"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЫҒЫС КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

17.02.2022
ШЫҒЫС
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Шығыс кентінің саяжай кооперативі тұрғындарының бастамашыл тобының өтінішіне орай кездесу өткізді. Бұл — бір кездері ауылшаруашылық жерлерінің саяжай кооперативі болып құрылып, уақыт өте келе аумағы ұлғайған ерекше жағдайы бар Шығыс кентінің бір бөлігі.

Биыл сәуір айында шығыс оң жақ және шығыс сол жақ кентінің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуге конкурс жоспарланған.

Биыл сәуір айында шығыс оң жақ және шығыс сол жақ кентінің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуге конкурс жоспарланған.

Қала әкімімен кездесуде тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді. Алғашқы сауалдарының бірі жаңа мектептің ашылуына қатысты болды. Мұнда 1200 орындық жалпы орта білім беретін мектеп салу туралы шешім 2019 жылы облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен қабылданған болатын. Мектептің ашылу мерзімі дәлелді себептермен бірнеше рет ауыстырылды. Шаһар басшысы биыл 1 қыркүйекте жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылады деп уәде берді.

Бүгінгі күні қала әкімдігі тарапынан кент тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Айталық 1 миллиард 647 миллион теңге қаржы бөлініп, «Шығыс кентінің су құбыры желілерін қайта құру және кеңейту» жобасы қолға алынды. Желілердің ұзындығы 34 шақырымды құрайды. Жоба аясында жаңа мектепті, балабақшаны және 20-дан астам көшені орталықтандырылған су жүйесіне қосу көзделіп отыр.

Мұнда сондай-ақ көше жарығын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Биыл 13, 17-линия, Ақжол көшесі, Ақжол тұйық көшесі 1, 2, Елтай, Жібек Жолы және Абдуали көшелерінде жарық орнатылады. Келер жылы тағы 8 көше жарықтандырылмақ. Тұрғындар қала әкіміне электр энергиясының қымбаттығын айтып шағымданды.

— Жергілікті иесіз желілер сот шешімімен ТҮКШ бөлімінің теңгеріміне берілді. Қазіргі таңда кейбір желілер осындағы трансформаторлық қосалқы станцияларына қосылған. Тұрғындар дербес шоттарын ашу үшін «Шығысэнерготрейд» абоненттік бөліміне жүгінулері қажет. Қазіргі таңда ТҮКШ бөлімі қосымша ТҚС — 584 және ТҚС — 285 рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде. Оларды тіркегеннен кейін тұрғындар абоненттік бөлім арқылы жеке шоттарын аша алады, — деді Бақытжан Байахметов.

Бастамашыл топ мүшелері қоқыс шығару мәселесін де көтерді. Шығыс кентінде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен «Сегізбаев» ЖК компаниясы айналысады. 1190 жеке меншік үйге қызмет көрсетіледі. Бұған қоса жыл сайын бюджет қаражаты есебінен кенттен рұқсат етілмеген орындарда жиналған қоқыс үйінділері шығарылады.

Қала әкімі тұрғындарға бірге тұратын барлық отбасы мүшелерін көрсете отырып, Семейдегі қоқыс шығаратын компаниялармен келісімшартқа отыруды ұсынды. Сонымен қатар жергілікті учаскелік инспекторға рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою үшін, жұмысты күшейту тапсырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505 — бабына сәйкес, инфрақұрылым объектілерін бүлдіргендерге, жасыл желекті жойып немесе нұқсан келтіргендерге ескерту жасалатыны немесе жеке тұлғаларға — жиырма АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға — отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — жүз АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны айтылды.

Кент тұрғындарын жиі мазалайтын мәселелердің бірі — қаңғыбас иттердің көп болуы. «Семей ветеринария» КМК мәліметтері бойынша, өткен жылы мұнда бір жарым мыңға жуық, осы жылы бір жарым айдың ішінде жүзден астам ит ауланған. Кәсіпорын басшылығына қаңғыбас иттер жайлы шағымданған тұрғындардың өтініштеріне уақтылы жауап беру тапсырылды.

Қала басшысы кентте жүзеге асырылатын басқа да жобалар туралы айтып өтті. Мысалы, биыл спорт және балалар алаңдары салынады.

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: Билік пен халық

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

2 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

2 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

2 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

2 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

2 дня бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

2 дня бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

2 дня бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

2 дня бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

2 дня бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС