"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ТҰСАУЫ КЕСІЛГЕН» ЖАС ТІЛШІЛЕР

09.05.2014
«ТҰСАУЫ КЕСІЛГЕН» ЖАС ТІЛШІЛЕР
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

95 жылдық тарихы бар байырғы басылым «Семей таңы» газетінің оқырмандары ең көп өңір – Үржар ауданы. Әлеуметі әлді, экономикасы қуатты ауданға басшылыққа келген Серік Зинабек—ұлы Зайнулдиннің «Семей таңы» газетіне деген оң көзқарасының нәтижесінде басылым бұл ауданда кең таралған. Сондай – ақ, «Семей таңы» газетінің 95 жылдығына орай редакция ұжымы бірқатар бастамалар көтеріп, халықпен редакция арасындағы байланысты тереңдете түсуді көздеп отыр еді. Осындай қадамдарға алғышарттардың бірі ретінде әр ауданда газеттің штаттан тыс тілшілер тобын құру жұмысы қолға алынды.

«Семей таңы» газетінің бас редакторы Риза Асанқызы Молдашева басылыммен тығыз әріптестік орнат-қан аудандар өмірін газет беттерінен қарапайым      халықтың көзімен көру мақсатында штаттан тыс тілшілермен тығыз жұмыс жасау туралы қадам бастаған.

Бастама қолдау тапты. Әсіресе, Үржар ауданы бұл тұрғыдан алғанда белсенділік танытып,  журналистика саласына бейімі бар жас қалам иелері газетке өздерінің ойларын, пікірлерін жолдай бастады. Осыған орай жас та болса жігері, жазуға икемі бар оқушыларға газет ұжымы  Үржар ауданында штаттан тыс тілшілер қабылдап, арнайы куәліктер табыс етілді. Бір айта кетерлігі, штаттан тыс тілшілікке қабылданғандардың барлығы да мектеп оқушылары. Мұның өзіндік мәні бар. Үржар ауданының тынысын жастар көзімен көру, жастардың ойымен үндестіру.

Арнайы куәліктер аудан орталығы Үржар ауылынан шыққандар ғана емес, сондай – ақ, Мақаншы, Науалы, Қаратұма сияқты ауылдарда қолына қалам алып, ойын ақ қағазға түсіре білетін, тілшілік дарыны бар мектеп оқушылары таңдалып алынды.

Куәліктер Үржар ауданы әкімінің орынбасары     Қайрат Қақановтың, ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәуле Орынбайқызының, жас тілшілердің және ата – аналарының тікелей қатысуымен табысталды.     Науалы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Дана  Маратова,  Мақаншы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Таңшебер Қайранова, Қаратұма орта мектебінің 8 сынып оқушысы Индира Жүнісқанова, Сейфуллин орта мектебінің 11 сынып оқушысы Шың-ғысхан Саулеханов, Горький орта мектебінің  9  сынып оқушысы Еркежан Досмухамбетовалар «Семей таңы» газетінің Үржар ауданындағы штаттан тыс тілшілері болып, бұдан былай аудан көлеміндегі игі істерді сөз басында атап өткендей жастар көзімен озық ойлы оқырманға жеткізіп тұрмақ.

 

{jcomments on}Үржар ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Қақан-ұлы тарихы тереңде жатқан басылымға штаттан тыс тілшілікке қабылдану абырой, журналистика саласына бір табан жақындау екендігін атап өтті.

 

Тілшілікке қабылданғандар арасынан Шыңғысхан Сәулеханов өзінің болашақта үлкен журналист болып, Тәуелсіз Қазақ елінің дамуына, гүлденуіне өз үлесін осы сала арқылы қосқысы келетіндігін айтты. Сондай – ақ, Шыңғысхан  өзінің келешек таңдау жасап отырғаны мамандығы арқылы бұқарамен тығыз байланыс орнататындығын атап өтті.

Үржар ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәуле Орынбайқызы куәліктің жай тапсырылмағанын, штаттан тыс тілші болса да,оқушы болса да газет ұжымының үлкен сенім артып отырғанына тоқталып, аудан көлеміндегі жастар жағы өткізетін іс – шаралардың тізбегін жазып тұруды тапсырды. Ол үшін        «Семей таңы» газеті де жағдай жасап отырғандығын да Сәуле Орынбайқызы атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

13 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС