"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

07.02.2022
ҚАЛА ӘКІМІ
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Семей қаласының қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығында болды.

2000 жылы құрылған бұл орталық 1970 жылы салынған 5 қабатты ғимаратта орналасқан. Мұнда 120 орындық уақытша бөлімше және 30 орындық түнде қонуға арналған бөлімше бар.

Орталықтың 50-ге жуық қызметкері осында түскен адамдарға әлеуметтік бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Мұнда қызмет алушылар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер және оңалту іс-шаралары кешені қарастырылған. Бүгінде орталықта 93 қөмекке мұқтаж адам бар. Негізінен, қамау орындарынан босатылған, отбасылары бас тартқан ер адамдар. Олар мұнда бейімделуден өтуде.

Тағдыры ауыр адамдардың бірі Анатолий Косинцев 11 рет сотталып, 36 жыл түрмеде отырған. Есениннің өлеңдерін жатқа біледі. Ешқашан жұмыс істемеген. Қайта әлеуметтендіру орталығында өмірінде алғаш рет еден сыпырып, жууды үйренген. Орталық мамандары оған зейнетақы құжаттарын рәсімдеуге және қарттар үйіне орналасуға көмектесуде.

Ал Галина Кочева күйеуі қайтыс болғаннан кейін маскүнемдікке салынып кеткен, нәтижесінде көп жыл бойы құлдықта болған. Мал жайып жүргенде аязды күні үсік шалған оны қалаға әкеліп, еш құжатсыз тастап кеткен. Дәрігерлер оның екі қолының саусақтарына ампутация жасаған.

Ресей азаматы Ольга Никитина саудагер болған. 90-шы жылдары Шығыс Қазақстанға тауар жеткізумен айналысқан. Сөмкесі мен барлық құжаттарын жоғалтқан. Екі қызы Барнаулда тұрады. Ресейде ол қайтыс болған адам ретінде тіркелген. Енді көші-қон қызметі арқылы оның құжаттарын қалпына келтіріп, тіркеуден шығару керек.

Орталықта тұрудың ең ұзақ мерзімі-1 жыл. Осы уақыт ішінде көмекке жүгінушілердің құжаттарын қалпына келтіруге немесе рәсімдеуге көмек көрсетіледі. Олар орталықтан шыққаннан кейін жұмысқа орналасуы үшін электрик, сантехник және басқа да жұмысшы кәсіптерінің тегін курстарына жіберіледі.

Қала әкімі орталықтың жұмысымен танысып, қызмет алушылармен әңгімелесті.

Екі жыл бұрын «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында орталық ғимаратында және оған іргелес аумақта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға қаржы бөлінген. Бірақ, жиһаз бен медициналық жабдықтардың жетіспеушілігі, қызмет алушыларды тасымалдауға арналған арнайы санитарлық автомобильдің болмауы сынды әлі де шешімін күткен мәселелер бар.

«Мен барлық кабинеттерді мұқият қарап шықтым. Бос ғимарат бар екенін байқадым. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған адамдарға көмек көрсету үшін қосымша бөлім ашуға мүмкіндік бар. Семейде мұндай арнайы орталық жоқ. Барлықтарыңызға белгілі, біздің қаламызда тұрмысы нашар отбасылар бар. Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетілген жағдайлар да бар. Мұндай жағдайларда олардың баратын жерлері жоқ. Осындай дағдарыс орталығының ашылуы отбасылардағы әлеуметтік шиеленісті жеңілдетуге септігін тигізер еді», — деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.

25 орынға арналған дағдарысқа қарсы орталықты ашу үшін арнайы қаржыландыру қажет. Бастапқы кезеңде бұл шамамен 57 миллион теңгені құрайды. Психолог, заңгер, медицина қызметкерлері сияқты 8 қосымша штат ашу қажет болады.

Бақытжан Байахметов жақын арада тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бөлімшесін ашу мәселесін қарастыратындығын жеткізді.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі

Мақалада: ҚАЛА ӘКІМІСемей

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

6 часов бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

7 часов бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 день бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 день бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

6 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС