"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨШЕЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛУДА

07.12.2021
КӨШЕЛЕР
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абаттандыру

 Өткен аптада Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов 4-Омская, 5-Омская көшелерінің бойындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Әр көшенің ұзындығы шамамен 600 метрді құрайды. Мұнда көшелер ірі қиыршық және құм қиыршық тастармен толтырылған. Жұмысқа 8 КамАЗ, 2 грейдер және 1 каток тартылды. Мұнда күн сайын 30-ға жуық машина жабын материалын жеткізеді. Бұл көшелердегі жұмыстар бір-екі күнде аяқталуға жақын. Содан кейін Беляков көшесінде грейдерлеу жұмыстары басталады.

Жалпы, Семей қаласының 35 көшесінде әр түрлі құрылыс бригадалары жұмыс атқаруда. 15 көшенің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта Молдажанова және Аккульская көшелерінде жол техникасы жұмыс істеуде.

Омская көшесінің тұрғындары қала әкімінен арық жүйесін ойластыруды өтінді, өйткені бұл батпақты жер және көктемде қар ерігеннен кейін су көп жиналады.

Бақытжан Байахметов Омская және Толстой көшелерінің жарықтандырылуына да назар аударды. Қазірдің өзінде онда тіректер мен сымдар бар. Тек ұзақ уақыт жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуіне немесе шамдардың жанып кетуіне байланысты жарық жоқ. Қала басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «Горсвет» мекемесіне жағдайды тексеріп, аталған көшелерде жарықтандыруды қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.

Қала әкімі сондай-ақ Чайковский көшесі тұрғындарының бастамашыл тобымен кездесті. Мұнда көше жарығын орнату жұмыстары аяқталды. Семейдің орталық аудандарының бірінде орналасқан бұл кең көше бұрын — соңды жарықтандырылмаған.

«Горсвет» мекемесінің мамандары қала әкімінің тапсырмасымен Чайковский көшесіне 41 тірек пен 37 шамды бекіткіш орнатты. Морозов көшесіне дейінгі ұзындығы бір шақырымнан асатын көшеде 74 шам қойылған. Тұрғындар өткен кездесулердің бірінде көшені жарықтандыруды сұраған болатын. Кездесуде қала тұрғындары әкімге атқарған жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.

Чайковский — Шәкәрім көшелерінің қиылысында орналасқан үйдің тұрғындары көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеудің мемлекеттік бағдарламасы есебінен үйдің қасбетіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және есептеуді дұрыс жүргізу үшін кәсіби мамандарды жіберуді өтінді.

— Бұл — ескі үлгідегі үй, сондықтан арнайы құрылыс және бояу материалдарын пайдалану қажет. Бірақ сіздер алдымен мұндағы тұрғындардың кемінде 75 пайызының келісімін жинауларыңыз керек. Осыдан кейін шатырды алуға және сметаны дайындауға кірісуге болады,- деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Тұрғындардың бастамашыл тобы сондай-ақ Чайковский көшесіндегі 4-ші және 6-шы үйлердің ауласындағы балалар алаңын жаңарту мәселесін де көтерді. Көлік мәселесі де бар. Аулаға кіреберісте тыйым салу белгілері болғанына қарамастан, кейбір көліктер ауладан тікелей өтеді.

Қала әкімі Бақытжан Байахметов ТҮКШ бөліміне тұрғындардың барлық мәселелерін зерделеп, жөндеу жұмыстары бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды. Сонымен қатар келесі жылдың бюджетіне енгізу үшін ауланы абаттандыру құны да есептелетін болады.

Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің ақпараты негізінде әзірленді

Мақалада: КӨШЕЛЕР

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

9 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

10 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

10 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

10 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

13 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

13 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

14 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

14 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

15 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС