"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚСАҚАЛДАР ФОРУМЫ ӨТТІ

24.02.2022
АҚСАҚАЛДАР
32
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлттық құндылықтар

 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймағы ақсақалдарының VI форумы өтті. Бұл форум ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен жарияланған «Ислам — ынтымақ және бірлік діні» жылының аясында ұйымдастырылып отыр.

Ақсақалдар форумы Өскеменде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Алқалы жиынға өңір ақсақалдары, имамдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Форумның басты мақсаты — дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту, жерлеу, салттық рәсімдерді бір арнаға түсіруді насихаттау.

Іс — шарада ұлттық құндылықтар мен бірлік — ынтымақ мәселесі жан-жақты сараланды.

«Қазақ қоғамында және дәстүрлі тәрбиеде ақсақалдардың ролі аса зор. Қазіргі уақытта елдің бірлігі аса маңызды. Бұл жолғы форумның басты мақсаты елді ынтымаққа үндеу және жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру, осы бағыттағы IV Республикалық имамдар форумының құжаттарын насихаттау болып отыр. Ақсақалдардың пікірлерін тыңдап, осы құжатты насихаттау мақсатында жерлеу әдебін бірізділікке түсірудің маңыздылығын да ортаға салып отырмыз», — деп атап өтті шараға қатысқан Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы.

Бас имам ҚМДБ жанынан «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы құрылып, жерлеу рәсімдерін ел көлемінде бір жүйеге түсіріп, құлпытастың, зиратты қоршаудың бірыңғай үлгілері бекітіліп, қолданысқа ене бастағанын және Өскемен аймағында бұл орталықтың жұмысы қолға алынғандығын атап өтті.

Жиында бірқатар қариялар көтеріліп отырған мәселеге байланысты өз ойларын ортаға салып, ұсыныстар білдірді.

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Мұхамеджанов өз сөзінде: «ҚМДБ тарапынан ақсақалдар институтын қолданысқа енгізіп, ұлттық құндылықтарға басымдық беруге талпынып отырғандығы құптарлық бастама», — деп атап өтіп, қариялардың ел бірлігін сақтаудағы рөліне тоқталды.

«Жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіріп, ысырапқа жол бермеу, бұрынғы салт-дәстүрді жаңғырту — бүгінгі күннің басты талабы. Қазірден бастап осы мәселені реттесек, келешек ұрпақ үшін де бұл үлкен маңызды тәрбие болар еді. Ас — науқандар байлық жарыстыратын форматта емес, өткен адамға құрмет көрсетудің өнегесін көрсету бағытында болғаны дұрыс», — дейді ҚР Мәдениет қайраткері, ШҚМУ-дың доценті, ҚАЕУ-дың «Құрметті профессоры» Нәбиолда Кемешев.

ШҚО ақпарат орталығы

Мақалада: Ұлттық құндылықтар

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

3 минуты бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС