"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨТІНІШТЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

06.04.2022
ӨТІНІШТЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ӨТІНІШТЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Облыс әкімі Даниал Ахметов жуырда азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тиісті мемлекеттік құрылымдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Бұл туралы аймақ басшысы өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

Қабылдауға келген жергілікті тұрғын Сәуле Байырова Өскемен қаласында уақытша тұратын баспанаға мұқтаж екендігін айтады. Өйткені оның баласы көру жүйкесінің атрофиясы себебінен қайтадан операция жасау үшін үнемі нейрохирургтің бақылауында болуы тиіс екен. Сондықтан  облыс орталығында болуы қажет.

Осы ретте аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы 11 сәуірге дейін «Үлбі» әлеуметтік орталығында бүкіл отбасын орналастыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Ал облыс әкімінің қабылдауына жазылғандардың бірі жергілікті қаламгер Серік Құсанбаев өзінің авторлық екі томдық кітабын таратуға қатысты өтініш білдірді. Бұл ретте оған бірінші кезекте кітапханалар арқылы жұмыс істеу керектігі айтылды, осыдан соң қажетті көмек көрсетіледі.

Облыс әкімі қабылдауда болған «Арт спорт» бағдарламасы бойынша қызмет көрсетушілердің өкілі Жанна Чепрасовамен сындарлы сұхбат өткенін айтады. Сұхбат барысында аймағымыздағы мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер айналысатын барлық мәдени-спорт секцияларына жан-жақты талдау жасалатыны туралы сөз қозғалды. Аталмыш салаға алдағы уақыттарда да кеңінен көңіл бөлінетін болады. Бұл дегеніміз педагогикалық білімі бар кәсіби жаттықтырушылармен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, толық мемлекеттік бақылау жасалады деген сөз.

Сонымен қатар Даниал Кенжетайұлына кезекті рет Глубокое ауданынан келген Тарасовтар жүгінді. Бұл ретте қабылдауға қатысқан адвокаттар алқасының өкілдері ерлі-зайыптыларға ҚР-ның барлық заңдарын сақтай отырып, құқықтық алаңда әрі қарай әрекет ету мүмкіндігін түсіндірді.

Аймақ басшысының қабылдауына келген барлық азаматтарға заң аясында жауаптар берілді. Олардың орындалуы тиісті мемлекеттік құрылымдардың бақылауында болады.

Азамат ЕРСАЙЫН,

«Семей таңы»

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: ӨТІНІШТЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

7 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

7 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

15 часов бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС