"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қала әкімі көшелерді аралады

28.07.2021
Қала әкімі көшелерді аралады
81
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада қала әкімі Бақытжан Байахметов шаһардағы бірнеше көшені аралап, ғимараттар мен нысандардың сәулеттік келбетін көріп, абаттандыру, көгалдандыру  жұмыстарының барысымен танысты.

22 шілде күні Бақытжжан Кәкенқажыұлы Б.Момышұлы, Морозов көшелері мен Шәкәрім даңғылында, Жамақаев көшесіндегі саябақ аймағында болып, санитарлық тазалық, көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Қала әкімі көшелерді аралады

Б.Момышұлы көшесінде орналасқан бірнеше мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік корпорациялардың филиалдары, акционерлік қоғамдар мен жеке меншік ұйымдар орналасқан ғимараттардың сырт келбеті нашар жағдайда екенін көріп, тиісті мемлекеттік мекемелердің басшыларына меншік иелерімен бірге іргелес аумақтарды күтіп ұстау және абаттандыру бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу керектігін айтты. Сонымен қатар құрылымдық бөлімдер мен мердігер ұйымдарға аялдама павильондарын, жол қоршауларын, қоқыс жәшіктері мен бордюрларды бояуды тапсырды.

— Жамақаев көшесіндегі саябақ аумағындағы құрғақ бұтақтарды кесіп, спорттық және ойын алаңын бояп, жарықтандыру жүйесін ретке келтіру қажет. Барша қала тұрғындарын, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлерін, шағын және орта бизнес өкілдерін қала тазалығын сақтауға белсене араласып, сенбілікке қатысуға шақырамыз,- деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Бүгінгі күні Б.Момышұлы көшесіндегі аялдама павильонын бояу және Тұрлыханов («Халықтық» аялдамасы) көшесіндегі жер асты жаяу жүргіншілер өткелін абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

23 шілде күні қала әкімі семейліктер жиі баратын сүйікті демалыс орындарының бірі Бейбітшілік аралына барды. Бүгінде аралдағы инфрақұрылымды жақсарту, тұрғындардың демалып, спортпен шұғылдануларына қолайлы жағдай жасау жөніндегі облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша жаңа жоба әзірленіп жатыр.

Қала әкімі көшелерді аралады

— «Өлімнен де күшті» монументі және «Бейбітшілік стелласы» ескерткішінің қазіргі жағдайын көрдік. Айта кету керек, монумент абаттандыру және күтіп ұстау тұрғысынан ерекше назар аударуды қажет етеді. Жауапты бөлімдерге қысқа мерзімде «Өлімнен де күшті» монументі мен «Бейбітшілік стелласын» қалыпқа келтіру, жасыл желектерді көгалдандыру және суару тапсырылды,- деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

24 шілде күні шаһар басшысы қаланың сол жағалауындағы бірнеше нысанды аралады.

Жаңа мешіт аумағындағы абаттандыру жұмыстарын тексеріп, суару жүйесін ретке келтіру, жарамсыз төсемдерді ауыстыру және жекелеген учаскелерді көгалдандыруға қатысты тапсырма берді.

Биыл мешіттің солтүстік жағынан жер үсті өткелін салу жоспарлануда.

— Бұл мәселе — өте өзекті. Қала тұрғындары осы туралы әлеуметтік желілерде жиі жазады. Ең бастысы — адамдардың қауіпсіздігі. Қазір байқау рәсімдері өткізілуде. Техникалық және авторлық қадағалау компаниялары анықталды. Тамыз айының басында негізгі мердігерлік ұйым анықталады,- деді қала басшысы.

Осы күні Бақытжан Кәкенқажыұлы сондай-ақ «Өндіріс» индустриялық аймағы мен Степной кентіндегі жылу желісінің салыну барысымен танысты. Бұл жоба арқылы Би Боранбай көшесінің бойындағы 1 павильоннан бастап жылу камералары орнатылған 9 қабатты үш тұрғын үйге дейін жылу желілерін салу көзделген.

Қазір Степной кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Мектепті жылу желілеріне қосу үшін Степной кентінің көп қабатты үйлерін жылумен қамтамасыз ететін жеке жоба әзірленді.

— Тағы бір маңызды жоба  — «Ұшақтар кентінің 66 кварталындағы орталық жылу пунктін қайта құру және тарату желілерінің құрылысы» жобасы жүзеге асырылуда. Қазір орталық жылу пунктінен кентке дейін ұзындығы 1,7 км жылу желілерін төсеу бойынша жұмыстар басталды.

Аталған жобаны іске асыру №49 мектепті, 280 орындық балабақшаны және 200 төсек — орынға арналған аурухананы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,- деді Б.Байахметов.

Шаһар басшысы сонымен қатар Семей қаласындағы «10-кәріз сорғы станциясын қайта құру» жобасы бойынша жүргізіліп жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі күні барлық қажетті материалдар сатылып алынып, жұмыстар 70% — ға орындалыпты.

— Бұл жобалардың барлығы қаламыз үшін өте маңызды және семейліктердің өмірін жақсартуға мүмкіндік береді,- деді қала әкімі Б.Байахметов.

Қала әкімі фтизиопульмонология және оңалту орталығына да барып, КВИ науқастарына арналған қосымша 300 инфекциялық төсек-орын орналастыру керектігін айтты.

— Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханаларының ғимараттары кеңес заманында салынған және жөндеуді талап етеді. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауының арқасында орталық базасындағы жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19 науқастарын дұрыс емдеу және оларға күтім жасау үшін қажеттінің бәрі бар. Аурухана қызметкерлері толық вакцина алған. Барлық ауруханаларда медициналық қызметкерлердің толықтай вакцинацияланғаны вакцинаның тиімділігін растайды. Сондықтан медицина қызметкерлерінің бұл әрекеті барлық азаматтарға үлгі болары анық, — деді шаһар басшысы Бақытжан Кәкенқажыұлы.

Бүгінгі таңда қалада балаларға арналған жаңа жұқпалы аурулар стационарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

 

Мақалада: әкім көшелерді араладыБақытжан БайахметовСемей

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

7 часов бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

7 часов бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

7 часов бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

12 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

12 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

12 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС