"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛБАСЫ АТЫНДАҒЫ ДАҢҒЫЛМЕН — ЕЛБАСЫ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ

19.03.2021
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тәуелсіздіктің алғашқы аумалы-төкпелі жылдарында елімізді қиын-қыстау кезеңнен аман алып шығу салмағы Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа түсті. Осындай сын кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы өтпелі қиындықтарды халықты ауызбіршілікке шақыра отырып, жеңіп шықты. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанды әлем таныған мемлекеттер қатарына қосуы мықты ерік-жігердің, қажырлы еңбектің, салиқалы саясаттың жемісі екені белгілі.

Ұлт Көшбасшысының ел тізгінін қолға алған кезеңде халқымыз үшін маңызы зор барлық саланың тең дәрежеде дамуына күш салғаны көз алдымызда. Соның ішінде білім саласына деген концептуалды көзқарасы Қазақстанда ғана емес, көптеген елдердің мамандарының мойындауына және қолдауына ие болды.

Біздің ғасыр — білектінің емес, білімдінің ғасыры. Осыны басты ұстанымы санайтын  Тұңғыш Президенттің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» аталған ХХІ ғасырдың нағыз көшбасшыларын даярлайтын білім ошағын құру туралы идеясының өміршең екендігі қазір дәлелденіп отыр. Бүгінде сан мыңдаған түлекті үлкен өмірге қанаттандырған бұл мектептен әлемдік деңгейлердегі олимпиадалар, ғылыми жобалар, сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері  шығып, Қазақстанның   абыройын асқақтатып жүр.

Бұрын-соңды қазақ баласының ойына да келмеген дүние жүзінде рейтингтері жоғары Гарвард,  Колумбия, Стенфорд, Нью-Йорк сынды университеттеріне, Массачусетс технологиялық институтына әлемдік додада топ жарып түсіп, білім алып жатқан зияткерлік мектептердің түлектері қаншама. Сондай-ақ Ұлыбритания, БАӘ, Қытай, Корея, Жапония сынды әлеуеті күшті мемлекеттерде білімдерін жетілдіріп жатқан жастарымыз да жетерлік. Бұдан бөлек, бүгінгі заман сұранысына жауап бере алатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқу-тәрбие бағдарламасын кезең-кезеңімен отандық орта білім беретін мектептерге енгізу жұмыстары да өз жемісін беріп келеді. Осының барлығы Елбасымыздың келешекті кең ойлап, ертеңгі күнге жасаған бағыт-бағдары.

Ал жерімізде 40 жыл қырғын салған Кеңестік дәуірдің сарқыны Семей сынақ полигонын түбегейлі жабу туралы Жарлығы бізді ғана емес, Жер шары тұрғындарының алғысына бөленген сәт болды.

Ардагерлер, халық қалаулылары, мәдениет, білім және өзге сала өкілдерінің бастамасымен Семейдегі көрікті Қарағайлы ауданындағы жаңа көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы бастама көтерілді. Бұл бастама жерлестеріміздің Ұлт Көшбасшысының еңбегіне көрсетілген құрметі деп білеміз.

Дәл осы Қарағайлы ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аймақтың әр қиырынан іріктелген білімге құштар ұл-қыздарымыз тәлім-тәрбие алып жатыр. Олар Тұңғыш Президентіміздің өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілетті, білімді де тәрбиелі болып қалыптасуларына барлық жағдайды жасап отырғанын жақсы біледі. Н.Ә.Назарбаевқа қарап бой түзейді. Енді олар Елбасы атындағы даңғылмен Елбасы атындағы мектепке келетіндіктерін жауапкершіліктің артқаны деп түсінеді деген ойдамын. Өз басым көшеге Тұлға есімін беруді қолдаймын.{jcomments off}

Бағдан ҚАЙЫРЖАНОВ,

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

12 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

12 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

15 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

15 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

15 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

16 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

16 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

16 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

16 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС