"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАТТАНДЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

04.04.2022
АБАТТАНДЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жастар саясаты

АБАТТАНДЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Семей қаласы әкімдігінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы қаралды.

Статистикалық деректерге сәйкес, қалада 14-тен 29 жасқа дейінгі 70 619 адам тіркелген, оның ішінде 4 828-і ауылдық жерлерде тұрады. Қаланың 3 жоғары және 28 орта арнаулы оқу орындарында 35 733 жас білім алады. Мектептер мен лицей және гимназияларда 14 жастан 18 жасқа дейінгі 9768 адам білім алуда.

Қаладағы 19 жатақханада 3 000-нан астам студент тұрады.

Жастар саясаты саласында 27 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. 2021 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 29 жасқа дейінгі 2 470 адам қамтылған.

«Бизнес Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 22 адам жіберіліп, оның 6-уы грантқа ие болды. Өз ісін бастаған 52 қатысушы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 583 мың 400 теңгеден мемлекеттік грант алды. Шағын гранттардың жалпы сомасы 30 млн 336 мың 800 теңгені құрады.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дәнекерлеуші, тігінші, аспаз мамандықтары және басқа да мамандықтар бойынша 103 адам оқытылды. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 572 адам жіберілді.

Өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында 78 жас жұмыс істеді. Олардың қатарында негізінен көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жастар болды.

Облыстық квотаға сәйкес 2022 жылы 200 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 122 адамға көп.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2009 жылдан бастап білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ауыл шаруашылығы салаларындағы жас мамандарға материалдық көмек көрсетіледі. Осы кезеңде 163 маман жалпы сомасы 191 млн теңгеге әлеуметтік қолдау шараларын алды. 22 маман 6 млн 417 мың 400 теңге сомасында көтерме жәрдемақы алды.

Қала кәсіпорындарында 1662 жас жұмыс істейді. Әр түрлі салада 15 328 жас еңбек етеді. Олардың басым бөлігі денсаулық сақтау, білім беру, әскери қызмет, құқық қорғау органдары салаларында қызмет етеді.

Сонымен қатар 2000-нан астам жас ешқандай оқу орнында білім алмайды және жұмыс істемейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығын іске асыру мақсатында Семейде волонтерлер қозғалысын дамыту үшін «Birgemiz: Semey» қалалық фронт-кеңсесі құрылды. Қалалық Достық үйінде, этномәдени орталықтар жанында 9 жастар ұйымы жұмыс істейді, олардың құрамында 300 волонтер бар. Өткен жылы облыс көлемінде «Бейбітшілік, достық және келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығымен «Возрождение» неміс мәдени орталығы клубының көшбасшысы Мария Горбачева марапатталды.

2020 — 2021 оқу жылында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ұйымдастырған республикалық шағын гранттар байқауында семейлік волонтерлер 7 бағыт бойынша жалпы сомасы 13 млн 500 мың теңгеге 39 жобаны жеңіп алып, оны жүзеге асырды. Оның ішінде 11 жоба республикалық деңгейде «Үздік» деп танылды.

Осы кезеңдегі жағдай бойынша тұрғын үй алуға кезекте жастар қатарынан 6486 адам тұр (көп балалы отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1 және ІІ топтағы мүгедектер және т.б.). Өткен жылы 90 адам, 2020 жылы 50 адам «Шаңырақ», «Бақытты отбасы», «Бір қабатты Шығыс» мемлекеттік бағдарламалары бойынша тұрғын үйге ие болды.

2020 жылы 2 355 неке қию мен 445 ажырасу көрсеткіші тіркелген болса, өткен жылы – 2 595 неке қию мен 426 ажырасу көрсеткіштері тіркелді.

Қала жастары үшін спорттың 65 түрі бойынша 200-ден астам спорт секциялары жұмыс істейді. Бұл секцияларға жастар арасынан 64 216 адам қатысады. 2021 жылы 150-ден астам спорттық іс-шаралар өткізілді.

Жыл сайын мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін қала әкімінің сыйлығы беріледі. 2021 жылы сыйлық 10 номинация бойынша берілді.

Әкімдік отырысында Бақытжан Байахметов жастарды жұмысқа орналастыру мәселелеріне назар аударды.

— Биылғы жылы 200 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Біз оларды қайда бағыттаймыз? Көктемнен күзге дейін көшелерді, саябақтарды тазарту, көше бойындағы ағаштарды кесу үшін жұмыс күші қажет. Біздің қаламызда тротуарларды тазалаумен ешкім айналыспайды. Сондықтан 10 сәуірге дейінгі мерзімде қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен және мердігерлермен бірге жастар арасынан шыққан жұмысшыларға деген қажеттілікті егжей — тегжейлі қарастыруды тапсырамын, — деді қала басшысы.

Бақытжан Байахметовтың айтуынша, қаланы абаттандыруға бағытталған жастар жобаларына қолдау көрсетілу қажет. Атап айтқанда, бір топ жастар Жаңасемей ауданындағы қалалық жағажайды абаттандыруға ниет білдірді. Тағы бір назар аударарлық жобалардың бірі — қымыздан жасалған балмұздақ өндірісі. Сондай-ақ жас буын өкілдерінің қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты креативті идеялары бар.

Қала әкімі жастардың барлық жетістіктерін зерттеуді, оларды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге белсенді түрде тартуды және қажет болған жағдайда олардың жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік гранттар бөлуді тапсырды.

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: АБАТТАНДЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

«СЕРПІННІҢ» СЕПТІГІ МОЛ

28.07.2022
«СЕРПІННІҢ» СЕПТІГІ МОЛ

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік «Серпін» және «Дипломмен - ауылға» бағдарламалары нәтижелі жүзеге асырылуда. Нақтырақ айта кетер болсақ,...

Толығырақ...Details

«TALQYLAU» АЛАҢЫНДА ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ

03.06.2022
«TALQYLAU» АЛАҢЫНДА ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ

AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «TALQYLAU» қоғамдық диалог алаңының алғашқы отырысы өтті. Семей қаласындағы AMANAT партиясының қалалық филиалында...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ АРУЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ 

31.05.2022
СЕМЕЙДЕ АРУЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ 

Шаһарымызда Қазақстан студенттер Альянсы облыстық штабының ұйымдастыруымен “Семей аруы - 2022” сұлулық сайысы өтті. Биыл оныншы рет өткізіліп отырған сайыста...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС