"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ БИІ ҰЛЫҚТАЛУҒА ТИІС!

21.02.2022
БИІ
51
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жазылған жайдың жаңғырығы

Үстіміздегі жылдың 15 ақпанында «Семей таңы» газетінде жарық көрген қоғам қайраткері, белгілі ғалым Болатбек Нәсеновтың «Қара қылды қақ жарған Қазыбек би» атты мақаласында және бір топ  азаматтардың Семей қаласының әкімі Б.К.Байахметовке жазған хаттарында көтерілген, биыл туғанына 355 жыл толатын, қазақ мемлекеттілігі — Қазақстан хандығы тұсындағы ел іргесін нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан ірі мемлекет қайраткері, әділдікті ту етіп, «Тура биде туыс жоқ…» ұстанымымен өмір сүрген,  тірісінде  халқы «Қаз дауысты Қазыбек» атандырған ұлы би Қазыбек Келдібекұлына Семей қаласында ескерткіш орнату және көше атын беру туралы ұсынысты толық қолдаймын.

Мұхтарбек КАРИМОВ,

тарих ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім университетінің профессоры

 

ҰСЫНЫС ҚОЛДАУ ТАБАДЫ ДЕГЕН СЕНІМДЕМІН

 

Құрметті оқырман қауым! Адал еңбек етіп, өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген «елім» деген азаматтар!

«Semei tany» газетінің №17 (15 ақпан) санында тарих ғылымдарының докторы, профессор, республикаға ерекше еңбек сіңірген зейнеткер Болатбек Нәсеновтің  «Қара қылды қақ жарған Қазыбек би» атты мақаласымен бірге зиялы қауым өкілдерінің ұлы даланың ұлы тұлғаларының бірі Қазыбек бидің есімін шаһар орталығындағы көшенің біріне беру туралы Семей қаласының әкімі Б.К.Байахметовтің атына жазған өтініші жарияланыпты.

Мен Қаз дауысты Қазыбек бидің тікелей алтыншы ұрпағымын, үлкен ұлы Қазымбеттен тараймын. Бұл ұсынысты ұлы бидің ұрпағы болғандықтан ғана емес, еліміздің отаншыл азаматы ретінде де қолдаймын.

Қаз дауысты Қазыбек би — қазақ мемлекетінің негізін қалаушылардың бірі. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Ұлт тұтастығын ойлаған Қазыбек би бүкіл ғұмырын Қазақ хандығын нығайту, іргелі ел ету, көршілес мемлекеттермен достық, көршілік қарым-қатынас орнатуға арнады. XVII ғасырда өмірге келген Әз Тәукенің «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға да белсене атсалысты.

Қаламызда Қаз дауысты Қазыбек бидің даңқын асқақтатып, көшеге атын берсек, ескерткіш тұрғызсақ, бұл Семей елінің даналарымызға көрсеткен құрметі болар еді. Әкімдік тарапынан бұл ұсыныс қолдау табады деген сенімдемін.

ЗЕЙНОЛЛА ТОҚАЕВ,

ветеринария ғылымдарының докторы, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, «Құрмет» орденінің иегері,

Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

Мақалада: Қазыбек биМұхтарбек КАРИМОВ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

12 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

12 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

16 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС