"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында қандай аудандар ашылады?

04.04.2022
Абай облысында қандай аудандар ашылады?
1.1k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстандығы Ақжар ауылы. 25 жыл бұрын Тарбағатай ауданының орталығы болған. Кейіннен көршілес Ақсуат ауданынмен біріктірілді. Сол кезде шекарада орналасқан ондаған елді мекен орталықтан алшақтап қала берген. Жолдың шалғайлығына шыдамаған талай жұрт тұрмыстың қамымен қалаға сабылды. Сөйтіп шекара шебіндегі халықтың саны азайды. Тұрмыстың тоз-тозы шықты. Ақжарлықтар жылдар бойы аудан мәртебесін қайта қайтаруды сұрап талай табалдырықты тоздырған. Енді орай келіп тұрғанда жеке ауданның құрылуы заңдылық, – деп санайды.

Бибігүл Баймұратова, Ақжар ауылының тұрғыны:

– Шекаралық аймақтардың жағдайы түзелер еді. Бір мысал айтатын болсақ, аудан орталығыннан 200 шақырым жерде жатқан Жаңа ауыл деген, Ахметбұлақ деген ауылдар бар. Сол Ахметбұлақтан халық көшіп болды. Қамысты деген ауыл шекраның іргесінде тұр. Олар аудан орталығы Ақсуатқа 200 шақырымға сабылмас еді.

Серікжан Шөкеев, қоғам белсендісі:

– Бұрын біз айта беретінбіз. «Бос жатқан жер жау шақырады» -деп. Ендігі мақсатымыз, сол бос қалған жерлерді, халықты қоныстандырып шоғырландыру. Қазір мына бізге хабарласып та жатыр. Айтып та жатыр. Егер жаңадан Тарбағатай ауданы жаңадан бөлек аудан болып, дербес аудан болып құрылса қайта көшіп барамыз деп. Инвестиция әкелеміз деген кәсіпкер бауырларымыз бар. 25 жыл деген аз уақыт емес. Халық тағатсыздана тосқан. Енді, міне, халық керемет қуанышты.

Жұрттың қуанатын жөні бар. Қазір аудандық әкімшілік комиссия құрып, жергілікті маслихат халықтың пікірін ескере отырып, шешім шығарған. Ол ұсыныс тиісті министрлікке жолданды.

Ерсін Ескендіров, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары:

– Ақжар өңірінің барлық тұрғындары 100 пайыз Шығыс Қазақстан облысының құрамында қалғылары келді. Ал Ақсуат регионы сауалнама жүргіздік. Олар да 100 пайыз жаңадан құрылатын облыс құрамында қалу жөнінде пікірлерін білдірді.

Тарағатай ауданына қарасты 17 ауылдық округті 1997 жылға дейінгі территориясын сақтай отырып екі ауданға бөлу ұсынылып отыр. Қазір өңірде 46 мыңға жуық халық тұрады. Жаңа аудан құрылса, тұрғындар саны артады деген болжам бар. Ақжар ауылын аудан орталығы етіп қайта бекіту бюджеттен көп шығын талап етпейді, дейді тұрғындар. Өйткені елді мекенде кезіндегі әкімшілік ғимараттар сол күйінде сақталған.

Шығыс Қазақстан құрамына енетін Самар ауданы да қайта құрылуы мүмкін. Кезінде ол Көкпекті ауданымен біріктірілген. Қазір мұнда да халықтың талап-тілегі ескерліп атқарушы органдар жергілікті деңгейде шешім шығарды. Ал Көкпекті халқы географиялық орналасуы, халықтың қаламен қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жағынан болашақ Абай облысының құрамында қалуды қалайды.

Қайдар Шайзадинов, Көкпекті ауылының тұрғыны:

– Бір-ақ өтінішіміз бар. Көкпекті орталық болып қалсын, Абай облысына қарасын деген. Тек бізді алаңдатып отырғаны осы. Көкпекті ауданы Шығыс Қазақстан облысына қарап кетеді ма деген. Ол бізге алыс. Біздің барлық байланысымыз, бала-шағамыз, студенттеріміз, жұмысшыларымыз барлығы Семей қаласында.

Экономистер де аудандарды бөлу кезінде халықтың пікірін басты назарға алу қажеттігін айтады. Егер тұрғындарға қолайлы жағдай жасалса, ауылда халық тұрақтап, дамуына әсерін тигізбек.

Аман Рахметулин, экономист:

– Енді қаржы тікелей бөлінуі керек аудандарға. Ол аудандардың халқының санынан байланысты емес. Ең негізгі маңызды мәселе сол деп қарамауымыз керек. Ол аудандардығы географиялық шаруашылықты дамыту потенциалына, мүмкіншіліктеріне ерекше мін беріп қарауымыз керек. Аудан орталығынан 300-400 км алыс тұруы мүмкін. Сол ауданның орталығының өзін, халық шоғырланған орталыққа таяту керек. Сонда сол өңірдің байырғы халықтары барып, шаруашылықты жүргізуге қазір де қарсы емес.

Орталықтан тым шалғай қалғанның кесірінен халық саны күрт азайып кеткендердің бірі — бұрынғы Абыралы ауданы. 1997 жылы облыс тарағанда жабылып, қала маңындағы ауыл статусына ие болған. «Қала маңындағы» -деп аталатын елді-мекендер шаһардан 300-350 шақырым қашықта қалып қойған. Қатынас ауырлап, күнкөріске қолайсыз болғандықтан көпшілік қоныс аударған. Абай облысы қайта құрылса, Абыралы ауданы да жаңғыратындығына жергілікті жұрт сеніммен қарап отыр.

Серік Ақышев, Қайнар ауылының тұрғыны:

– Семей қаласының құрамында болғаннан кейін, енді біздің тағдырымыз да шешілуі керек. Өйткені жаңа құрылатын аудандардың ішінде орталығын осы Қайнар ауылы жасап, Абыралы өңірін қайта құрса деген үлкен өтінішіміз бар.

Әкімбай Шақантаев, Қайнар ауылының тұрғыны:

– Бізде қазір айтатыны, халықтың саны, халықтың саны –дейді. Сол халық жұмыс жоқтықтан кетті. Келгісі келеді. Жастардан ұсыныс түсіп жатыр. Мамандар да келгісі келеді. Облыста, Астанада қызмет жасап жатыр. Олар үйлерін сатқысы келмейді. Не ешкімге бергісі келмейді. Не бұзғысы келмейді. Әттеңмен жүр. Егер анандай жағдай болса, мен ойлаймын олардың барлығы қайтадан келіп, өз елдерінде қызмет жасағылары келеді.

Қоғам белсендісі Марат Құрманбай Абыралы ауданы тараған тұста «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорын құрған. Сөйтіп шалғай жатқан ауыл халқына әлеуметтік көмек беріп келді. Енді Семей сынақ полигонының эпицентрінде орналасып, оның зардабын жылдар бойы шегіп келген жұртқа жеке аудан құрып, өңірді дамыту тарихи әділдік болар еді-деп санайды.

Марат Құрманбай, «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының жетекшісі:

– Сол жақтың қандай проблемалары барын біз білеміз. Бүгінгі халықтың талабы орынды деп ойлаймын. Абыралы ауданнын құру керек. 1 миллион гектар жер, қазіргі күні полигонның жері деп саналады. Соны мен ойлаймын ауыл шаушылығына беру керек. Ол жерде мал шаушылығын, егіндікті дамытса, Абыралы ауданның өркендеуіне үлес қосар еді. Сондықтан абыралықтардың сұрап отырғаны, талабы дұрыс.

Әзірге аудандардың бөлінуіне байланысты нақты шешім жоқ. Ұлттық экономика министрлігі халықтың тілегі ескеріледі деп отыр.

Дәурен Жамбайбек, ҚР ҰЭМ өңірлік даму департаментінің директоры:

– Шығыс Қазақстан облысында бір-екі аудан бар. Кезінде біріктірілген. Енді ол бөлінеді біздің пайымдаумыз бойынша. Әзірше сәл ертелеу шығар. Комиссия өз шешімін қабылдайды. Бұрынғы Абыралы ауданы бұрыннан Семей өңіріне қарасты аудан. Ол мәселе комиссияға шығарылуы мүмкін. Қандай шешім болатындығын қазір айта алмаймын. Бірақ, жан жақты қаралады. Біз жергілікті халықтың пікірін ескереміз ғой.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында облыстық маңызы бар 5 қала мен 15 аудан бар. 1 миллион 380 мыңға жуық халық тұрады. Семей облысының Шығыс Қазақстан облысына біріктірілгенінен балабақшалар, ауруханалар, кәсіпорындар жабылды. Жұмыссыздық, халықтың жаппай көші өңірді әбден әлсіретті. Жылдар бойы облыс орталығымен салыстырғанда бюджеттің қалдық принципімен бөлінуінен Семей де әбден тозды. Инфрақұрылымы әлсіреді. Жұмыссыздық жайлады. Бірақ шаһарда халық саны қатты азайған жоқ. Қазір тек Семейдің өзінде 330 мың тұрғын бар.

Енді облысты қайта бөліп, Абай облысын құру — өңірдің кең тыныстауына, шекаралық аймақтың жалаңаштанбауына ықпалдасады деген үміт бар. Қазір «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы» туралы заң шеңберінде территорияларды бөлу бойынша сараптама жүріп жатыр. Түпкілікті шешімді Үкіметтік комиссия сәуір айының соңында жария етеді.

Apta.kz

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: Абай ауданыАбай облысында қандай аудандар ашылады?Ақжартарбағатай

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

2 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

2 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

2 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

2 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

2 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

3 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

3 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

3 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС