"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Әлеуметтік қолдаудың кеңістігі кеңеюде

26.04.2021
Әлеуметтік қолдаудың кеңістігі кеңеюде
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ел Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында әлеуметтік көмек көрсетудің жүйесін одан әрі дамытуға арнайы тоқталған болатын. Қазіргі күні «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ 17 бюджеттік бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз етеді. 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін 5240,0 млн. теңге игерілген. Семейде мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асу барысы туралы бөлім басшысы Мұрат Мұрсаханұлы Құржықаевпен сұхбаттасқан едік.

— Мұрат Мұрсаханұлы, мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі өткен жылы қанша адамды жұмыспен қамтыды?

 – «Еңбек» бағдарламасы бүгінгі күні халықты нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етудің тиімді тетігі болып отыр. Бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамту, уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту, кәсіптік оқуға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар іс-тәжірибесіне жіберу жүзеге асуда. 2020 жылы 7332 адам еңбек медиациясына жүгінді. Оның 1359-ы тұрақты жұмыс орындарына, 240 адам уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына, білім беру ұйымдарының 293 түлегі жастар іс-тәжірибесіне жұмысқа орналастырылды, 956 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға қатысты. Уақытша жұмыс орындарына 2496 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарлама аясында 140 қатысушыға шағын несие берілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 228 адам жіберілді. 218 адам бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар алды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының жұмыс күші артық аймақтарынан 29 отбасы (57 адам) қоныстандырылды. Оның ішінде 10 адам «Серпін» бағдарламасы бойынша және 6 отбасы (10 адам) оралмандар қатарынан. Қоныс аударушыларға субсидия беріліп, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу құны өтелді.

 — Бүгінгі күні қалада қанша жұмыссыз тіркеліп отыр?

 — 2021 жылдың 1 қаңтары бойынша Семей қаласында 916 жұмыссыз адам тіркелді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 112 адамға көп.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 23-р «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес құрылған қалалық штаб халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қажетті шараларды жедел іске асырумен айналысады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында департамент пен ведомстволық бағынысты мекемелердің ғимараттарында 22 жоба бойынша 457,2 млн.теңге сомасында ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Бағдарлама аясында 157 жұмыс орны құрылса, оның 83-і Жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылды.

— Табысы төмен адамдарды әлеуметтік қолдау қалай жүзеге асырылуда?

 — Өздеріңізге белгілі, 2020 жылдың қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек берудің тәсілі өзгертілді. Енді АӘК тоқсан сайын тағайындалады. Төлем мөлшері отбасының барлық мүшелері мен бала санына қарай анықталады. Яғни 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар кірісіне қарамастан, бала санына байланысты республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы алады. Бірақ  әлеуметтік төлем алу үшін жұмысқа қабілетті отбасының барлық мүшелері жұмысқа қамту шараларына қатысуға міндетті.

Есепті кезеңде қала бойынша 3001 отбасыға (13 210 адам) 1 333,3 млн. теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көмектің жаңа түрі — кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді. Бұл пакет түрі атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға тамақ жиынтығы және тұрмыстық химия түрінде беріледі. Бүгінгі күні жеткізуші  «MegaTradePlus» ЖШС арқылы 2609 балаға 42 533 пакет табысталды.

Жыл басынан бері 1262 отбасыға 31,3 млн.теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы төленді. 2020 жылы «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде алғашқы төлемнің бір бөлігін жабу үшін облыстық бюджеттен 25 азаматқа 25 млн. көлімінде тұрғын үй сертификаты берілді. Яғни әр азаматқа 1 млн. теңгеден келеді. Бұл сертификаттарды мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар және көпбалалы отбасылар алды.

— Мұрат Мұрсаханұлы, өткен жылы елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде қанша адамға көмек көрсетілді?

— Төтенше жағдай және шектеу шараларын енгізу кезеңінде жұмыспен қамту жөніндегі қалалық штабқа 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға 26 882 өтініш келіп түсті. Соның ішінде 21 267 өтінішке келісім беріліп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ филиалына жіберілді.

Сонымен қатар қазіргі күні әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешімдерді қайта қарау үшін өтініштер қабылдануда. Қалалық штабта бас тартуды қайта қарау туралы 283 өтініш қаралып, оның ішінде 266 өтініш бойынша оң қорытынды шығарылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ деректері бойынша қалада төтенше жағдай және карантин шаралары уақытында 135 599 адам төлем алған.

Сонымен қатар республика аумағында төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты халықтың кейбір санаттарын азық-түлікпен және тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуге мемлекеттен 436,6 млн. теңгеге бөлініп, 19 608 адамға азық-түлік және тұрмыстық химия заттары таратылды. Сондай-ақ барлық санаттағы мүгедектерге, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға, 6 жастан 18 жасқа дейінгі АӘК алатын балалағар, жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздарға айына 5567 теңгеден берілді.

 — Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қолдау көрсетіледі ме?

— Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша есепті кезеңге мерекелер мен есте қалар күндерге 531,9 млн.теңге төленді, 20343 алушыға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Ауылдық жерлерде тұратын және денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларында жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 19,1 млн. жұмсалды. Бір реттік ақшалай өтемақы төлеуге құжаттар қабылдау жалғасуда.

Әсіресе, мүгедектер әлеуметтік қолдауға мұқтаж. Бүгінгі күнге дейін мүмкіндігі шектеулі 1020 адамға қажетті гигиеналық құралдар, 300 мүгедек арбасы, 425 тифлотехникалық құрал-жабдықтар, 710 протездік-ортопедиялық жабдықтар берілді. Есту қабілеті бұзылған, жүріп-тұруы қиын адамдарға әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетеді. Зейнеткерлер мен мүгелдектерге «Уба», «Ивушка» шипажайларында жолдама беріледі.

 — Саладағы жаңашылдықтармен бөлісе отырсаңыз?

— Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік қызметтердің порталы» ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр. Портал әлеуметтік қызметтерді алушылар мен жеткізушілерді бірыңғай цифрлық алаңға біріктіреді. Айталық, мүмкінлігі шектеулі жандар осы порталдан оңалту қызметтері мен

техникалық құралдарды, аппараттарды және басқа да жеке қажеттіліктерін таңдай алады.

Порталды іске асыру шеңберінде таңдалған техникалық қалпына келтіру құралдары мен қызметтерге тікелей қаражат аудару түріне көшу қарастырылуда. Жоба мүгедектерге әлеуметтік, оңалту және протездік-ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдарды еркін таңдау құқығын беру мүмкіндігін ұсынады.

Сөз соңында, халықтың әлеуметтік осал тобы әрдайым мемлекет қамқорлығында екенін айтқым келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елде жұмыссыздар санын азайтуға, жастар мен жас кәсіпкерлерді, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға баса мән беріп отыр.

— Сұхбатыңызға рақмет! Еңбегіңізге жеміс тілейміз.

 Сұхбаттасқан Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Мақалада: Атаулы әлеуметтік көмек СемейЕңбек бағдарламасы Семейжұмыспен қамту СемейМұрат ҚұржықаевХалықты әлеуметтік қамту

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

4 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

4 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

5 дней бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

5 дней бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 недели бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС