"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА ҚОЛДАУ БАР

15.10.2021
СЕМЕЙ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде Семей қалалық ақпарат орталығында жергілікті кәсіпкерлік бөлімі басшыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Аталмыш шара барысында бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, азық-түлік бағасын бақылау мен тұрақтандыру және тағы да басқа мәселелер қаралды.

Кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әмина Сыздықова кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі мемлекеттік қолдау екенін айтты. Қолдау  бизнес субъектілерінің қаржы ресурстарына қол жеткізуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

– Ағымдағы жылдың басынан бері біз «Бизнесті дамытудың Жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша белсенді жұмыс жүргізудеміз. Бұл бағытта 493 жоба, немесе облыстағы жобалардың отыз пайызына қолдау көрсетілді. Аймақ бойынша бізде мың жарымнан аса жоба бар. Жобалардың жалпы сомасы жеті млрд 850 млн теңгені құрайды, — деді Әмина Сыздықова.

Әмина Сыздықова ШҚО-дағы жобалардың жалпы санының 29,1 пайызы Семей қаласына тиесілі екенін айтты. Салалық құрылым бойынша, өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, жылжымайтын мүлік операцияларында субсидияланған жобалар үлесі басым. Ал аталмыш бағдарламаның екінші бағыты бойынша екіден бес миллионға дейінгі аралықта гранттар беру қарастырылған болатын. Ағымдағы жылдың мамыр айында облыстық конкурсқа Семей қаласынан отыз үш бизнес субъектісі қатысыпты. Жеті жобаға 21,5 млн теңге көлеміндегі гранттар берілген.

Жиын барысында кәсіпкерлік бөлімі басшылығы индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру барысы туралы айтты. Осы жобалардың бірі «Qazaq Astyq Group» май экстракциялық зауыты болатын.

— Биыл шамамен 20 жылдай уақыт бұрын тоқтап қалған «Семей-Су» кәсіпорнының қазіргі базасында «Qazaq Astyq Group» жобасы іске асырылды. Онда күнбағыс, рапс, соя сияқты майлы дақылдарды өңдеудің автоматтандырылған кешенді өндірісі іске қосылды. Соның нәтижесінде екі жүз жиырма жұмыс орны ашылды, — деді Әмина Сыздықова.

Бүгінгі таңда компания май өнімдерін, негізінен, Тәжікстанға экспорттауда. Қазіргі уақытта өңіріміздегі өсімдік майы бағасын төмендету мақсатында аталмыш зауытпен Семей аймағын күнбағыс майымен қамтамасыз ету жайлы келіссіөз жүргізілуде. Бұл мәселенің әзірге басы ашық тұр. Алдағы уақыттарда шешімін табуы мүмкін.

Әмина Сыздықова сондай-ақ былғары-тері комбинатының бүгінгі таңда  алты тонна шикізатты қайта өңдеуге мүмкіндігі барын жеткізді. Комбинатта 80 жұмыс орны ашылған. Жалпы, өңірімізде шағын бизнес саласында жаңа цехтар ашылуда және көптеген кәсіпорындарда өндіріс кеңеюде.

Баспасөз мәслихатында үстіміздегі жылға қаланың тұрақтандыру қорына сатылып алынған жеміс-көкөніс өнімдерінің көлемі туралы да сөз болды.

— Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бөлшек саудадағы бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Мониторинг 400 сауда орнында жүргізіледі. Бағаның негізсіз көтерілгені анықталған жағдайда,  жедел әрекет ету шаралары қабылданады және бағаны төмендету үшін жұмыстар жүргізіледі, — деді Әмина Сыздықова.

Бағаны тұрақтандыру үшін бөлшек сауда кәсіпорындарымен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 10% — дан аспайтын сауда үстемесін қолдану бойынша 280 меморандум жасалыпты. Меморандум міндеттемелерінің орындалуын бақылау мақсатында бөлім қызметкерлері жыл ішінде 52 рейд және есеп жүргізген.

Азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету үшін ағымдағы жылға Семей қаласының тұрақтандыру қорына 310 тонна көлемінде жеміс-көкөніс өнімдері — 1,5 мың тонна картоп, 450 тонна қырыққабат, 400 тонна сәбіз және 750 тонна пияз сатылып алынған.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: КӘСІПКЕРЛІК

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

3 часа бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

3 часа бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

3 часа бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

3 часа бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

3 часа бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

4 часа бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

8 часов бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

1 день бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

1 день бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС