"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАР СУЫНАН КЕЛЕР ҚАУІПКЕ ДАЙЫНБЫЗ БА?

22.02.2022
ҚАР СУЫ

Қаперде  жүрер қатер

Облыс көлемінде су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары қарқынды жүргізілуде. Арнайы құрылған топтар тасқынның алдын алуға кіріскен.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс әкімінің өкімімен су тасқыны кезеңіне дайындық аясында арнайы жұмыс топтары құрылған. Олардың құрамына жергілікті атқарушы билік органдары өкілдері, құтқарушылар, Ертіс бассейндік инспекциясы және басқа да органдардың мамандары кірген.

Жалпы өткен қаңтар айында-ақ өңірлердегі қар қалыңдығын, Ертістегі мұздың қалыңдығын анықтау үшін өзен бойын аралау жұмыстары басталған болатын. Су басу қаупі бар аймақтарындағы барлық гидроқұрылыстар мен елді мекендер, іргелес аймақтар ерекше бақылауға алынған. Жағдай жіті қадағаланып отыр. Күннің күрт жылынуына байланысты өзен суының артуы байқалған жағдайда жүргізілетін жұмыстың жоспары да нақтыланған болатын.

«Бүгінде олар Бородулиха, Абай, Катонқарағай аудандарына барып, қар шығару және су өткізу құбырлары мен каналдарды тазалау жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық құралдардың дайындығы, халық арасында түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі, өзендерде жоспарланған жарылыс жұмыстарының орындарын бақылады», — делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі ақпаратында.

Жұмыс тобының мүшелері кәсіпкерлермен азық-түлік өнімдерін және дәрі-дәрмектерді жеткізуге, эвакуацияланған тұрғындарды орналастыруға байланысты келіссөз жүргізді. Әкімдікте және ауылдық округтерде жауапты лауазымды тұлғалардың тәулік бойы кезекшілік жасау кестесі бекітіліп, су тасқыны болған жағдайда халықты хабардар ету схемасы анықталды.

Жалпы, облыс бойынша каналдар мен арықтарды, су өткізу нысандары мен көпірлерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. 222 мың текше метр қар шығарылып, 85 мың қап, 6 мың тонна инертті материалдар дайындалды.

«Құтқарушылар жақын арада қаладағы тұрғын үйлерді аралауды бастайды. Жұртшылыққа көктемгі су тасқыны кезеңіне қатысты нақты нұсқаулықтар өткізіп, ақпараттық жаднамалар таратылады. Сонымен қатар, мердігер ұйымдардың да су тасқынына дайындығы тексеріледі», — делінген аталған ақпаратта.

Айта кетейік, су тасқынының алдын алу шаралары облыс әкімі Даниал Ахметов пен қалалар және аудандар әкімдерінің қатаң назарында тұр.

Азамат ЕРСАЙЫН,

«Семей таңы»

Мақалада: ҚАР СУЫ

Ұқсас жаңалықтар

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

9 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

9 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

9 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

13 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

1 день бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

1 день бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

1 день бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

1 день бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

1 день бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС