"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛДАРДЫҢ ЖӨНДЕЛУІ ҚАЛА БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

09.05.2014
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қысқа мерзімді демалыстан кейін дүйсенбі күні қала әкімі Айбек Кәрімов  қаланы аралап, көшелердегі күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын бақылап,  жаңадан іргесі қаланып жатқан жедел жәрдем станциясының құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ, өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға  берілген жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында да болды.

 

Қала басшысы ең алдымен қаланың 2015 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған Қызыл Кордон аумағында салынып жатқан жедел жәрдем станциясы  ғимаратының құрылыс барысымен танысты.  Құрылыс жұмыстары  жоспарға сай жүргізіліп жатыр екен. Қала әкімін атқарылған жұмыстарымен таныстырған мердігер компания  өкілі құрылыс материалдарының да жеткілікті екенін, құрылыс тоқтап, тұралап қалуға еш негіз жоқ екендігін баяндады. Сондай-ақ, Айбек Мүталапханұлы негізгі жол Мичурин  көшесінен жедел жәрдем станциясына дейінгі аралықтағы жолды жасауды мердігер компанияға қатаң тапсырды.

Одан кейін қала әкімі бастаған топ өткен жылы халық игілігіне берілген жедел медициналық жәрдем ауруханасына қарама-қарсы алаңқайға аялдады. Жергілікті билік өкілдері жекенің қолына өткен бұл жерді заңды түрде мемлекеттің құзырына қайтару жағын қарастырды. Бұл тұрғыда Айбек Мүталапханұлы қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов пен қаланың бас сәулетшісі Қалдыбек Қоқилановқа тиісті тапсырмаларын жүктеді. Бұл бос орынға дүңгіршек немесе дүкен сияқты сауда-саттық  мекемелерінің салынуына жол бермеу керектігін айтқан қала әкімі қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Жұмабек Исаділовке аталмыш   алаңқайдың күл-қоқыс төгетін жерге айналмауы үшін тәртіп сақшыларының жұмысын күшейтулері  қажеттігін де ескертті.

Ал,  жедел  медициналық  жәрдем ауруханасында  шешімін  таппаған мәселелер әлі де бар көрінеді. Қала әкімі аталмыш мекеме басшысы  Қайноллан  Мусин  және ШҚО  денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары  Ғалия Жуасбаевамен бірге  ауру-хананы аралап, ондағы жұмыс  барысымен     танысып шықты.  Мердігер компания кейбір іске немқұрайлы қарап, жұмыстарын  шала жасаған, бес қабатты жаңа ғимараттың төбесінен су тамшылайды  екен. Соған  байланысты мекеме жұмысымен толықтай танысып шыққан қала басшысы олқылықтарды  орнына келтіру үшін жауапты  мамандарға тиісті тапсырмаларын берді.

 

{jcomments on}Өткен жылдары Семейдің жылдар бойы қараусыз қалған көшелері жөндеу көргенін жұртшылық жақсы біледі. Бұйырса, биыл да  жол жөндеу жұмыстары жалғасын табады. Айбек Мүталапханұлы  көшеге жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын  тұрғындарымен жүздеседі. Тіпті, үлкен жұмыс  бастамас бұрын әкімнің  аға буынмен ақылдасып шешетін тәжірибесінің барлығы да  көпшілікке белгілі. Міне, көшелерге жұмыс бастамас бұрын қала басшысы алдағы уақытта жөнделетін көшелерді тағы бір қарап, қадағалап шықты. Қаладағы Мичурин, Аймауытов және  Морозов сынды бірқатар  көшелерге  де  ат басын  бұрды. Қала әкімінің  айтуынша, шаһардағы бірқатар көшелердің жөнделуіне үстіміздегі жылы 1 млрд. теңгеден    астам  қаржы бөлінген. Морозов көшесінің жолын жөндеуді «Гордорстрой» ЖШС қолға алса, Аймауытов көшесінің  жөндеу жұмыстары  «Семей жолдары»  ЖШС-нің еншісінде.   Аталмыш  мердігер компаниялардың  басшылары қала әкіміне сызба  жұмыстарын көрсетіп, өздеріне жүктелген көшелердің алдағы жөндеудегі жоспарларымен таныс-тырды. Морозов көшесіндегі  әкімшілік полиция бөлімі мекемесінен бастап теміржол бекетіне дейінгі  2,8 шақырымдық жол жөнделмек. Сол  сияқты  Аймауытов  көшесіндегі (Қабанбай батыр  көшесінен бастап Шәкәрім көшесіне дейін) 1,554 шақырымдық жолға, сонымен қатар, Шугаев  көшесіндегі (Байсейітов көшесінен Засядко көшесіне дейінгі жер) жолдарға, сондай-ақ, Би Боранбай  көшесіне де ағымдағы  жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен. Ал, Мичурин (Найманбаев  көшесінен темір жол  өткеліне дейінгі жер), Дальняя (темір жол өткелінен Гражданская  көшесіне  дейінгі  жер)  және Шығыс  кентіндегі  Железнякова  көшелері үстіміздегі   жылы  күрделі  жөндеуден  өтпек. Аталмыш көшелерге жөндеу жұмыстары соңғы рет Кеңес Одағы кезінде, 1980 жылдары жасалған екен. Аймауытов көшесінің жөндеу жұмыстары алдағы 1 мамыр күні басталмақ.

 

Аймауытов көшесі – шаһардағы ең ірі, қозғалысы көп көшелер қатарынан. Сондықтан, бұл жерге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде аса мұқият болу қажет. Мысалы, жер асты желілеріне бола жөнделген жерді қайта қопарып, екі жұмыс жасамау жағын да қарастыру керек екендігін айтқан Айбек Мүталапханұлы жұмыс тобымен бірге өткен жылы күрделі жөндеуден өткен Шугаев көшесіне де барып, ондағы жағдайды бақылады. Сол маңдағы Байсейітов көшесінен Засядько көшесіне дейінгі жерлерде жөндеу жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығын өз көзімен көрді.

Құзырлы мекемелер мен жауапты мамандарға арнайы тапсырмалар берген қала әкімі қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменовке аталған көшелер жұмысының сапалы жөнделуін жіті қадағалап, үнемі бақылап отыру қажет  екендігін айтты. Ал, мердігерлерге жөндеу жұ-мыстарын жоспарланған уақытында  аяқтауды тапсырды.

Айбек Кәрімов жұмыс сапары соңында журналистер тобына сұхбат беріп, өзі аралап шыққан нысандар мен көшелердің жағдайы туралы сөз етті.

— Жоспар бойынша қала көшелерінің жөндеу жұмыстары басталды. Биылғы жылы жөндеу жұмыстарына 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Әсіресе, көлік қозғалысы көп болатын Аймауытов, Морозов көшелерін жөндеуді алдыңғы қатарға қойып отырмыз. Өткен жылы Байсейітов пен Герцен сияқты бірқатар көшелердің жөнделгенінен хабардарсыздар.  Ал, қала тұрғындары көбірек шоғырланатындықтан, халықтың жүріп-тұруына жағдай жасайық деп биылғы     жылға біршама көшелерді жөндеуді жоспарлап отырмыз. Жөндеу  жұмыстарының тезірек аяқталуын да жіті қадағалауда ұстайтын боламыз, — дей келе, — жаңа ауруханаға баратын Мичурин мен Дальняя көшелерінің жөндеу жұмысына 2 жылға жеткілікті қаржы бөлінді. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары биыл басталмақ. Осының барлығы қаланың бас жоспары бойынша жасалып жатыр. Бас жоспар бойынша анықталып, су ағарлар, содан кейін электр жарықтарының мәселесі де қаралатын  болады, — деді сұхбат барысында қала әкімі.

Айбек Мүталапханұлы, сонымен қатар, Би Боранбай көшесінің жағдайына да тоқталып, тұщымды жауап берді.

– Би Боранбай  көшесі – көлік  қозғалысы ең көп  көшелердің  бірі. Ал, оның күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізуге  арналған  негізгі жобасы бар. Бірақ, ол жоба қазіргі күннің талабына сай келмейді. Өйткені,  ол  көшеде кем дегенде 3 жолақты жол болуы керек. Би Боранбай көшесі өнеркәсіп  орындарына қарай бағытталған, яғни, жүк көліктері көбірек жүретін жол.  Сондықтан, ол көшеге  қалыңдығы 20 см асфальт салынса, 1 жылдан кейін оның түгі қалмайды.  Қазіргі уақытта бұл  көшенің  жобасы  толықтай  қаралып  жатыр.  Әрине,  жүргіншілерге  біраз қолайсыздық туғызатыны анық. Дегенмен,  ол көшеге  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүреді.  Ал, келесі жылы  Би Боранбай көшесі  де Гагарин көшесі сияқты кең болып, онда абаттандыру жұмыстары қатар атқарылатын болады, — деп атап өтті Айбек Мүталапханұлы.

Сондай-ақ, қала  басшысы  сұхбат барысында жедел жәрдем станциясының құрылыс жұмысы мен өткен жылы  пайдалануға берілген жедел медициналық жәрдем ауруханасының жұмысына да тоқталып өтті.

— Жедел жәрдем станциясының құрылыс жұмысы қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын көрдік. Сәтін салса,  жоспар бойынша 2015 жылы ол  ғимарат толықтай іске қосылатын  болады. Аталмыш мекеменің  құрылыс жұмысына  қарастырылған қаржы да уақытымен игерілуде. Сондықтан, ол жұмыс  мезгілінде аяқталуға тиіс.  Ал, өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген   жедел медициналық жәрдем ауруханасының құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігерлермен біраз мәселелердің бар екені рас. Олардың кейбір істері көңілге қонымсыз болып отыр. Сондықтан да, мердігер компанияға арнайы шара қолданып, ауруханадағы тындырылмай қалған барлық жұмыстарды уақытында аяқтап, олқылықтарды орнына келтіруді талап етеміз, — деп атап өтті А.Кәрімов өз сөзінде.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

13 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС