоқаев пен Қатар әмірі бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

24.03.2023
Тоқаев пен Қатар әмірі бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Семей тұрғыны қысы-жазы өзі салған сақ шатырында тұрады

15 часов бұрын

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады

16 часов бұрын

Путинді тұтқындауды бірнеше мемлекет қолдап отыр – халықаралық сот

18 часов бұрын

Наурыз мейрамы қарсанында Жетісуда Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды

19 часов бұрын

Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

19 часов бұрын

Тоқаев пен Қатар әмірі бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

20 часов бұрын

Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

4 дня бұрын

Айнұр Тұрсынбаева гендер пати жасады

5 дней бұрын

Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда

5 дней бұрын

«Біз әдемі сайлау учаскелерін көрдік» — Португалия Парламентінің депутаты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС