"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРУДЕ

15.02.2022
СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРУДЕ

ustinka.kz

11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімдігінде су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және өткізу жөнінде жедел штаб отырысы өтті.

Жиында айтылғандай, 9 ақпандағы жағдай бойынша өңірде су тасқынына қарсы жағдай тұрақты. Ертіс өзенінің деңгейі шекті белгіден асқан жоқ. Шығыс кентінде және Бейбітшілік аралында су деңгейіне тәулік бойы бақылау жүргізілуде. Дальний ауданындағы 950 метр арық жүйесі, 1-3 Омская көшелері мұздан тазартылды. Қар арналарын қазу және тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1 тоннадан астам инертті материал дайын тұр.

Комиссия мүшелері Шығыс кентіндегі Луговая көшесінде орналасқан  арық жүйесіне ерекше назар аударды. Жақында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов аталмыш аумаққа барып, сол жерде кеңес өткізген болатын. Мұндағы жерлер негізінен батпақты және жазық болып келеді. Қаулап өскен шөп, қамыс пен ағаш бұтақтары судың арналарын жауып тастайды да, күн жылынған кезде жағадан шығып, үйлерді басады. Жергілікті тұрғындардың су арналарына қоқыстарын төгуі де жағдайдың күрделенуіне себеп болып жатады. Су тасқынына қарсы жұмыстардың қарқыны мен жүргізілу барысына көңілі толмаған қала әкімі Бақытжан Байахметов көктемде ағын судың кептеліп, айналасына жайылмауы үшін тез арада бұл аумақты шөптер мен қамыстардан тазартуды тапсырды. Мұнда ауыр техниканы қолдану мүмкін емес. Сондықтан, түрлі құралдарды пайдалана отырып қолдың күшімен тазартып, суағардағы мұз бен қамысты кесіп тастау қажет.

Қала басшысы еңбек өнімділігін арттыру үшін ТЖМ әскерлері мен коммуналдық қызметтердің күштері мен техникасының үйлесімді жұмыс істеуін талап етті.

— Күннің жылынуын күтудің қажеті жоқ. Жоғарыда аталған жұмыстарға ертеңнен бастап кірісу керек. Күрек пен лом ұстаған біраз адам көп жұмыс тындыра алмайды. Техника санын көбейтіп, қолда бар барлық ресурстарды пайдалану керек, — деді Бақытжан Байахметов.

Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін күн сайын 18 текше метр ыстық су қажет. Қала қазандықтарында бұған қажетті су қоры жоқ. Қала әкімі уақытша шара ретінде қажетті ыстық суды МЭН және РК-3 қазандықтарынан алуды тапсырды. Бірақ болашақта бұл мәселе жүйелі түрде шешілуі тиіс.

Жиында сондай-ақ, Шығыс және Водный кенттерінде су бұру каналын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу мәселесі қаралды. Су тасқыны кезеңінде Красный кордон ауданындағы жер асты сулары жоғарыда аталған кенттерге қарай жылжиды да жүздеген үйлерге су басу қаупін төндіреді.

ЖСҚ әзірлеушілер екі нұсқа дайындаған. Екеуінің де артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Біріншісінің бағыты қысқа, үш шақырымнан асады. Бірақ жеке сектордың аумақтары арқылы өтеді. Бұл болашақта арнаны тазарту мен күтіп ұстау жұмыстарын қиындатуы мүмкін.

Екінші нұсқа бойынша, жобаланған канал ұзындығы жағынан артық және оны теміржол желісі бойымен жүргізу жоспарланған. Бұл нұсқаны әртүрлі теміржол қызметтерімен үйлестіру жұмыстары ұзаққа созылуы мүмкін.

Нәтижесінде таңдау бірінші нұсқаға түсті. Бірақ оған қатысты да сұрақтар бар. Атап айтқанда, жоба бойынша 2 метр болатын арнаның жоспарланған тереңдігі көңілге қонымсыз. Бұл су ағысының баяулауына және қатып қалуына әкелуі мүмкін. Үш шақырым арнаның бойымен ағын су кедергісіз, іркіліссіз өтуі тиіс. Арнаның еңісіне қойылған белгілер оның қалыпты жұмыс істеуіне сәйкес келмейді.

Қала әкімі Бақытжан Байахметов аталған жобаға қатысты ескертулерді мұқият талдап, кемшіліктерді жоюды тапсырды.

Семей қаласы ішкі саясат бөлімі

Мақалада: Әкім назарындағы мәселеСУ ТАСҚЫНЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

11 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

11 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

15 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС