"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛ ҮЛЕСІНДЕ 41 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

30.12.2020
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2020 жыл күрделі жыл болғанымен, Алаш астанасы — қарт Семей үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Қай саланы алсақ та, тарих қойнауына кеткен кезеңмен салыстырғанда ілгерілеушілік басым. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай шаһарымызда ауқымды жұмыстар қолға алынды. Абай атымен аталатын барлық нысандар күрделі жөндеуден өтіп, қаламыздың сәулеті арта түсті. Абай музейінде «Абай ұлдарымен» ескерткіші ашылды. Тұрғын үй салуға да ерекше көңіл бөлінгенін, қала жолдары асфальтталып, жарықтандырылған көшелердің қатары артқанын да айта кетуге болады. Өтіп бара жатқан жылдың еншісіндегі есепте емес, ел есінде қалатын маңызды оқиғаларға тоқтала кетейік…

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өткен жылы Семейге келген сапарында 350 000 тұрғыны бар Семейдің жылдық бюджеті қазір тек 56,6 миллиард теңгені құрайтынын айтып, облыс басшысына Семейді дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, 56 жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Осы мақсатта 260 миллиард теңге бөлінді. Биылғы жылы соның ішінде 41 жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 10,8 миллиард теңге,  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 14,8 миллиард теңге, жергілікті бюджетен 11,6 миллиард теңге және басқа көздерден 16,1 млрд теңге – барлығы 53,3 млрд теңге бөлінді.

Жыл басынан бері жүзеге асқан жобаларға тоқталар болсақ, қоғамдық көліктер жаңартылды. Бөлінген 4,3 млрд теңгеге 170 бірлік автобус сатылып алынып, электронды билет жүйесі енгізілді. Степной және Мұқыр кентінде су құбыры желісін қайта құру жұмыстары аяқталды. Бүгінгі күні «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ұшақтар, Ақсай және Восход кенттерінде сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар 2021 жылы аяқталады деп көзделуде.

10 мектепке, 8 мәдени нысанға және 2 әлеуметтік қорғау мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 13 мектеп жаңа модификация бөлмелерімен жабдықталды, 18 көше орташа жөндеуден өтіп, қаланы абаттандыру бойынша 11 жоба жүзеге асырылды. Ертіс түбіндегі дюкерді қайта құру жұмыстары аяқталуға жақын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы тапсырмасына сәйкес, Семей қаласы мен Абай ауданында бірнеше мәдени және тарихи нысан қайта жөндеуден өтті. Семейдегі ақын есімін иеленген музей, театр, кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, әуежайға Абай есімі берілді. Абай атындағы алаң да толықтай жаңартылды. Жарықтандырылып, шырша ағаштары мен көгал отырғызылды.

Ерекше атап өтерлігі, биыл көп жылдан бері құрылысы аяқталмай тұрған қаладағы айналмалы жолдың қақ ортасындағы мешіт салынып бітті. Ғибадат үйінің құрылысына «Tas GROUP» компаниялар тобының негізін қалаушы және басқарушысы Дулат Тастекеев демеушілік көрсетті. Түркістан облысы әкімдігі Абай мерейтойына тарту жасап, жаңа мешіт аумағын абаттандыруға 681 млн теңге қаражат бөлді. Нысан аумағында 18 мың шаршы метрге асфальт жайылып, 8 мың шаршы метр жерге тақтатас төселді. Балалар алаңы мен спорт алаңы салынып, 400 түп шырша отырғызылды. 500 көлікке арналған автотұрағы да бар. Түнде самаладай жарқырайтын мешіт шаһарға ерекше көрік сыйлап тұр. Дегенмен мешіт әлі қолданысқа берілген жоқ.

Мемлекет басшысы өткен жылғы сапарында Семей ядролық сынақ полигонынан тікелей 500 мың адам зардап шекккенін және оларды оңалту қызметінің деңгейін арттыру керектігін де айтқан болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, Семейде және оған іргелес елді мекендерде 1300-ге жуық науқас бала бар. «Оңалту орталығы ерекше қажеттілігі бар балаларды емдеуге қолайсыз ғимаратта орналасқан және бір уақытта тек 35 баланы қабылдай алады. Бұл жағдай ешқандай сын көтермейді. Мен облыс әкіміне жағдайды дереу бақылауға алып, қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын», — деген еді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев. Президент тапсырмасына сәйкес, оңалту орталығы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Биыл сонымен қатар аспалы көпірге асфальтбетон жабыны төселіп, жарықтандырылды.

Ал автомобиль-жегін көпірін (ескі көпір) күрделі жөндеу 2021 жылға жоспарланған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында биыл қаладағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайындағы жүзу бассейніне күрделі жөндеу жүргізілуде. Ғимараттың шатыры мен желдету жүйесі де ауыстырылды. Жөндеу жұмыстарына жалпы 237 млн теңге бөлінді.  Сәуір айында басталған жөндеу жұмыстары қазіргі күні аяқталуға жақын.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Семей қалалық әкімдігі мен жұмыспен қамту ғимаратының сыртына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыспен қамту орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға және қарт адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 19 млн теңге қаржыға лифт орнатылды.

Қазіргі уақытта тағы бірнеше ірі жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы және оңалту емханасының стационары, сондай-ақ майлы дақылдарды өңдеуге арналған автоматтандырылған кешен, Шығыс кентіндегі 1200 балаға арналған мектеп 2021 жылы пайдалануға берілмек.

Биылғы жылдың ең үлкен игілігі — биыл 194 мың шаршы метрдан астам тұрғын үйдің қолданысқа берілуі. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша көп балалы, аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар баспаналы болды. Оған қоса мұғалімдер мен дәрігерлер, әскери қызметшілер де үйлі болды.

Бұрын-соңды Семейде мұндай қарқынды құрылыс болған емес. Жаңа үйлер, негізінен, Қарағайлы шағын ауданында бой көтеруде.

Қала басшылығының мәліметіне сүйенсек, 2020 жылғы бастамалар келергі жылы да жалғасатын болады. Соның ішінде баспанамен қамту мәселесі назардан тыс қалмайды. Ол үшін, көп қабатты тұрғын үйлерден бөлек, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жеке үйлер салу да көзделіп отыр. Ұшақтар және Ақсай шағын аудандарында 220 отбасын баспанамен қамту жоспарланған.

Қала басшылығының мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылғы бастамалар келергі жылы да жалғасатын болады. Соның ішінде бірінші кезекте баспанамен қамту мәселесі назардан тыс қалмайды. Ол үшін көп қабатты тұрғын үйлерден бөлек, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жер үйлер салу да көзделіп отыр. «Ұшақтар» және «Ақсай» ықшамаудандарында 220 отбасын баспанамен қамту жоспарланған. Бұл ретте биылғы жылдың бір жетістігі, аталмыш тұрғынүйлер түсетін аумаққа инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелер тартылып қойылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

21.08.2026
Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

Абай облысында алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары және мұнай өнімдерінің заңды айналымын қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік бақылау жүргізілуде. Негізгі мақсат –...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

21.08.2026
Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Семейде өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген отбасыларды ұлықтауға арналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

21.08.2026
«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің I форумы басталды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің...

Толығырақ...Details

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

21.08.2026
59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. 19 тамызда партиялар сайлауалды науқанның мазмұнды өткен соңғы күндерінің бірін өткізді. Кандидаттар мен партия өкілдері...

Толығырақ...Details

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

20.08.2026
Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

Атом энергетикасы туралы сөз болғанда, адамдарда туындайтын алғашқы сұрақтардың бірі – қауіпсіздік мәселесі. Қазіргі атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздік қалай...

Толығырақ...Details

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

20.08.2026
Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

7 часов бұрын

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

7 часов бұрын

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

7 часов бұрын

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

7 часов бұрын

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

1 день бұрын

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

1 день бұрын

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

2 дня бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

2 дня бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС