"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жарма мен Бородулихада жаңа әкім: Кім келді? Кім кетті?

17.02.2022
Жарма мен Бородулихада жаңа әкім: Кім келді? Кім кетті?
6.2k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Осы аптада ҚР Президенті Әкімшілігі, облыс әкімі  және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен  Нұрымбет Аманұлы САҚТАҒАНОВ Жарма  ауданына, ал  бұрын  осы ауданға басшылық жасаған  Ахметқали Ахашұлы  НҰРҒОЖИН  Бородулиха  ауданына әкім болып тағайындалды. Аудан активіне  жаңа әкімдерді облыс басшысы  Даниал АХМЕТОВ   таныстырды.

НҰРЫМБЕТ АМАНҰЛЫ САҚТАҒАНОВ 1970 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын тамамдаған. Мамандығы — мұғалім, бухгалтер, заңгер.

Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласындағы 172 -ші орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1995-2001 жылдары Қызылорда облысының кеден басқармасында, содан кейін Мемлекеттік кірістер министрлігінің Кеден комитетінде жұмыс істеді.

Сондай-ақ Үкіметтің бас инспекторы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім басшысы  және министрдің кеңесшісі,  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, әкімшіліктің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Ұлан ауданы мен  Семей қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

Өмірдерегінен байқап отырған боларсыздар, НҰРЫМБЕТ САҚТАҒАНОВ — тек  жергілікті деңгейдегі лидер емес, республика бойынша саяси аренада тәжірибесі  мол тұлға. Қазақстанның шығысына  тосыннан келген  жоқ, оңтүстік өңірдің тумасы болса да  біздің аймақта  2012 жылдан бері еңбек етіп келе жатыр. Облыс әкімінің бірінші орынбасары, Ұлан ауданының, Семей қаласының әкімі қызметтерін атқарған жылдары тек тәжірибелі шенеунік  емес, ұлтжанды азамат ретінде танымал болды.

2017 жылдың қыркүйек айында Алаштың рухани астанасы атанған Семейде ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың ескерткішінің ашылуына қатысқан сол кездегі облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың  қағазға қарамай  тебірене, төгіле сөйлеген  қазақы қалпы көпшілікті тәнті еткен.

Нұрымбет Аманұлы басшылыққа тағайындалғанда Семейдегі  тіл мен діл  тақырыбына немқұрайлы қарамайтын  зиялы қауым ұлтжанды азамат келді деп қуанды. Аз уақыт қызмет атқарса да, семейліктердің көңілінде өзі жайлы  өркөкіректіктен ада, алдына келген адамның сөзін мұқият тыңдап, сол бойынша  мәселені шешуге бейім, халыққа жақын, іскер басшы деген пікір қалыптастырып кетті.

Мемлекет басшысы әкімдерге билік пен бұқараның арасында ашық диалог орнатып, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асуды ерекше тапсырып отыр. Нұрымбет Сақтағанов халықтың дауысын еститін әкімдердің қатарынан. Ұлан ауданында  бірге қызметтес болған бүгінгі Абай ауданының басшысы Нұржан Оразбекұлы  Әбдікәрімов  өзінің   бір сөзінде: «Нұрымбет Аманұлының  іскерлігі өз алдына, адамгершілік қасиетін ерекше бағалаймын. Ол кісіден  орынбасары болып жүріп көп нәрсені үйрендім. Бізге «адамдарға  қанша  ренжісеңдер де  арына тимеңдер!» дегенді  ескертіп отыратын», — дегені есімізде.  Міне, бүгінгідей билікке бұқараның талабы  күшейген шақта   халыққа қажеті де осындай, өзгелерді сыйлай  білетін, өзін сыйлата алатын  басшы шығар.

Бүгін  талай батырлар мен ақындарды дүниеге әкелген қасиетті Жарма өңіріне басшылыққа тағайындалған Нұрымбет Аманұлына абырой биігінен түспеңіз, жұмысыңыз табысты, мерейіңіз үстем болсын деген тілек  айтамыз.

Жарма ауданына осы уақытқа дейін басшылық жасаған Ахметқали Ахашұлы НҰРҒОЖИН Бородулиха ауданына әкім болып тағайындалды.

 

АХМЕТҚАЛИ АХАШҰЛЫ НҰРҒОЖИН 1966 жылдың 25 мамырында Семей облысы Бесқарағай ауданы Щедруха кардонында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1983 жылдың 9 қыркүйегінде бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданында автокөлік паркінде I санатты слесарь болып бастады. 1986 жыл «Башколь» совхозының жүргізушісі болып қабылданды. 1991-1997 жылдары Бесқарағай ауданында бас агроном, 2001-2002 жылдар аралығында Бесқарағай ауданының жер қатынастары инспекциясының бас маманы қызметін атқарды. 2005 — 2007 жылдары осы ауданда құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2007-2008 жылдары Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.  2008-2015 жылдары Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары, 2015-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімі, 2019 жылдың сәуір айынан  жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Жарма ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Ахметқали Ахашұлы  өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Қызмет бабымен басқа лауазымға ауысуыма байланысты, барша Жарма жұртшылығына риясыз алғысымды жеткіземін. Үш жылға жуық уақыт аралығындағы қызмет барысында қол жеткен жетістіктерімнің барлығында Сіздердің үлестеріңіз бар. Қашанда бастамаларымды қолдап, кеңес беріп, қол ұшын созып, белсенділіктеріңізді таныттыңыздар. Бірлескен істеріміздің нәтижесінде бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік.

Ел халқы Жарма өңірін батырлар мен ақындар мекені деп таниды. Яғни бақ қонып, құт дарыған мекенде еңбек ету мен үшін үлкен мектеп әрі мәртебе болды»  деген  жазба қалдырыпты.

Ахметқали Ахашұлы  жайлы жармалықтардан тек жақсы пікір естуге болады. Әсіресе халықтың әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін тобына  ерекше мейірімді әкімдердің бірі деседі көпшілік. Қалбатаудағы Айзере атты арбаға таңылған бүлдіршінге  баспана беріп қуантқаны газет оқырмандарының есінде болар. Мұндай мысалдарды  Ахметқали Ахашұлының жұмысынан көптеп келтіруге болады.

Жарма ауданында Ахметқали Ахашұлының басшылығымен  талай игілікті істер жүзеге асты. «Бір қабатты  Шығыс» жобасы аясында  Қалбатау ауылы мен Шар қаласында 57 баспана салынып, ауданда өткір тұрған тұрғын үй мәселесі оңтайлы шешімін тапты. Сол сияқты Шар қаласында да көпшіліктің сұрауымен спорт кешені салынды. Орталық көшелері қалыпқа келтіріліп, көше жарықтары орнатылып, шағын қаланың шырайын арттыруға күш салынды. Сонымен бірге Белтерек ауылы мен Жаңғызтөбе, Әуезов, Суықбұлақ кенттерінде мәдениет ошақтары ашылды. Бірқатар ауылдарда спорт және балалар алаңы салынды. Қапай, Аршалы, Қарасу ауылдарында орталық су желісі іске қосылып, тұрғындар таза ауыз суға қол жеткізді. Аудандағы  елді мекендерде модульдік ауыз су станциялары іске қосылды. Әлеуметтік  тұрғыдан көптеген жұмыстар жүзеге асырылды.

Ауыл шаруашылығы саласы да  өңірде кең өріс алып, жаңа шаруашылықтар құрылып, мал басын түрлендіру ісі жаңа деңгейге көтерілді. Өңірге инвесторлар тарту ісінде де бірқатар жұмыстар атқарылды. Жаңғызтөбе кентінде жел электр станциясы құрылысы жүзеге асып, қолданысқа енді.

Ахметқали Ахашұлы Жарма ауданына басшылық жасаған үш жылға жуық уақыт ішінде атқарылған жұмыстардың бірқатарын айтып өттік. Бүгін Ахметқали Ахашұлын  жаңа  тағайындаумен құттықтай отырып,  Бородулиха өңіріндегі жұмысыңыз берекелі болсын! Халықтың  ілтипатына бөлене беріңіз деген тілек айтамыз.

Осы жерде айта кеткен орынды болар, Бородулиха ауданының бұрынғы әкімі  Кинугул Кашкенұлы  бұрынғы орынбасарының   қылмыстық жауапқа тартылуына байланысты басқа қызметке  ауысты.

Риза АСАНҚЫЗЫ

Мақалада: Төртінші билік

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли Семей жұртымен ашық жүздесті: инвестиция, жол, жылу және жаңа нысандар талқыланды

19.12.2025
Берік Уәли Семей жұртымен ашық жүздесті: инвестиция, жол, жылу және жаңа нысандар талқыланды

Semeytany.kz - Бүгін Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласының тұрғындарымен кездесті. Жиында алдымен қала әкімі...

Толығырақ...Details

Тұрғындар түйткілін тыңдаған Берік Уәли қала басшылығына нақты тапсырма жүктеді

19.12.2025
Тұрғындар түйткілін тыңдаған Берік Уәли қала басшылығына нақты тапсырма жүктеді

Semeytany.kz - Семей қаласында облыс әкімі Берік Уәли тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, халық көтерген бірқатар өзекті сауалдарға құлақ түрді....

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

17.12.2025
Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика...

Толығырақ...Details

Берік Уәли Абай облысының жұртшылығын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

17.12.2025
Берік Уәли Абай облысының жұртшылығын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли өңір тұрғындарын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл мерекенің ел тарихындағы айрықша орнына...

Толығырақ...Details

Берік Уәли құрылысқа қатаң талап қойды: 142 нысанның сапасы тексерілді

15.12.2025
Берік Уәли құрылысқа қатаң талап қойды: 142 нысанның сапасы тексерілді

Semeytany.kz - Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтіп, 2025 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік құрылыс нысандарының...

Толығырақ...Details

Омбыда өткен халықаралық форумда Ертіс арқылы бірлескен дәліз құру мәселесі көтерілді

12.12.2025
Омбыда өткен халықаралық форумда Ертіс арқылы бірлескен дәліз құру мәселесі көтерілді

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли бастаған өңір делегациясы Ресей Федерациясының Омбы қаласында ұйымдастырылған «Ертіс: достық өзені – даму...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде «Достық-2025» байқауының үздіктері марапатталды

1 день бұрын

Айзат Жұманованың ісі: сотта аурухана дәлізінде түсірілген видео көрсетілді

1 день бұрын

Үй маңындағы дүкендерге баға шектеуін алып тастау ұсынылды

1 день бұрын

Берік Уәли Семей жұртымен ашық жүздесті: инвестиция, жол, жылу және жаңа нысандар талқыланды

1 день бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университеті ЖИ саласындағы халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие екенін айтты

1 день бұрын

Мемлекет басшысы: «Жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды»

1 день бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді»

1 день бұрын

2026 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

1 день бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

1 день бұрын

Токиода Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС