"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОРЫНСЫЗ ТЕКСЕРІСКЕ ОРЫН ЖОҚ

05.04.2014
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасының Жарлығы бойынша үстіміздегі жылдың 2 сәуірінен келер жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді орынсыз тексеруге мораторий жарияланды. Осы тақырып тұрғысында 1 сәуір күні Қазақстан Теміржол ұлттық компаниясы АҚ филиалының Семей жол бөлімшесі мекемесінде тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы мен Семей көлік прокуратурасының бірлесіп ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Жиынға, ШҚО кәсіпкерлер палатасының Семей қаласындағы филиалының директоры Ардақ Әділжанов сондай-ақ, Қазақстан Теміржол ұлттық компаниясы АҚ филиалы бөлімшелерінің қызметкерлері мен құқыққорғау органдарының қызметкерлері және кәсіпкерлер қатысты.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, осы уақытқа дейін кәсіпкерлерге жылына 200 мыңнан астам тексерістер жүргізіліп келген.      Сараптама жұмыстарына сәйкес, тексерістердің 62 мыңы         санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, 16 мыңы өрт сөндірушілер, ал, 25 мыңы салық басқармасы мекемесі тарапынан болатын көрінеді.

Семей көлік прокуроры Әсет Төлегенов мораторий кәсіпкерліктің дамуы үшін жасалып отырғандығын, алайда, кәсіпкерлер де барлық заңдылықтарды сақтап, заң шеңберінен аспауы қажет екендігін айтады. Мораторий кезінде орынсыз тексеріс болмағанымен, егер еліміздің Бас прокуроры келісім берген жағдайда құзырлы мекемелер тексеріс жүргізуге құқылы болмақ.

Кезегі келгенде сөз алған тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Гүлия Кембаева да аталмыш мораторий кәсібін дөңгелетіп отырғандардың пайдасына шешілетіндігін атап өтті.

— Қай жерде тұтынушылардың құқығы бұзылса, сол жерде міндетті түрде тексеріс жүргізілетін болады. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге сақтандыру баламасы ұсынылады. Егер бизнесіне сақтандыру   жасаған жағдайда тексеріс жүргізілмейді. Бірақ, оның ақысы төленеді. Бұл бір жағынан кәсіпкердің жауапкершілігін де күшейтеді. Өйткені, бәсекелестік бар жерде саудагерлер тұтынушылардың көңілінен шығу үшін жұмыс жасайды. Сондықтан, олар өзіне-өзі қастық жасамайтыны белгілі, — дейді Гүлия Серікханқызы.

 

{jcomments on}Ал, ШҚО кәсіпкерлер палатасының Семей қаласындағы филиалының директоры Ардақ Әділжанов:

 

— Бұл мораторий кәсіпкерлерге өз қызметтерін өздері бақылауға мүмкіндік жасап отыр. Алайда, кәсіп иелері тарапынан қандай да бір құқықбұзушылық болып, ол туралы өзге де мекемелерден, жеке адамдардан шағым түссе және ол жайында баспасөз беттерінде расталған жағдайда тексеріс міндетті түрде жүргізілетін болады. Демек, жауапкершілік деңгейі жоғары болмақ. Егер осындай жолдармен тексеріс болған жағдайда кәсіпкер әкімшілік және қылмыс-тық заңдылық төңірегінде қатаң жауап беруі мүмкін, — дейді.

Сонымен қатар, жиын барысында кәсіпкерлер қордаланып қалған мәселелерін айтты. Семей көлік прокуроры мен ШҚО кәсіпкерлер палатасының Семей қаласындағы филиалының директорынан сол мәселелерін қалай шешу керектігін сұрады. Әсет Маратұлы сөз арасында кәсіпкерлер құқығын қорғау мақсатында арнайы топтың жұмыс жасап жатқандығын да айтып өтті.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

20 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

20 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС