"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІМІЗДЕ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ДАНАЛЫҒЫ БАР

19.03.2021
ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІМІЗДЕ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ДАНАЛЫҒЫ БАР
148
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Ең әдемі киім – ұлттық киім» демекші, киім үлгісі заманға сай түрленсе де, қазақы сән үлгісіне деген сұраныс артып келеді. Жалпы, рухани жаңғырамыз деп жатырмыз. Осы жаңғыру ұлттық құныдылықтарымызды жаңғыртудан басталады. Наурыз мейрамы — ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, соның ішінде сан ғасырлардан бері нақышын жоғалтпай сақталып келе жатқан ұлттық киімдерімізді жұртқа паш етуге тамаша мүмкіндік.

Мейрам қарсаңында Үржар ауданына қарасты Мақаншы ауылының тұрғыны, «Дедімай-ау» ансамблінің жетекшісі, ардагер ұстаз, 2008 жылы Үржар ауданының 80 жылдығына орай жарық көрген «Ұрпақтарға айтарым бар» атты кітаптың авторы Күлпан Базарқызымен қазақтың ұлттық киімдері хақында сұхбаттасқан едік.

 

— Күлпан Базарқызы, қазақ халқы ежелден жас мөлшеріне сай киімді де ерекшелеп киген. Әсіресе бас киімді айрықша қастерлеген. Әйелдердің бас киімі жайлы тарқатып айтып берсеңіз…

— Біз мұсылман болғандықтан, әйел адамның шашы жабық болуы керек деп дін тұрғысынан астастырып айтамыз. Кейбір адамдар осыны дұрыс түсінбей, жүзін тұмшалап, хиджаб, паранжа киіп жатады. Ал, негізінен, қазақ халқы ежелден әйел немесе ер адам болса да жалаңбас жүрмеген. Мысалы, қыз балаларға кішкентай кезінде «сылау тақия», есейе бастағанда басқа да түрлі тақиялар кигізіп, төбесіне үкі таққан. Үкі бір жағынан тақияға сән берсе, екіншіден тіл-көзден сақтайды деп ырымдаған. Тақиядан басқа «қасаба» деген бас киім түрі бар. Мұны бойжеткен қыздар киген. Ара-тұра жағдайы төмен отбасылар артында желегі болғандықтан, қызын қасабамен де ұзата берген.

Әдетте, қыз ұзатыларда сәукеле кигізеді. Сәукеленің де түр-түрі болады. Қызды үйден аттандырарда, сәукеленің артына ұзын желек тағып, алтынмен аптап, күміспен қаптаған. Қазақ халқы қашанда қызын мол жасаумен ұзатқан ғой. Жасаудың ішіне сәукелені де қосқан. Себебі, сәукеленің құны әшекейленуіне, бағалы тастарына, алтын-күміспен әспеттелуіне байланысты бағаланған. Шамамен, сәукеленің құны 500 байталға дейін жеткен. Ал салмағы 1,5 – 2 келіден асқан. Яғни, қыздың қалың малы көбіне сәукеленің құнымен теңдес болады. Ата-бабамыздың бақуатты болғанын осы сәукеледен-ақ аңғарамыз.

Қыз келіншек болғанда сәукеленің артындағы желегін басына жадағай салып жүреді. Той-томалақ, басқосуларда келіншектер өзара әңгіме айтқанда, «басымнан желегім түспеген кезім» деген сөзді қолданатыны бар. Бұл «әлі балалы болмаған кезім» дегенді білдіреді. Түңғыш баласын дүниеге әкелгенге дейін жаңа түскен келіннің басынан желегі түспейді.

Сәбилі болған шақта, енесі көрші қолаңын, абысын-ажындарын жинап, «келінім ана атанды» деп басына кимешек кигізеді. Біріншіден, кимешек келіннің мерейін үстем етсе, екіншіден, кеудесін жауып, суықтан қорғайды, үшіншіден, сәбиін кимешектің астынан емізіп, әдептілік сақтайды.

Уақыт өтіп, ене болып, ел анасы атанған мезгілде, кимешектің үстінен «шылауыш» тартқан. Шылауыштың қарқара болып көп көлемде оралуының өзі сол әулеттің барлығының, байлығының белгісі болған. Оның тағы бір ерекшелігі, қазақ халқы «аттың жалы, түйенің қомында» жүретін көшпелі халық болғандықтан, әйел адамдар көбіне ақ матадан бас киім киген. Себебі, ақ мата күнді жұтпай, керісінше шағылыстырады да, адам ешқандай терлемейді. Көшіп – қонып жүрген тұста «Туу бар, туу бар жерде өлім бар» дегендей, әйелдер босана қалса, манағы шылауышты шешіп жіберіп, сәбиді ораған немесе өлім-жітім орын алса, шылауышпен мәйітті ораған. Ұзындығы 30-50 метрге дейін жететін матамен оралатын шылауышының кереметтігі осында.

— Күлпан Базарқызы, қазақ қыздарының көйлегі неге қос етекті болады?

— 18-19-шы ғасырлрада жасыратыны жоқ бұйымдар аз болды. Сол уақытта Қытайдан келетін жібек мата ең құнды саналды. Оған екінің бірінің қолы жете бермеді. Сондықтан қыз балаға өткен жылы тігілген көйлегі қысқа болып тұрмас үшін, бір жең мен бір етек қосады екен. Сөйтіп, шақтап қоса берген, қыздардың көйлектерінің желбірлі болуының сыры осы.

— Сіздің ұлттық киім тігетініңізді білеміз. Бұл іспен кәсіп ретінде айналысасыз ба?

— Иә, мен бас киімдер мен көйлектер тігемін. Бірақ кәсіп етіп отырмын деп айта алмаймын. Өтініш жасайтындар болса, жерге қалдырмай тігіп беремін. Көбіне өзіміздің «Дедімай-ау» ансамблінің костюмдерін тігемін.

— Шашбау туралы не айтасыз?

— Шашбау, біріншіден, қыздың сымбатын көрсететін сәндік бұйым ретінде тағылады. Екіншіден, шашбау қыз баланың дене бітімінің түзу, тіп-тік болып өсуіне себепші. Үшіншіден, шашбауға тағылған бұйымдар өрілген шашты төменге қарай ауыр тартып, ұзын болып өсуіне септігін тигізеді. Тағы бір ерекшелігі шашбауға тағылған тастар бір-біріне соғылып, қыздың мінезінен хабар береді. Байсалды, байыпты қыз болса, бұйымның дауысы ақырын сыңғырлап шығады. Ал кішкене тұзы жеңілдеу, шолжаңдау болса, қаттырақ сылдырлайды. Кешкі уақыттағы шолпының дыбысы қыздың бейсауат жүрісін де аңғартқан. Міне, «Қызға қырық үйден тыйым» деген халқымыз қыздарын осылай тәрбиелеген.

— Ерлер бас киімі туралы да айтып өтсеңіз…

— Ер адамдардың негізгі бас киімі — тақия мен бөрік. Егер жігіт қыздың ауылына ұрын барса, бөріктің басына үкі тағып қояды. Күйеу жігітті бөркіндегі үкісіне қарап бірден таныған.

Міне, киім кию үлгісіне қарап-ақ халқымыздың даналығы мен шеберлігін, әсемдікке құмарлығын, қаншалықты ауқатты болғанын бағамдауға болады. Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық дәстүрлерімізді құрметтеу — болашақ ұрпаққа артылған міндет. Осы күнге дейін жеткен ұлттық киім үлгілерін сақтап, келешек ұрпаққа аманаттау сіз бен біздің борышымыз.

— Күлпан Базарқызы, мағыналы сұхбатыңызға көп рақмет! Халқымыздың бай мұрасы мен дәстүрін жас ұрпаққа дәріптей беріңіз!

Сұхбаттасқан Аяжан БИЯХМЕТОВА,

«Семей таңы»

{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

20 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

20 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС