"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«JOLAMAN» КӨТЕРМЕ САУДА-ТАРАТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

30.11.2021
КӨТЕРМЕ САУДА
35
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында жаңадан сауда көтерме-тарату орталығы ашылды. Аталған орталықта алдағы уақыттарда жәрмеңкелер өткізіліп, халыққа арзан бағадағы азық-түлік ұсынылатын болады. Ең маңыздысы, жаңа нысанда сыйымдылығы 350 тонна болатын, яғни үлкен көлемдегі ауылшаруашылық өнімдерін сақтайтын заманауи жабдықталған қоймалар бар.

Орталық бірден бірқатар экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етеді, яғни азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға, сонымен қатар шаруа қожалықтары мен түпкілікті сатып алушы арасындағы делдалдардың санын айтарлықтай қысқартуға септігін тигізеді. Жобаны «Ақшын корпорациясы» ЖШС-нің еншілес кәсіпорны «Jolaman TLC» ЖШС жүзеге асырды.

Қала іргесіндегі «Jolaman» жаңа көтерме сауда-тарату орталығының ашылуына шаһарымыздағы белді кәсіпкерлер, орта бизнес өкілдері мен қала әкімі Бақытжан Байахметов және БАҚ өкілдері қатысты.

Көтерме-тарату орталығының ашылуында қала әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы құттықтау лебізін білдіріп, пайдалануға беріліп отырған жаңа нысанның маңыздылығын атап  өтті.

Салтанатты шарада «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбаев алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

— Алдымызда сауда туризмін дамыту міндеті тұр. Біз өткенді ұмытпай, болашақ туралы да ойлаймыз. Мәселен, болашақта сауда мұражайын ұйымдастыруға болады. Бұл орталықтың ашылуына атсалысқандардың барлығына – министрлікке, банктерге, облыс және қала әкімдіктеріне алғысымызды білдіреміз, — деді Марат Құрманбаев.

Көпшілік алдында Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының басшысы Жібек Әжібаева да сөз сөйледі. Ол аталмыш орталықтың мүмкіндігінің зор екенін айтып өтіп, алдағы жоспарларына тоқталды.

Салтанатты жиында қала әкімі Бақытжан Байахметов маңызды жобаны сәтті жүзеге асырған кәсіпкер Марат Серікжанұлының өңіріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін тақты, сонымен қатар кәсіпкерлік саладағы көп жылғы адал еңбегі, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан аса зор үлесі үшін және 60 жас мерейтойына орай Құрмет грамотасын табыс етті.

Айта кетейік, көтерме-тарату орталығының жалпы ауданы 11 гектарды құрайды. Нысан қаланың Жоламан кентіндегі  бұрынғы «Сары» базарының орнында бой көтерді. Аталмыш жер аумағын «Ақшың» корпорациясы сатып алып, жаңа сауда орталығының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеген болатын.

Орталықтың құрылысына компания өз есебінен 1,5 миллиард теңге қаржы салған болатын. Тағы 473 миллион теңге «Даму» қорының қолдауымен «ЦентрКредит» банкінен несие түрінде алынған екен.

Қазіргі уақытта 5 мың тоннадан астам картоп пен көкөністі қоса алғанда, 8,5 мың тонна өнімге арналған көтерме-тарату қоймасы және құрғақ өнім түрлеріне (қант, ұн, жарма және т.б.) арналған 3,5 мың тонна құрғақ қойма дайын.

Орталықта көкөніс түрлерін сақтауға арналған көтерме-тарату қоймалары, кросс-док, тоңазытқыш пен мұздатқыш камералары бар. Алдағы уақыттарда нысанның екінші қабатында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыру да жоспарлануда.

Облысымыздағы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген алғашқы көтерме-тарату  орталығының іске қосылуы аймағымыздағы ішкі сауданың дамуына игі әсерін тигізіп, шаруаларға өз өнімдерін өткізуге,  тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

«СТ» — ақпарат

Мақалада: КӨТЕРМЕ САУДА

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 часа бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС